Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Адам ағзасы біртұтас құрылым


Адам ағзасы біртұтас құрылым

Сабақтың тақырыбы: Адам ағзасы біртұтас құрылым

Сабақтың мақсаты:

  1. Адам ағзасындағы мүшелердің қызметі туралы оқушылардың білімін тексеру.
  2. Ойлау, жылдам игеру, шапшаңдық қабілеттерін дамыту, шыңдау.
  3. Зиянды әдеттерден аулақ жүріп, денсаулығын сақтауға тәрбиелеу, алғашқы медициналық көмек көрсете білуге үйрету.

Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар, куб, бинт, шендеуіш, суреттер.

Сабақтың типі: Қорытындылау сабағы

Сабақтың түрі: Ойын сабақ

Сабақ барысы:  І. Ұйымдастыру (1мин)

ІІ. «Ойнаймыз да ойлаймыз» оқушылардың білімін тексеру

  1. «Жеті жұмбақ» ойыны, ұраны: «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл»

Интерактивті тақтада нөмірленген 7 ұяшық орналастырылған. Оқушылар ұяшық таңдап, ондағы сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар әр түрлі ғылым салаларынан.

1)  Анатомия ғылымы:

- Адам миының құрылысы

- Адам жүрегінің бөліктері

- Адам өкпесінің құрылысы

- Бұлшықет ұлпасының түрлері

- Лимфа жүйесі. Иммунитет

 

3) Физиология ғылымы:

 - Ас қорытылу процесі

 - Лейкоциттердің қызметі

 - Эритроциттердің қызметі

 - Мидың рефлекторлық қызметі

 - Жүректің жұмысы

 

5) Невропатология ғылымы:

 - Жүйке жүйесінің бөлімдері

- Шеткі жүйке жүйесі

- Мидың орташа салмағы

- Мидағы ең терең жүлге

- Кене арқылы жұғатын мидың қабынып ауруы

 

2)  Гигиена ғылымы:

 - Тұмау ауруы, оның алдын алу

 - Туберкулез ауруы

- Ішқұрт ауруларынан сақтану жолдары

 - Цитиноз ауруы

 - Тыныс демікпесі ауруы

 

4) Гемотология ғылымы:

 - Қанның құрамы

 - Гемоглобин деген не?

 - Донор, реципиент

 - Қанның неше тобы бар?             - Антиген, антидене деген не?

 

6) Цитология ғылымы:

- Жасушаның сұйықтығы

- Жасушаның орталығы

- Жасушадағы хромосома саны

- Жасуша органоидтарын ата

- Жасушаның тіршілік әрекеттері

 

7) Стоматология ғылымы:

 - Тістің құрылысы қандай?

- Тістің қандай түрлері бар?

- Тіс аурулары қалай пайда болады?

- Тіс кариесін болдырмау, тіс гигиенасы

- Тұрақты, сүт, ақыл тіс

2.  «Сен білесің бе?» ойыны, ұраны: «Әдепсіз өскен баладан, тәртіппен өскен тал жақсы»

Оқушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету туралы сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.

  1. Қаңқа зақымданғанда көрсетілетін алғашқы көмек
  2. Қан кеткенде көрсетілетін алғашқы көмек
  3. Жүрек қысылғанда көрсетілетін алғашқы көмек
  4. Суға кеткенде көрсетілетін алғашқы көмек
  5. Асқа түйілгенде көрсетілетін алғашқы көмек
  6. Кимешек, тасбақа, шырмауықтап байлау, шендеуіш салып таңу

3. «Кім жылдам?» ойыны, ұраны: «Білегіңе сенбе, біліміңе сен»

Тақтада 3сөз жазылған, төртінші сөзді тауып айту керек.

4.Эстафеталық ойын, ұраны: «Шапқан озар, жатқан қалар»

Әр қатарға тест тапсырмасы беріледі, оқушылар эстафеталық ретпен дұрыс нұсқасын белгілеп, соңында жауап кілті бойынша тексеріледі. (А, Б екі нұсқада беріледі)

5.«Орнын тап» ойыны, ұраны: Өнер - ағып тұрған бұлақ, Білім –жанып тұрған шырақ»

Инт. Тақтадағы ретсіз жазылған сөздерді тиісті орындарына орналастыру керек

Мүшелер                                 Қызметтері

Жүрек                                    қанды денеге айдау

Бүйрек                                   зәршығару

Жұлын                                   өткізгіштік, рефлекстік

Өкпе                                       тыныс алу   т.с.с.

6.«Кубизм» ойыны, ұраны: «Біле бер қанша білсең тағы тіле, жетерсің мақсатыңа біле-біле»

Куб фигурасының әр бүйіріндегі лездік сұрақтарға жауап береді

І жақ сұрақтары:

1.Адамның қан айналым жүйесінің орталығы

2. Жүректің сыртқы мөлдір қабығы

3. Жүректен қан алып шығатын ең жуан тамыр

4. Қан айналым жүйесінің қызметі

5. Газ алмасу жүретін тамыр

6. Темекі қан тамырларға әсер ете ме?

7. Қаны ұйымайтын ауру

8. Қаназдық ауруы

9. Оң жақ қарыншадан шығып, сол жақ құлақшаға құю шеңбері

10. Ересек адамның қан қысымы қанша?

ІІ жақ

1.Ұйқы безінің гормоны

2. соматотропин аз бөлінгенде пайда болатын ауру

3. Қалқанша безінің гормоны

4. Тироксин аз бөлінгенде пайда болатын ауру

5. Адамның 7-8 жасына дейін қызмет ететін без

6. Әйел адамның жыныс гормоны

7. Секреция бездері қанға бөлетін биологиялық активті заттар

8. Аралас секреция бездерін ата

9. Айыршық безінің аты

10. Адреналин қай бездің гормоны

ІІІ жақ

1.Жүйке ұлпасының жасушасы

2.Нейронның ұзын өсіндісі

3.Адамның күрделі іс-әрекеті мидың қай бөлігіне байланысты?

4.Ми мен жұлын жалғастырады

5.Жұлынның сыртындағы зат

6.Ми қайда орналасады?

7.Мидың орташа салмағы

8.Жүрек жұмысын қоздыратын шеткі жүйке жүйесі

9.Алкоголь әсерінен адамның іс-әрекеті неге өзгереді?

10.Нейронның қысқа өсіндісі

ІV жақ

1.Тыныс алу жүйесінің орталығы

2.Өкпенің саны қанша?

3.Ауаны жылытатын мүше

4.Шеміршек сақиналарынан тұратын мүше

5.Өкпе мен кеуде қуысының үйкелісін бәсеңдететін сұйық зат

6.Олардың өкпедегі саны 300000

7.Темекі құрамындағы канцерогенді зат

8.Темекінің тамырларға әсері қандай?

9.Шылымқорлар көп ауыратын ауру

10. Адам 1минутта қанша тыныс алады?

V жақ

1.Бір түбірлі тіс

2.Кіші азу тістің саны қанша?

3.Сілекей безі нешеу?

4.Сілекей сөлі нені қорытады?

5.Қарындағы қышқыл

6.Асқорыту жолындағы ең үлкен без

7.Асқорыту жолындағы рудимент мүше

8.Қорек онда толық қорытылып болады

9.Бұл мүшеде қоректік заттар қанға сіңеді

10.Сүт тістерінің саны қанша?

VІ жақ

1.Тірек-қимыл жүйесінің негізгі бөлімдері

2.Бас бұлшықеттері

3.Тірек-қимыл жүйесінің қызметі

4.Сүйек ұлпаның қай түріне жатады?

5.Омыртқалардың өзара байланысының түрі

6.Адамда неше қабырға бар?

7.Йық белдеуін құраушы сүйектер

8.Аяқ сүйектері

9.Сүйектің химиялық құрамы

10.Аяқ-қол бұлшықеттері

6.«Кім көп біледі?» ойыны, ұраны: «Әркімнің өзі шығар биігі бар»

Оқушылардың қосымша материалдары, шығармашылық жұмыстары( өлең, әңгіме т.б)

7.Қорытындылау, бағалау,  ұраны: «Білімнің басы бейнет, соңы зейнет»


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ми. Мидың сұр және ақ заттары, мидың қыртысы және ядролары, мидан шығатын 12 жұп жүйкелер
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлын
Қанайналым жүйесі. Жүректің құрылысы.
Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі
Сүйек типтері және олардың байланысуы. Байламдар созылғанда буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек
Қалқанша маңы бездері, тимус және бүйрек үсті бездері
Мидың құрылысы. Мишық
Ішкі секреция бездері
Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі
Ішек-қарын ауруларының алдын алу
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 6061 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык