Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 24216 |
|
|
|
Өзіндік білім көтеру жоспары
Өзіндік білім көтеру жоспары
Білімі: жоғары, 1988 жылы Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтын математика және физика пәні мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады
Квалификациялық категориясы-жоғары; разряд - 14.
Біліктілікті көтеру:
2001–Математикаға оқытудың жаңа технологиясы және мемлекеттік стандарт,48с
2008ж.–«Қиындығы жоғары есептерді шешудің әдістері мен тәсілдері»,36 с
Өзіндік білім көтеру жұмысының тақырыбы:
Мектеп ұжымының тақырыбы: "Заман талабына сай оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту "
Өзіндік білім көтеру тақырыбы: "Математика сабақтарында оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділіктерін арттыру".
Жұмыс 2011 жылы басталды.
Жұмысты 2014 жылы аяқтауға болжам жасалды.
Өзіндік білім көтерудің мақсаттары мен міндеттері:
Негізгі тәрбиелік мақсаты – оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру
Міндеттері:
• Ойын элементтері, стандартты емес сабақтар, факультатив және сыныптан тыс жұмыстар жүргізу арқылы математика пәніне деген танымдық қызығушылығын арттыру.
• Оқушы білімін тексерудің барлық түрлерінде оқушыларға жекелейжәне дифференциалды тапсырмалар беру
• Оқушы білімін тексерудің диагностикасын және мониторингсін жасау.
Педагогикалық іс-әректтің негізгі идеясы :
• Әр оқушыға тұлға ретінде қарау
• Білім мен тәрбие беру;
• Ғылымға құштарлығын арттыру
• Дифференциалданған және жекелей тапсырмалар беру;
• Оқушы мен педагогтың ынтымақтастығын жүзеге асыру;
• Дамыта оқыту теориясын қолдану (Л. В. Занков );
• Танымдық қызығушылығын дамыту теориясын қолдану (И. Гальперина, Щукина ).
Өзіндік білім көтерудің мақсаттары:
• Оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін жетілдіру мақсатында жалпы педагогикалық және психологиялық білімді оқып-үйрену.
• Математикалық білімді тереңдету.
• Педагогика ғылымының жетістіктерін,озат тәжірибені оқып-үйрену.
• Жалпы мәдени деңгейді көтеру.
Іс-шараның тақырыбы мерзімі
1
"Оқушылардың танымдық қызығушылығын және сабақтың тиімділігін арттыру жолдары" тақырыбы бойынша әдебиеттер оқу ӘБ отырысында оқып- үйрену қорытындысы туралы есеп беру (ӘБ жоспары бойынша)
2 Кабинеттің материалдық-техникалық базасын жақсарту . 2014жылға қарай
3 Математика сабақтарында модульдік технологияны және Қараевтің технологиясын қолдану
2012-2013оқу жылы.
4 5-сыныптың математикасына үлестірме материалдар дайындау 2011-2012 оқу жылы
5 Л. В. Занковтың, Давыдовтың,газет-журналдадағы жаңашыл педагогтардың тәжірибесін оқып-үйрену
Кезең ішінде
6 Аудандағы және мектептегі сыныптан тыс шараларға, сондай-ақ физика, математика, география, биология сабақтарына қатысып озат тәжірибені үйрену. Жыл бойы
7 Өзіндік білім көтеру тақырыбы бойынша тәжірибе тарату (Аудандық ӘБ-тегі сараптама есебі) 2014ж
Білім беру процесіндегі бағдарламалық-әдістемелік құралдар жасау:
Іс-шара Мерзімі
1 5-11 сыныптардың математика оқулықтары бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар жасау Оқу жылдары бойынша
2 11-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары оқулығы бойынша сабақ жоспарларын жасау Тамыз-қыркүйек 2012ж
3 Математикадан тақырыптық тест құрау Тамыз-қыркүйек 2013
4 5-сынып математикасы бойынша бақылау жұмыстарын құрау Тамыз-қыркүйек 2011
5 Математиканың негізгі тақырыптары бойынша жаттығу жұмыстарын жасау Жыл бойы
6 «Математика және бизнес» қолданбалы курстың бағдарламасын жасау Тамыз-қыркүйек 2011
7 Авторлық бағдарлама Қиындығы жоғары есептерді шешу тәсілдері» Тамыз-қыркүйек 2012
8 ҰБТ –ді талдау және сараптау парағы бойынша оқушы біліміне диагностика жасау (интернетті пайдалану) Жыл бойы
Әдебиеттер тізімі:
• Журнал "Математика в школе" 2005 - 2013 жылдар
• "Математика және физика" журналы 2009 – 2013ж.
• Интернеттегі әдістемелік материалдар.
• Кітаптар:
"Мастерская учителя", мақалалар жинағы "5 за знания "баспасы, М. 2005 жыл;
"Нестандартные формы внеклассной работы в 7-11 классах", изд. "Учитель - АСТ", Волгоград, 2006 жылы.
Математика 5-11 сынып практикум (Дрофа)
Электронды оқулық11 -сынып
Білімді практикада қолдану
Іс-шара Мерзімі
1 Аудандық ӘБ отырыстарындағы,мектептегі пән бірлестігіндегіндегі баяндамалар,рефераттар, ӘБжоспары бойынша
2 Іс-тәжірибе тарату 2014жыл
3 Тақырып бойынша өзіндік талдау жасау Қаңтар-сәуір2014.
4 Аудандық,аймақтық конкурстарға қатысу
Мектептегі әдістемелік жұмыс жүйесіне қатысу:
• Математикадан олимпиада материалдарын дайындау. Мектепішілік олимпиада өткізу. Қорытындысын шығару.
• Математика пәні бойынша аудандық олимпиадаға қатысатын команданы дайындау.
• Математика апталығын дайындау және өткізу.
• Ашық сабақтар өткізу
Білім көтеруде мұғалімдерге өзара көмек көрсету:
• С.Ж. Ибраев пен Қ.А. Қанапияноваға 2010 жылғы стандарт бойынша 5-9 сыныптардағы математика бағдарламасын пайдалана отырып күнтізбелік жоспар құруға көмектесу.
• Тәжірибе алмасу мақсатында өзара сабаққа қатысу
• Жылына 1-2 рет қиынды бақылау өткізіп, өзара дәптер тексеру.
• Нормативтік құжаттарды оқып-үйрену және оны ӘБ отырыстарында талдау
• Математиканың қиын тарауларын оқып-үйрену
• Электронды оқулықтарды пайдалануда мұғалімдерге көмек көрсету
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |