Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ұстаз-ұлы тұлға


Ұстаз-ұлы тұлға

Ұстаз-ұлы тұлға

« Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға үйретеді»- Д. Дистерверг

Елімізді дамыған елдердің қатарына көру үшін ұстаздың қосар үлесі өте зор. Ұстаз Отанын, мамандығын, шәкіртін сүйе білетін тұлға. Шәкіртінің биіктен көрінгені, ұстаз үшін қуаныш. Сондықтанда  сапалы білім мен саналы ұрпақ тәрбиелеу ұстаздың басты міндеті. Бүгінгі ұрпақ ертеңгі елдің тұтқасы. Мектеп қабырғасындағы  шәкірт, болашақ елдің іргесін қалайтын тұлға. Еліміз биіктен көріну үшін, алдығы елдердің қатарында болу үшін ұстаз аянбай еңбек ету керек. Қәзіргі таңда технологияның, ғылымның қарыштап дамыған кезеңі болса керек.Сондықтан да мұғалім үнемі ізденісте, заман талабына сай жан-жақты, шығармашыл болуы тиіс. Әрбір өткізген сабақ оқушы үшін жаңалық болғаны дұрыс. Мен үшінші деңгейлі курсты оқи отырып, көптеген әдіс-тәсілдерді үйренген болатынмын. Мектептегі тәжірибе кезіңінде оқушыларыма   жеті модуль бойынша сабақ жүргізе отырып, әрбір өткізген сабақтарымның құрылымы бір-біріне ұсамайтындай етіп, әдіс –тәсілдерді қолдандым. Мұнда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арта түскенін байқадым. Мысалы: Оқыту мен оқудағы  әдіс-тәсілдердің ішінен диалогтік оқыту әдісінде оқушылар бір-бірімен топтасып тапсырма орындаса, онда оқушылардың ойы ортаға сала отырып, әр оқушы өз ойын жүйелей, бір-бірін тыңдауға төзімділікпен қарады. Ал зерттеушілік әңгімеде  оқушылар берілген тапсырма бойынша тақырыпқа сәйкес дәлелдерге сүйене отырып, мұқият жүйелі түрде ойларын баяндаған болатын. Сонымен қатар әңгіме-дебат барысында берілген тапсырма бойынша өз ойларын талқылап, оқушылар арасынан сұрақтар туындап отырды. Оқушылар арасынан үндемейтін, ортаға көп қосылмайтын оқушылардың ашыла бастағанын, сыни ойлау жүйесі қалыптасқанын байқадым. Ұстаз ақыл-ойы мен күш-қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді. Өйткені ол, оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қияға қанат қақтырады. Әрбір өскелең ұрпақтың биіктен көрінуі ұстаз үшін зор қуаныш деп ойлаймын.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жас ұстаз – 2015 байқауы
Ұстаз.
Эссе
Ұстаз болу- жүректің батырлығы
Ұстаз болу- жүректің батырлығы
Ұстаз- мектептің жүрегі
Ұстаз шәкіртімен әйгілі
Ұстаздың ұлы келбеті
«Шығармашыл ұстаз-жаңашыл ұстаз».
Ұстаз - ұлы тұлға
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2619 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык