Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сүлеймен Бақырғани. Құтты білік


Сүлеймен Бақырғани. Құтты білік

Сабақтың тақырыбы: Сүлеймен Бақырғани. Құтты білік

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сүлеймен Бақырғанидің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу 
2. Сынып оқушыларын түгелдеу
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
1.Деңгейлік тапсырмалар
2.Тест жұмысы
ІІІ Жаңа сабақ
  Сүлеймен Бақырғанидің лақап аты – Хакім ата, 1186 жылы қайтыс болған, түркістандық ақын. Ол Ахмет Иассуидің жолын қуған мүриті болған. Ұстазының үлгісімен діни мазмұнда өлең кітбын жазған. Кітапта сопылық дәстүр дәріптеледі. Адамгершілік, ғашықтық, білім, тағы да басқа жайында дидактикалық өсиет өлеңдер бар. Діни аңыздардың желісіне сюжетті өлеңдер жазған. Сөйтіп түркі әдебиетінде кең өріс алып, қазақтың кейінгі қиссашыл ақындарының шығармашылығында дамытылған нәзирашылдық әдістің алғашқы бастаушыларына жол алған. Оның басты және көпке танымал "Ақырзаман", "Бақырғани кітабы" еңбектерінде эстетика, этика, тазару, адам жанының үндестігі (гармония) мәселелеріне көңіл бөлінеді. Оның ойынша, мәңгілік әдемілік — Құдай. Алла — таза абсолюттік болмыс. Алла төрт бірліктен (от, су, жер, ауа) құралатын төрт тарап дүниені жаратты. Сосын өсімдіктерді, жәндіктерді, жан-жануарларды, оларға әмірін жүргізуші төрт мүшеден (аяқ, қол, бас, дене) түратын адамдарды дүниеге келтірді. Бақырғани пікірінше, қүдайдың сұлулығын пәни жалған пендесі танып-біле алмайды. Өйткені қарапайым адам мен Алла тағала арасында көзге көрінбейтін "перде" ілінген. Аталмыш "пердені" ысырып, құдайды танып-біліп, дидарына тәнті болғысы келген адам, ең алдымен, сопылық жолға түсіп, оның негізгі сатыларынан (шариғат, тарихат, хақиқат, мағрипат) өтуі қажет. Нәтижесінде "ішкі көзі" ашылып, рухани тазарған адам Аллаға бір табан жақын болады. Құдайды ақыл емес, оған деген махаббат арқылы танып-білуге болады. Махаббат — жоғары сезім. "Құдайды не үшін сүюге болады?" деген сұраққа Қасиетті Алла кітабының 61-аятымен жауап береді. Құдай сұлулығы — оның рақымшылдығында, кешірімділігінде, пенделеріне жасайтын шексіз жақсылығында. Жақсылығы өзі жаратқан пенделеріне деген махаббатында. Тек жаны жомарт, сабырлы, білімді адам ғана Құдайға жақын тұра алады. Алла адам мен оның жүрегінің ортасында. Бір кездері адамдар оның қол астына жиналады. Табиғат пен адамзат заңдары бір-бірімен байланысты. Адам өзін-өзі танып-білу арқылы ғана Құдайды тануы мүмкін. Менмендік, сараңдық, қызғаншақтық, көрсеқызарлық, ұрыс-керістен тазарған адам ғана толық рухани азаттық алмақ. Сопылыққа барар жол соқпақты. Қиындығынан қорықпай, белді бекем буғандарға алғы шарт — өзіне ұстаз белгілеп алу. Тарихат сатыларынан өтіп, кемелденген шәкірт дәрежесіне жеткенше, ұстазының қолында тәрбие көріп, білім алмақ. Ол үшін шәкірт бірнеше сатылардан өтеді. Тарихат деп аталатын бірінші сатыда ол толығымен тазарады. Ал екінші сатыда шәкірт біреу жайында жаман нәрсе айтпақ түгіл, сынай да алмайды. Үшінші сатыда жас сопы жан тыныштығына енеді. Адам әрқашан да кімге көмек қажет болса, соған көмектесуі керек. Бесінші сатыда адам жаны қанаттанады. Мұнда сопы Алла дидарын тамашалай алады.
Шығармасының соңында Сүлеймен Бақырғани әдемілікті 3 түрге бөлген: 1. Абсолютті өзгермейтін Алла сұлулығы; 2. Жаратылыс сұлулығы немесе Құдай сұлулығының шағылысып түскен жердегі көрінісі; 3. Рухани сұлулық. Адам жерге Алла арқылы рухани сұлулыққа жету үшін жіберілген. Философияның түсінігінше, шынайы өмірдің негізін адамгершілік, демократия, әлеуметтік әдемілік қүрайды. Міне, осы ойлардың бәрі сопылық ілімнен бастау алып жатыр. Дәлірек айтқанда, өз ұстазы Қожа Ахмет Йассауи көзқарасын ұстанып, оны ілгері дамытқаны ақиқат. Діни аңыздар желісінде жырлар жазу арқылы Сүлеймен Бақырғани түркі әдебиетінде ХӀӀӀ-ХӀV ғасырларда кең өріс алған нәзирашылдық (бурыннан белгілі сюжеттерді жаңғыртып жазу) алғашқы бастауларына жол салған еді. С.Бақырғани 82 жасында Түркістанға жақын жерде дүние салды. Оның кітабын 1897 ж. Е.А.Малов "История общества археологии, истории, этнографии" (XIV том) деген еңбегінде басып шығарды
Бақырғани кітабынан
Құдайға құлшылық еткің келсе,
Таңсәріде тұруды әдет қыл.
Таңсәріде тұрмай ісің бітпейді.
Құдайдың құлы мақсатына жетпейді.
Сәрі ұйқысы пайда бермейді.
Таңсәріде тұруды әдет қыл.
Таңсәріде тұру –  ғибадат.
Таңсәріде тұру –  бақыт.
Таңсәріде тұру –  сүйіспеншілікке ие болу.

Жан-тәніммен жинадым
Бұл дүниеде мал-мүлікті.
Ол мал-мүліктің ақыр соңы
Ойран екенін білмедім.
Жиһаз, тағам ідедім,
Сауық сайран, жан тыныштық жолында.
Әттең, бұл істердің бәрі 
 Шектеулі екенін білмедім.

ІV Сабақты пысықтау
1.  Сүлеймен Бақырғани кім?
2. Өлеңдерінде қанда ойлар айтылған?
3. Сопылық хикметтердің қандай тірбиелік мәні бар?
VІ Үйге тапсырма: Үзінді жаттау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қорқыт ата кітабы
Ислам дәуіріндегі әдебиет
Әбу Насыр әл-Фараби өлеңдері
«Даналық кітабындағы» сопылық хикметтер
Сүлеймен Бақырғани. Құтты білік
Кодекс Куманикус
Хазрет Сүлеймен хикаялары
Хорезми. Махаббатнама
Хұсам Кәтиб Жұмжұма сұлтан
Хазрет Сүлеймен хикаялары
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3281 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык