Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қорқыт ата


Қорқыт ата

Сабақтың тақырыбы: Қорқыт ата

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қорқыт шешендігі туралы мәлімет беру. Нақыл сөздерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: бүктеме, суреттер, «Қорқыт ата»
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу 
2. Сынып оқушыларын түгелдеу
3. Сабаққа назарын аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Жаңа сабақ
  Қорқыт шешендігі арнайы зерттелмесе де, қазақ шешендік өнерінің тарихын бес кезеңге бөлген Б.Адамбаев Қорқытты Майқы би мен Аяз биге қосып, қазақ шешендік өнерінің бірінші кезеңіне жатқызады. Қорқыт, зерттеушілер пікірінше, оғыз-қыпшақтардың Баят-қият руынан шығып, VІІІ- ІХ ғасырларда өмір сүрген. Түрік ғалымы Константин Богародный Қорқытты ІХ ғасырда Дон бойындағы пешенелердің көсемі болған дейді. М.Қашқари пешенелерді оғыздардың бір тайпасы ретінде көрсетсе, енді біреулер оларды Дон қыпшақтардың бір бұтағы деп біледі. 
   Қорқыт Сырдария өлкесін қоныс еткен оғыз-қыпшақ тайпаларының ортасынан шыққан данышпан философ, ақылшы батагөй, асқан ақын, сәуегей шешен кісі болған. Шоқн Қорқытты «Бірінші бақсы, қазақтарды қобыз тартуға, сарын айтуға үйретті,» - деп жазды. Ш.уәлихановтың суреттеуінше, бақсы – тылсым дарыған білгіш, өзі ақын, өзі музыкант, ол болашақты болжайды әрі дәрігер болады.
Бақсы деген сөз – түрікмен тілінде ақын, моңғол тілінд – үйретуші. Қорқыт туралы айтылған қазақ аңызарында Қорқыт халықтың кемеңгер ұстазы, кеңес беретін данасы, тарихи дәуірдегі асқан жырау, қазақтың күйшілерінің ұлы атасы.
Қорқыт айтты дейтін сәуегейлік сөздер қазіргі қазақ мақалдарының түпкі негізі болып табылады.
Қорқыттың нақыл сөздері                                               Қазақ мақал-мәтелдері
Күлді қанша үйгенмен, төбе болмас.
Ежелгі жау ел болмас.
Ат қиналмай жол болмас.
Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас.
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,
Атадан тағылым алмаған ұл жаман.
Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ.
ІV Сабақты пысықтау
Қорқыт нақыл сөздері мен қазіргі мақал-мәтелдердің ұқсастығы бар ма?
V Сабақты қорытындылау
VІ Үйге тапсырма: Қорқыттың нақыл сөздерін оқу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қорқыт ата
"Қасиетті Қорқыт баба" сахналық қойылым
Музыка және қолданбалы өнер Қазақтың атақты әнші - күйшілері
Қорқыт ата кітабы
Оғыз қаған жыры
Оғыз қаған жыры
Тоныкөк
Қорқыттың нақыл сөздері
Әбу Насыр әл-Фараби
Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 4947 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык