Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 2061 |
|
|
|
Құтып. «Хұсрау-Шырындағы» мақал-мәтелдер
Сабақтың тақырыбы: Құтып. «Хұсрау-Шырындағы» мақал-мәтелдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Хұсрау-Шырын» дастанымен және ондағы мақал-мәтелдермен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Сынып оқушыларын түгелдеу
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Жаңа сабақ
«Хұсрау Шырын» жазба ескерткішінің түп нұсқасы Тінібек шаһзаданың тұсында 1341-42 жылдары жазылған. Авторы – Құтып. Бұл түпнұсқа Париждің ұлттық кітапханасында сақатаулы. Дастанның бізге келіп жеткен бір ғана көшірмесі бар. «Хұсрау-Шырын» дастаны – негізінде әзірбайжан халқының ұлы ақыны Низамидің парсы тілінде жазылған «Хусрау уа Ширин» деп аталатын поэмасынан жасалған еркін аударма. Бірақ Құтыптың бұл дастаны Низамиден түркі тіліне жолма-жол, сөзбе-сөз аударылмаған. Низамидің композициясы мен сюжетін толық сақтай отырып, еркін және шығармашылық жолмен, өз елінің өмір жолына сәйкестеп, өз халқының түсінігі мен дағды-дәстүріне лайықтап барып жасалған аударма.
«Хұсрау-Шырындағы» мақал-мәтелдер
Көгершін ұшса үйренген жерінен,
Есен болса, келер сағынып ұясын.
Асыққан тез арыр, жүгіріп жол алмас,
Ақырын жүрген күнді-түні жүрсе де талмас.
Тұзы аз болса астың татымы болмас.
Кілеміңе қара көсіл аяқты,
Жоқ болса, жерсің аңсызда табақты.
Мың болса да, достарыңды аз деп біл,
Біреу болса да дұшпаның, одан сақтан.
Арыстан түлкілік қылса жараспас.
Сөз сөйлесең, байқап сөйле.
Көңілде жасыр сырыңды, елге жайма.
«Мағынасын ашу»
«Хұсрау-Шырындағы» мақал-мәтелдер
Менің түсінігім
V Сабақты пысықтау
1. Хұсрау Шырын» жазба ескерткішінің түп нұсқасы қай кезде жазылған ?
2. Дастанды кім аударған?
V Сабақты қорытындылау
VІ Үйге тапсырма: мақал-мәтелдерді жаттау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |