Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Заттың санын цифрмен сәйкестендіру»


«Заттың санын цифрмен сәйкестендіру»

«Заттың  санын  цифрмен  сәйкестендіру»

Тақырыбы: «Заттың  санын  цифрмен  сәйкестендіру»

Мақсаты:

а)  цифр  мен  заттың  санын  сәйкестендіруді   жалғастыру;

ә) мамематикалық  жұмбақтар  шешу;

б) балалардың  зейінін  дамыту;

 Мотивациялық  -  қозғаушылық:   Амандасу

Амансың  ба  алтын  күн!

Амансың  ба  көк  аспан!

Амансың  ба  достарым!

Амансыздарма  қонақтар!

Сабағымызды  бастайық

Жамандықты  тастайық.

 Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет барысы: 

Тәрбиеші:  Жарайсыңдар!  Балалар,  бүгін  біз үшін ерекше сабақ.  Бізге бүгін көп қонақтар келіпті.
- Балалар қазыр  жылдың  қай  мезгілі?
- Көктем.

- Көктем  мезгілінде  неше  ай  бар?

- 3 ай

- Наурыз,  сәуір,  мамыр.

Қызықты сәт.
Ренжіп   Дара  кіреді. 

Тәрбиеші: Дара, сәлеметсің бе, қайдан жүрсің?

Дара: Кеше мен Ботимен ренжісіп үйден шығып кетіп едім, енді  жаңбырға  әбден  жаурап  қалдым, оның үстіне қолшатырымда тесіліп қалды.
Дидактикалық  ойын:  «Тесік қолшатыр»

Тәрбиеші: Балалар,  Дараның  қолшатырын  жөндеп, әдемілеп берейік. Ол үшін стол жанына жақындайық.
Балалар стол жанына жақындап түрлі - түсті қағаздардан жасалған «қолшатырға»  үшбұрыш,  дөңгелек,  төртбұрыш пішінді қағаз қиындыларын жапсырады.
Тәрбиеші: Балалар қандай пішіндер жапсырдыңдар?

Балалар: Үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш.

Дара: Ой, рахмет! Қолшатырым  бүтінделіп, әдеміленіп қалыпты.

Дара: Ой  балалар  мен  жолда  келе  жатып  мына  бір  қорапша  тауып  алдым  ішінде не  бар  екенін  білмеймін.

Тәрбиеші: Қорапшада не бар, көрейік. Балалар, бұл математика ханшайымының қорапшасы екен, мұның ішінде бізге тапсырма берілген екен.

1 - тапсырма: «Математикалық  жұмбақтар»
- Үш  мысықтың  құйрығы  нешеу?

- Қоянның  құйрығы  нешеу?

- Екі  балада  неше құлақ  бар?

- Бес  сиырдың  басы нешеу?

 2 - тапсырма:  

Дидактикалық   ойын  «Цифрды  тап»

Мақсаты:  Балалар   атаған  цифрларды  табады  да,  оны  айналдырып  сызады.

 3 - тапсырма: «Доптарды  жинастыр»

Мақсаты:  цифрларды  айыра  білу  және  дұрыс   атау  машығын  бекіту,  тура  және кері  санауға  жаттықтыру.

 Карточкамен   жұмыс

- Суретте  неше  дөңгелек  бпр?  Оны  қандай  цифрмен  қостыңдар?

- Үшбұрыш  нешеу? Оны  қандай  цифрмен  қостыңдар?

- Сопақша  нешеу?  Оны  қандай  цифрмен  қостыңдар?

- Шаршы  нешеу? Оны  қандай  цифрмен  қостыңдар?

 Сергіту сәті: «Аңқайма,  қайтала»

Қане,  достым,  аңқайма,

Менен  кейін  қайтала.

Барша   қимыл  үш – үштен:

Көзіңді  қыз  үш рет: 1,2,3

Басыңды  еңкей  үш рет: 1,2,3

Иықты  көтер  үш  рет: 1,2,3

Солға – оңға иіл  үш  рет: 1,2,3

Орныңда секір  үш  рет: 1,2,3

Ентігімізді  басамыз  және орнымызға  отырамыз.

 4 – тапсырма:   «Көрші  сандар»

Мақсаты:  цифрларды  қайталау,  балаларға  бір  цифрды  көрсету,  ал  балалар  оның  «Көршілерін»  атайды.

 Математика әлемінің есігі ашылып, алдарынан математика ханшайымы шығады.

Математика ханшайымы: Қош келдіңдер! Сендер менің жіберген тапсырмамды   орындадыңдар.   Көп   нәрсе    білетіндеріңді   мен мына «сиқырлы таяқшам»   арқылы  біліп отырмын.
- Жарайсыңдар  балалар,  бәрің де тапсырманы  орындап,  тамаша  жауап бердіңдер.
Балаларды мадақтау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қ дыбысы және әрпі
Қызықты математика
Ұқсасын тап
«Ғажайып математика»
«1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау»
«1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау»
Математика әлемінде
Сиқырлы сандар
Қызықты тапсырмалар ӨТШТ тапсырмалары бойынша
Әртүрлі дөңгелектер
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 3092 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык