Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » 5 санымен таныстыру


5 санымен таныстыру

Тақырыбы: 5 санымен таныстыру

Мақсаты: Балаларды 5 санымен таныстыру. Ойыншықтар арқылы есеп 
шығартып,ойлау кабілетін арттыру,
                 Бірден 5-ке дейінгі сандарды тура және кері санау,
                 Сан қатарындағы алдыңғы және келесі санның орнын білуді үйрету
                 Есте сақтау қабілеттерін дамыту,
Әдіс тәсілдері: сұрақ-жауап, ойын,санамақтар.
Көрнекілік: сандар,ойыншықтар,математикалық плакаттар.
Сабақ барысы:
-Балалар бүгін бізге ерекше күн!
-Бүгін біздің топқа қонаққа апайлар келді,қане орнымыздан тұрып,
Шаттық шеңберінде амандасайық.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз.
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң апайлар,
Қайырлы таң достарым.
-Енді балалар біз оқу- іс әрекетіне көшейік.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі, қыстың соңғы айы.
-Бүгін аптаның нешінші күні?
-4-ші күні,қалай атайды? Бейсенбі.
-Қазір сендерге қандай сабақ?
-Математика.
 
-Өткен сабақта қандай санмен таныстық ?
Дұрыс 4 санымен.
-Кәне кім 4- ке дейін санап береді? 
1-2 балаға санату. 
Есік  қағылады.
Осы кезде Сара апай келеді, қолында сыйлығы бар.
Балалар амандасады.
-Сыйлығын табыстайды.
-Балалар рахмет айтады.
Сыйлықты ашпай үстелге қоямын.
-Балаларға 5 санын көрсетіп, қандай сан екенін сұраймын.
Бәріңде балалар 5 санын жақсы біледі екенсіңдер.
Бүгінгі сабақта осы 5 санымен танысамыз.
-Балаларға 5 – ке дейінгі сандарды көрсете отырып жолақшаға қоямын.
-Енді осы санды кім ретімен санап береді?
1, 2, 3, 4, 5. ( 1 -2 балаға санатамын)
-Балалар кім 5 –ке дейін санамақ айтады?
-Бір үйде біз нешеуміз.
-Кел санайық екеуміз.
-Бас бармақ –атам.
-Балалы үйрек –әжем.
-Ортан терек –әкем.
-Шылдыр шүмек –апам.
-Кішкене бөбек –мен.
-Бір үйде біз нешеуміз?
-Бір үйде біз бесеуміз.
 
-Бір дегенім –бірлік.
Онсыз болмас –тірлік.
-Екі дегенім – еңбек.
Еңбек бәрін – жеңбек.
-Үш дегенім –үлес.
Үлес үшін- күрес.
-4 дегенім – терме.
Тұрған жақсы –ерте.
-5 дегенім – белең.
Сан үйреніп келем.
Өте жақсы балалар, санамақты жақсы біледі екенсіңдер.
-Енді Сара апайдың сыйлығын қарайық, қандай сыйлық әкелді екен.
-Не әкеліпті балалар?
-Қояндар әкеліпті.
-Неше қоян әкеліпті балалар?
-Дұрыс 5 қоян.
 
-Балалар сендер қоян туралы өлең білесіңдер ме?
-Я  (сұр  қоян)
-Ендеше балалар осы өлеңді қимылымен айтып денемізді сергітейік.         
 Ұзын құлақ, сұр қоян.
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен.
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
-Балалар тағы да қоянды санайды.
-Балалар қоян қандай тамақ жейді?
-Дұрыс сәбіз?
Ендеше балалар мен  Гүлмира апайдан сәбіз әкелейін.
Тәрелкімен сәбіз әкелемін.
-Қоянға сәбізді кім таратады?
-Қоянға сәбіз жеттіме?
-Жоқ.
-Кім айтады неше сәбіз жеткен жоқ?
-Бір сәбіз.
-Тағы бір сәбіз әкелем.
-Қоян нешеу балалар?
5-еу.
-Сәбіз нешеу?
5 –еу.
-Сәбіздің түсі қандай?
-Қандай фигураға ұқсайды?
-Үлкен қоян қайсы, кіші қоян қайсы?
Дид. Ойын; «Қай сан жоқ?,  Көршісін ата»
-Балалар қандай санмен таныстық?
Дұрыс 5 санымен.
Мектепке барғанда, сабақты жақсы оқып,қандай баға аласыңдар?
5-деген.
-Қандай ойын ойнадыңдар?
Балаларды мадақтау.
Сабақты бекіту

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сиқырлы жолдар.
«Қыс қызығы »
Я дыбысы мен әрпі.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда логикалық ойын - жаттығуларды пайдалану.
«4 саны мен цифры»
«1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау»
«1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау»
Сиқырлы сандар
3 саны және цифры.
3 көлемінде санау
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 9259 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык