Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қорқыт ата кітабы


Қорқыт ата кітабы

Сабақтың тақырыбы: Қорқыт ата кітабы

Сабақтың мақсаты. 
1.Білімділік: Оқушыларға Қорқыттың өмірі мен творчествосын таныстыру
2.Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын жетілдіру , балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.
   3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге,елін сүюге тәрбиелеу Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дидактикалық материалдар,  т.б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу
Оқушыларды түгелдеу
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.Қобыз атасы, композитор, жыршы, ақын, музыкант, бақсылардың қамқоршысы. "Қорқыт ата кітабы" әдеби ескерткіштерінен ІХ-Х ғасырларда билік құрған оғыз тайпасынан шыққандығын білуге болады. Оны Ш.Ш.Уәлиханов қазақтың алғашқы шаманы, алғашқы ақыны деп атайды. Қорқыт жайындағы аңыз әңгімелер Ә.Науаи арқылы белгілі болып, түркі халықтары, әсіресе қазақтар арасында кең тарады.Аңыздарда Қорқыт Қырмаш пен "жарық жүзді сұлудан" туылған делінеді. Оның есімінің өзінде магиялық мән бар. Уәлихановтық-потаниндік түсіндірме "қорқыт" сөзі — адамзат тұрмысының жағдайын көрсететін "қорқыту" сөзінен шыққан деп түсіндіреді. Өлімнен қорқу мен одан қашу — шаман халық аңыздарының жемісі.Аңыздарда Қорқыт қобыз жасаған. Ол қобыздың музыкалық дыбысталуынан үшкіру, ауа, сиқыр өткізген.Қорқыттың пайымдауынша, адамдар адамилық қасиеттерін сақтап қалу керек. Адам үшін ең қауіптісі — адамилықты жоғалту. "Қонақ келмес үйдің қирағаны жақсы, жылқы жемес шөртің шықпағаны жақсы, адам ішпес ащы судың ағысты жылғаларды кумағаны жақсы, атаның атын былғайтын ақылсыз ұлдың тумағаны жақсы". "Адам қанша қажетсінгенмен, ол өз үлесінен артық жей алмайды". Сол аңыздарда Қорқыт жер-жаһанды кезіп, "басқа елден әркімге өз елінде жақсы" деген ой түйіндегенін байқауға болады. Оның айнымас досы сиқырлы Желмаясы болды."Қорқыт ата кітабы" — кейіннен түркі халқының құрамына қосылған оғыз тайпасының эпикалық жазба ескерткіші, Кітап оғыздардың өмірі жайында баяндайды. Оғыз — қыпшақ тайпаларына ортақ тілде жазылған. Кітаптың араб әрпімен жазылған екі нұсқасы саққалған (Дрезден, Ватикан). Әр жырдың өзіндік сюжеті бар. Олардың әрбіріңде көріпкел, тайпа көсемі, ақылгөй Қорқыт ата бейнесі берілген. Әрбір жырдың соңы Қорқыт атаны мақтаумен аяқталады. Кітап ақыл-өсиет,мақал-мәтел, нақыл, шешеңцік сөздерге толы.Ондағы оқиғалар Сыр бойында, Орта Азия, Кавказ жерлеріңде өтеді. Одан кең даланы мекендеген рулардың кұралу, ыдырау тарихы аңғарылады. Бамсы-Байрақ жыры Алпамыспен ұқсас болса, Үсүн қожа — қазақтың үйсін тайпасының атасы. Қорқыт ата жайындағы аңыздар қазақ, қырғыз және т.б. түркі халықтарының арасында сақталған.

ІV. Cабақты меңгерту
Сатылай комплексті талдау 

                                                           Туған жылы
                                                      Туған жері
                                                      Күйлері
                                                Жырлары
                                             Қайтыс болған уақыты                                      

V. Сабақты қорытындылау.   
Ой толғау «Қорқыт ата өлімнен қашып құтыла алды ма?
   VІ. Үйге тапсырма беру        .
Мазмұнын айту
VІІ. Бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қорқыт ата
"Қасиетті Қорқыт баба" сахналық қойылым
Музыка және қолданбалы өнер Қазақтың атақты әнші - күйшілері
Оғыз қаған жыры
Оғыз қаған жыры
Сүлейменов Арғымақ, Қыз қуу, Махамбетке
Айбергенов, Ана, Аруана – бауыр дүние
Түрік қағанаты дәуіріндегі әдебиет
Қорқыт ата
Қорқыттың нақыл сөздері
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 4650 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык