Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Анатомия және физиология әлеміне саяхат


Анатомия және физиология әлеміне саяхат

Тақырыбы: Анатомия және физиология әлеміне саяхат

Сайыстың  мақсаты:

       Қалыпты организмнің құрылысы мен қызметін зерттейтін барлық медицина ғылымдарының негізін қалайтын пәндер қалыпты анатомия және физиология болып табылады. Бұл пәндерді жеткілікті игеру  оқушының кәсіби маман болуына септігін тигізеді.

     Қалыпты анатомия және физиология сайыс түрінде  өткізе отырып оқушыларды адам организмінің құрылысын,маңызын,қызметін білуге үйрету.

Жүйелердің  орналасатын орнын,латынша атауларын,қалыпты жағдайдағы қызметтерінің көрсеткіштерін  білу.

Сайыс кезінде оқушылардың пәнге  деген  қызығушылығы мен ынтасын арттыру.

Білімділік:   Қалыпты анатомия және физиология бойынша  оқушылар  білімдерін  қорытындылап,бағалау.

Дамытушылық:  Қалыпты анатомия және физиология пәндерін  сайыс түрінде өткізе отырып, оқушылардың  білімін, ұйымдастырушылық қабілетін, ой өрісін,игерген тәжірибелік дағдыларын  нығайту.

Тәжірибелік : Жаңа технологияны  игере отырып,  оқушылардың танымдық қабілетін арттыру.

Сабақтың түрі: Бинарлық

Өткізілетін  уақыты: 60мин.

Оқу   бөлмесі:  412 ауд.

Сайысқа  қатысушылар: 305,306,313  тобының оқушылары.

Пән ішілік байланыс:  «Тіндер», «Ішкі мүшелер туралы ілім».

Пән аралық байланыс: Патологиялық анатомия «Жүрек- қан тамырлар жүйесінің аурулары», «Ас қорыту ағзаларының аурулары», «Тыныс алу ағзаларының аурулары». Патологиялық физиология «Жүрек- қан тамырлар жүйесінің патофизиологиясы», «Ас қорыту ағзаларының патофизиологиясы», «Тыныс алу ағзаларының патофизиологиясы»

Қолданылған оқулықтар: А.Қ.Сәтпаева «Адам физиологиясы», С.А.Георгиева «Физиология»,Г.И.Косицкий «Рук.к прак.занятиям по физиологии»;

А.Рақышев «Адам анатомиясы», Ж.К.Ермахан «Тәнтану»,М.Дайырбекова «Адам анатомиясы»

 

Сабақтың  хронокартасы

І.   Ұйымдастыру кезеңі- 3 мин.

ІІ.  Таныстыру-5 мин.

ІІІ. «Көз жұмбақ»-5 мин.

ІҮ. «Алтын сандық» -  7 мин.

Ү.  «Бәйге»-топ басшыларының пікірсайысы- 5 мин

ҮІ. Тәжірибеңді таныт! - 15 мин

ҮІІ. «Үнсіз суреттер» -5 мин.

ҮІІІ. Көрермендер үлесі -5 мин.

ІХ.  Үй тапсырмасы -10 мин.

Х.   Сайысты қорытындылау-5 мин.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқытушылар аудиторияның сайысқа  дайындығын  тексереді. Сайыстың өткізу маңыздылығын  мәнін  атап өтеді. Сайыстың өту  барысын,  сайысқа  қатысатын  топшаларды таныстырады.

Әділқазылар алқасының мүшелері:әдіскер: Сагнаева Г.Ш.

Топшалардың деңгейін бағалау бақылау парағына белгіленеді.

 

ІІ. Таныстыру-2 балл Әр топша өз-өзін таныстырып,эмблема,ұранын айтады.

     І топша- Systema

    ІІ топша- Жүрек пернелері

ІІІ. «Көз жұмбақ»- әр топшадан екі адамнан шығып,бір-бір адамның көзі таңылады.Көзі таңылған қатысушы алдындағы сүйектер,муляждардың қайсысын ұстаса қасындағы қорғаушысы қолға түскен заттың атын,қысқаша құрылысын латынша аттарымен қосып айтуы тиіс.

ІҮ. «Алтын сандық» - әрбір топшадағы оқушылар қолдарындағы жалауды көтеру арқылы алғашқы болып ойынды бастайды. Экранда қойылған   сандықшалардың біреуін таңдай отырып, жауап беруі керек.Ол ойыншы жауап бере алмаса,екінші көтерген топша жауап береді.Сандықшаның  саны жоғарылаған сайын қойылатын сұрақтар да күрделеніп,қосылатын ұпай саны да көбейеді.

Сұрақ №1 (15 балл)

1.Ми сауытының құрамына не кіреді?

2.Жүрекше  қарыншалар арасындағы  қақпақшаларды маңызы?

Жауабы:

1.Тақ шүйде,жұп шеке, сына тәрізді, маңдай және  торлы сүйектер,

жұп самай сүйектер

2. Оң жақта үш жармалы,сол жақта қос жармалы.

 

Сұрақ №2 (5 балл)

1. Сүйектердің құрылысы?

  Жауабы:

 Жілік,кемік,жалпақ,аралас

 

Сұрақ №3 (5 балл)

1. Жүрек бөлімдері, латынша ата?

 

 Жауабы:  

 Cor.

Оң жақ жүрекше,сол жақ жүрекше,оң жақ қарынша,сол жақ қарынша.

 

Сұрақ №4  (10 балл)

1.Экстросистола деген не?

2.Алғашқы зәр мен соңғы зәрдің айырмашылығы?

 

Жауабы:

1.Жүректің кезектен тыс жиырылуы.

2. Алғашқы несептің көлемі 150-180 л соңғы несептің көлемі 1,5-2 л

соңғы несеп құрамында қант амин қышқылы  альбумин болмайды.

Бірақ белок алмасуы барысында пайда болған заттар көп.Сондай –ақ

соңғы несеп құрамында  қанда және алғашқы несепте жоқ гиппур

қышқылы аммоний тұздары

бар.

 

Сұрақ №5 (15 балл)

1.Қан құрамы?

2.Өкпе қандай қанмен қамтамасыз етеді?

 

Жауабы:

1.Плазмадан және қан клеткаларынан (эритроцит,ликоцит,тромбоцит )    

2.Екі жақтан келеді.1)кіші қан айналым шеңберініңқан тамырлары,тыныс алу қызметінің орындалуын қамтамасыз етеді.2)өкпе тінінің қоректенуі кезде аортасынан таралатын бронхияльды артериядан қорентенеді.

 

Сұрақ №6 (5 балл)

1.Бүйрек қандай қызмет атқарады?

 

Жауабы:

Организмдегі су мөлшерін реттеп және оның құрамындағы тұздар мен қышқылды қалыпты ұстап,қанды сүзіп,организмге қажетсіз заттарды несеп арқылы шығарады.

 

Сұрақ №7(10 балл)

1.Екі өкпенің айырмашылығы?

2.Тахикардия, брадикардия дегеніміз не?

 

Жауабы:

  1. Оң өкпе  сол  өкпеге қарағанда көлемі, әрі біршама қысқа

 және кең.Бұл  біріншіден, көкеттің оң  күмбезінің сол  күмбезінен

жоғары тұруына, екіншіден, жүрек солға  ығысыңқырап орналасып,

 сол  өкпенің енін азайтуына байланысты.

2. Жүрек минутіне 65-80 рет  соғады. Жүрек сирек соғуы

 брадикардия деп, ал  жиілесе тахикардия деп аталады.

 

Сұрақ №8 (5 балл)

1.Тыныс алу кезеңдері?

 

Жауабы:

1.Сыртқы тыныс алу – ауадағы  газдарды  өкпеге әкеліп, өкпеден

 қайтадан атмосфераға шығарып тұру;

2.Өкпе көпіршігіндегі газдар мен қан құрамындағы газдардың алмасуы;

3.Газдардың өкпеден тканьге, тканьнен өкпеге қан  ағынымен 

тасмалдануы;

4.Ткань мен қан  арасында газ алмасу;

5.Ішкі тыныс алу – клетка құрамындағы органикалық заттардың тотығуы

 

Сұрақ №9 (5 балл)

1.Асқорыту ағзаларын ата?

 

Жауабы:

Ауыз қуысы,көмекей,өңеш,асқазан,ащы ішек,тоқ ішек,тік ішек.Жақ асты,тіл асты,шықшыт бездері,бауыр,ұйқы безі.

 

Ү.  «Бәйге»-топ басшыларының пікірсайысы. Ортаға сұрақ тасталады екі топ басшылары өз ойларын айтып,дәлелдеуі қажет.

«Қай жерің ауырса да,салмақ жүрекке түседі»

Сұрақ: НЕГЕ?

 

ҮІ. Тәжірибеңді таныт! Бұл сайыста топ оқушыларының ептілігі, шапшаңдығы ескеріледі.

1.Тыныштық жағдайда және жүктемеден кейін  қан қысымын өлшеу.

2.Тыныштық жағдайда және жүктемеден кейін тамыр соғысын өлшеу.

3.Аускультация.

4.Торокометрия.

5.ЭКГ.

 

ҮІІ. «Үнсіз суреттер». Экраннан әр топқа алдын-ала дайындалған суреттер көрсетіліп,олар суреттелген ағзаны ылғалды препараттан тауып көрсетеді.

ҮІІІ. Көрермендер үлесі. Алдын ала берілген есептерді шығарып,дұрыс жауап берген жанкүйерлер өз үлестерін қалаған топшасына қосады. 1-5 балл

Есеп шығарыңыз:

1. Сұрақ:Қара жұмыс істеген кезде дене еттеріне көп күш түседі,оларға қажет қан мөлшері де арта түседі,осыған орай жүрек соғуы жиілейді,еті де қатты жиырылады,яғни жүрек қызметі күшейеді. Бұл қандай реттелу?

Жауабы: ОЖЖ мен қандағы әсері күшті химиялық заттар (гуморальдық) реттейді.Жүрек қызметінің  орталықтың қатысуымен рефлекс және қан арқылы реттелуі-экстракардиялық,яғни жүректен тыс жолмен реттелу болып саналады.

2. Сұрақ:Егер анасы резус-теріс топқа,әкесі резус-оң топқа жатса бала қай топпен туылуы мүмкін.

Жауабы:Резус- оң бала туылады.Бұл жағдайда ана организмінде антирезус аглютинин өндіріледі.

ІХ.Үй тапсырмасы. Оқушылар үйден видеофильм дайындап,бір-біріне

сұрақ қойып, жауап береді.

Х. Сайысты қорытындылау.5 мин.

Әділқазылар сайыстың өту барысын, топ  оқушылардың  дайындығын бағалап, қорытындылайды.

Әрбір   топшадағы белсене қатысқан  оқушыларды атап өтеді.

Сайысқа   қатысқан екі топшадағы оқушыларға  алғыстарын  білдіріп,  марапаттайды.

Қатысушыға арналған тест сұрақтары:

1

Сабақта мен жұмыс жасадым:

белсенді / енжар
 

2

Өзімнің жетістігіме:
 

қанағаттанамын / қ-баймын
 

3

Сабақ мен үшін:
 

қысқа/ ұзақ
 

4

Сабақ кезінде:

шаршамадым / шаршадым
 

5

Көңіл күйім:
 

көтерілді / түсті
 

6

Қамтылған сұрақтар:
 

түсінікті/түсініксіз
пайдалы/пайдасыз
қызықты/қызықсыз 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ҰБТ-ға дайындық барысында биология пәнінен қолданылатын әдіс – тәсілдер Анатомия курсы
Мөлшерлі жүктемеге дейін және кейін тамырдың соғуын есептеу
Адам ағзасы біртұтас құрылым
Өкпенің құрылысы мен қызметі
Өкпенің құрылысы мен қызметі
Жүрек жұмысы
Қанайналым. Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері
Жүрек – қан тамыр жүйесінің аурулары
Қанайналым. Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері
Ішкі секреция бездері
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 3664 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык