Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 1173 |
|
|
|
Хазрет Сүлеймен хикаялары
Сабақтың тақырыбы: Хазрет Сүлеймен хикаялары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Хазрет Сүлеймен хикаялары мазмұнымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Сынып оқушыларын түгелдеу
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Жаңа сабақ
Бір күні Хазрет Сүлеймен әскері тағымен әуеде келе жатыр еді. Жер бетінде бір құмырсқа пайда болып айқай салды: Менің қарауымдағы бардық құмырсқалар қашыңдар, жерде тік жүрсеңдер опат боласыңдар. Себебі Хазрет Сүлейменнің әскерлері өтеді. Тапталып қалмаңдар. Сүлеймен бұл әуезді есітіп, әуеден жерге түседі. Бір аппақ құмырсқа келіп сәлем берді. Сүлеймен жауап қайтарып атың кім деп сұрады. Құмырсқа «Атым Манзура», - деді. «Құмырсқаларды неге қашырдың? « Манзура айтты: «Сіз баршаға падишасыз, мен де өз жынысыма патшамын. Маған құдай тағала қырық аймақ жер берді. Әр аймақта қырық мың бөлініс, әр бөліністе қырық мың илеу бар. Барлығының патшасы - мен. Сіздің әскеріңіздің аяғына тапталса, обалы маған болады». Хазрет Сүлеймен айтты: «Барлығын қашырып, өзің неге қашпадың?» Манзура айтты: «Мен олардың мықтысымын, ұлықтар қарауындағыларға өте мейірбан болуға тиіс. Үлкендер өздерін бәлеге қарсы қойып, кішілерді азат етсе жақсы.»
Концептуалдық кесте
Кейіпкер Өмірге қызығушылығы Адамгершілік қасиеті Берілетін баға
Хазрет Сүлеймен
Құмырсқа Жоғары. Туған жерін барынша қорғайды. Жоғары.
РАФТ әдісімен оқушыларға хат жазуға тапсырма беремін.
Р – рол (оқушы аты-жөні)
А – аудитория (Мәлік Хасан)
Ф – форма (хат)
Т – тақырып (ризашылық, өкініш)
Шығарма құрылысына сатылай кешенді талдау жасау.
Тақырып.
Жанр.
Идея.
Кейіпкерлер.
Образ. Геройлық образ
Композициялық құрылым.
Басталуы.
Дамуы.
Әдеби-теориялық ұғымдар.
Түсіндірме сөздік
ІV Сабақты пысықтау
V Сабақты қорытындылау
VІ Үйге тапсырма: мақал-мәтелдерді жаттау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |