Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ұстаз шәкіртімен әйгілі


Ұстаз шәкіртімен әйгілі

Ұстаз шәкіртімен әйгілі

«Ұстаз шәкіртімен әйгілі» -деген ұстаздың ұлылығын білдіретін ұғым. Ұстаз еңбегіне берілген үлкен баға. Досмағамбетова Арайлымның педагогикалық қызметінің мәні  оқушыларына жан-жақты бүгінгі күн талабына сай білім беру. Құндылығы сол ұстаз деген ұлы есімге кір келтірмей өз қызметін адал еңбегімен атқарып, жемісін көріп жүрген мұғалім. Шәкірттерінің білімді, адамгершілігі мол, саналы азамат болып, шығуы үшін бар тәжірибесімен мен еңбегін арнайды.
Мектептегі басты тұлға мұғалім десек, алған біліммен, тәжірибелік қазынасын туған еліне, адамзат игілігіне жұмсай алатын, ой-танымның иесі саналы азаматты жетілдіруге үлес қосу оның құндылықтарының ең бастысы болмақ.
Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жәй ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» - деген болатын. Арайлым үнемі іздену үстінде өз білімін жетілдіріп, білім жағынан бәсекеге қабілетті шәкірт дайындауды басты назарда ұстайды. 
Досмағамбетова Арайлымның мақсаты: оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету. Мақсатқа жету оқушылардың өзі арқылы жүзеге асады. Мұғалім – ұйымдастырушы, бағыт беруші. 
Сапалы білім негізі – жан-жақты ақпараттық материал¬дар¬ды, көрнекі құралдар мен ұтым¬ды технологияларды, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба ал¬майтын білім беру. Өйткені, тек оқулықтағы білімді жеткізуші мұ¬ғалімнің құны жоқ деп ой¬лай¬мын. Оқулықтағыны оқушы өзі де оқып алады.
Сондықтан бүгін білім бе¬ру¬дің сапалы болуы үшін: біріншіден, ұстаздың жан-жақты ака¬демиялық білімінің бо¬луы, екіншіден, мұғалімнің өз ма¬ман¬ды¬ғы-на деген шынайы сүй¬іс¬пенші¬лігінің және ешқан¬дай дипломмен бірге берілмейтін шығар¬машылық қабілеті, балаға деген кіршіксіз адамгершілік қа-сиет¬тері болуы шарт.
Иә, қазір жаңа типті мектептер салынып, пайдалануға беріліп жатыр. Дарынды балалармен жұ¬¬мыс бағдарламасы жүзеге асу үс¬тінде. Жастарды шетелдерде оқы¬¬¬туға мүмкіндік алдық. Жаңа буын оқулықтар, электронды оқу-лық¬тар білім беру ісіне ене бастады.
Осындай жаңа даму үрдісі ал¬ға басып отырғанда Елбасы Н.Назарбаев: «Болашақта еңбек ет¬іп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұс¬тазға жүктелетін міндет ауыр» – деген еді. Біз осы сөзге сай болуымыз керек.
 
Мектеп директорының 
Бейіндік жөніндегі орынбасары: ___________Р.Қ. Садақбаева

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшеліктері
Жас ұстаз – 2015 байқауы
Эссе
Ұстаз болу- жүректің батырлығы
Ұстаз болу- жүректің батырлығы
кәсіби шыңдалу-ұстаз міндеті
Инновациялық әдіс –білімді ұрпақ кепілі
Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында ШЖМ-де педагогикалық инновациялық технологияларды пайдалану
Математика сабағында деңгейлеп – саралап оқыту
Ұстаз-ұлы тұлға
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2471 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык