Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ішкі секреция бездері


Ішкі секреция бездері

Сабақтың тақырыбы: Ішкі секреция бездері

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Ішкі және сыртқы секреция бездерінің анатомиясы, физиологиясы, бездер бөлетін гормондардың әрекеті, гуморольдық реттелу туралы оқушылардың алған білімдерін тереңдету, тиянақтау.
2. Дамытушылық. Адам организмдегі зат алмасумен өзін-өзі реттеу туралы биологиялық заңдылықтарды өмірмен байланыстыра отырып, оқушылардың ой-өрісін дамыту, танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Денсаулықты сақтау үшін, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жүйелі тамақтану, күн тәртібі мен гигиеналық талаптарға сай дене шынықтыруға тәрбиелеу, жыныстық жетілу туралы айта отырып адамгершілік- жыныстың тәрбие беру.
Сабақтың типі: қорытынды сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Әңгіме, баяндау, салыстыру, кесте толтыру,топпен жұмыс, тестпен жұмыс. 
Көрнекіліктері: суреттер, дидактикалық үлестірме материалдар, кесте.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Негізгі бөлім
«Ішкі секреция бездері»
Адам ағзасы мүшелер жүйесінің үйлесімді қызметі жүйке жүйесі арқылы және гуморольдық жолмен реттеледі және ағзаның біртұтастығын сақтайды. Гуморольдық реттелу ішкі сереция бездерінде түзілетін заттардың әсерінен жүреді. Бұл жағдай адамның бүкіл өмірінде, әсіресе жасөспірім шағында, оның өсуін, дамуын, пісіп-жетілуін, өзін қоршаған ортаға бейімделуін қамтамасыз етеді.
Жабық тест
1. Ішкі секреция бездерін зерттейтін ғылым саласы қалай аталады?(Эндокринология)
2.Гипофиз мидың қанша жүйке талшықтарымен байланысқан?(100 мың жүйке талшығы)
3.Гипофиз өзінен қанша гормон бөледі?(25 гормон,оның алтауы зерттелмеген)
4. Эпифиздің салмағы қанша?(0,2 гр.)
5. Эпифиз неше жасқа дейін өседі?(7 жасқа дейін)
6. Ішкі секреция бездерінің салмағы қанша?(100 гр.)
7. Қандай без залалсыздандыру қызметін атқарады?(тимус)
8. Бүйрек үсті безі қанша гормон бөледі?(28 гормон)
9.Дененің әртүрлі әрекетін реттейтін биологиялық зат қалай аталады?(гормондар)
10.Акромеголия аурулары қандай гормондардың әрекетінен болады?(самотропты өсу гормоны)
 
Оқушыларды 3 топқа бөліп тапсырмалар беру. 
Кластер стратегиясы бойынша топтастыру.
 
 
Ішкі секреция                                                                     сыртқы секреция    
бездері                                                                                    бездері
3 топқа кесте толтырып секреция бездерін салыстыруға беріледі.
 
1. Бүйрек үсті безі, ұйқы бездерінің қызметі
Сұрақтары Бүйрек үсті безі Ұйқы безі
1. Қайда орналасқан?
2. Қандай гормон бөледі, қайда бөледі?
3. Қандай ауру пайда болады?
4. Гормондар әрекеті
 
2. Қалқанша безі мен гипофиздің қызметі.
Сұрақтары Қалқанша  безі Гипофиз
1. Қайда орналасқан?
2. Гормондарының әрекеті
3. Гормондар жетіспеуінің салдары
4. Гормондарының көп бөлінуінің салдары.
 
3. Жыныс бездері
Сұрақтар Ішкі секрециялық қызметі Сыртқы секрециялық қызметі
Ер адамдарда (Е)
Әйелдерде (Ә)
1. Жыныс бездері Е.
Ә. Е.
Ә.
2. Гормондары
3. Қосалқы белгілері
4. Негізгі белгілері
Технологиялық карта
Секреция безі Гормоны Әрекеті
Термин сөздерімен жұмыс
 
І ІІ ІІІ
1. секреция бездері 1. гормондар 1. эндокринология
2. инсулин 2. гуморалдық реттелу 2.ұйқы безі
3. тимозин 3. қантты диобет 3. тимус
4. кретинизм 4. паратгормон 4. гликоген
Семантикалық карта.
Сұрақтары гипофиз Қалқанша без Қалқанша маңы безі Ұйқы безі Бүйрек үсті безі Тимус
1. Сыртқы және ішкі қабаттардан тұрады, салмағы 12гр +
2. Организм клеткалары құрамында көмірсуларды реттейтін гормон бөледі
3. Терінің пигмент клеткаларына әсер етеді, сүт бездерінің жұмысын реттейді
4. Ішкі секреция бездерінің ең негізгі жетекші орталығы
5. Организмнің Са алмасуын реттейтін гормон бөледі
6. Бұл бездің қызметі мөлшерден жоғары болса, базедов дерті ауруына шалдығады.
7. Бездің қызметі нашар болса баланың бойы өспейді, ақыл-есі дамымайды.
8. Организмдегі су, Na, К мөлшерін реттейтін гормон бөледі
9. Жүрек жұмысын күшейтіп қан қысымын реттейтін гормон бөледі.
10. Күрделі құрылысты зат паратгормон бөледі.
11. Жүректің соғуы төмендегенде, оның жұмысын реттейді
12. Оның гормонының бөлінуі нашарласа, организмде су алмасуы бұзылады.
13. Мойынның алдыңғы жағында орналасқан, 2 бөліктен тұрады.
14. Бас миында орналасқан.
 
Сәйкестендіру тесті.
Төменде аталған секреция бездерінің бөлетін гормондары қандай?
1. қалқанша без а. паратгормон 
2. ұйқы безі ә. инсулин
3. қалқанша маңы безі б. меланофор 
4. бүйрек үсті безі в. тироксин
5. гипофиз г. адреналин
 
2. Бездердің қызметі бұзылғанда қандай аурулар пайда болады?
1. меланофор а. кретинизм
2. тироксин ә. ұстама
3. самотропты гормон б. тері секпілі 
4. инсулин в. акромегалия
5. паратгормон г. қант диабеті
 
3. Секреция бездері организмде ненің жұмысын атқарады?
1. ұйқы безі а. иммунитет
2. қанқанша без ә. жүрек жұмысы
3. бүйрек үсті безі б. көмірсулар
4. қалқанша маңы в. йод
5. тимус г. кальций
 
Ішкі секреция бездерінің гормондарының көп бөлінуінен немесе жетіспеуінен адамда пайда болатын аурулар.
 
Аурулар Аурудың белгілері
1. микседема
2. қант диабеті
3. кретинизм
4. акромегалия
5. алыптық, ергежейлік
6. бақшаңкөз
 
Бес жол тұжырымдама
І топ-бүйрек үсті безі
ІІ топ-тимус
ІІІ топ-гипофиз
«Қайсысы артық»
1. Инсулин, адреналин, вазопрессин, тимозин, глицин, окситоцин.
2. микседема, қант диабеті, бақшаңкөз, ұстама, акромегалия, инцефалит.
3. бүйрек үсті, ұйқы, қалқанша маңы, бауыр, жүрек, гипофиз, эпифиз.
Рефлексия.
 Не білдік? Не ұнады?
Үйге тапсырма: қайталау, қосымша материал әкелу.
Бағалау 
Қорытынды сабақты осылай өткізу оқушыларды бір мақсатқа жұмылдыра ынтымақтастыққа баулиды. Оқушылар тапсырмаларды жарыса, белсенді орындағандары материалды ұзақ есте сақтауына ықпал етеді.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
« Білімді мыңды жығар ».
ҰБТ-ға дайындық барысында биология пәнінен қолданылатын әдіс – тәсілдер Анатомия курсы
Адам ағзасы біртұтас құрылым
Адам ағзасындағы жеке мүшелер жүйесі қызметінің үйлесімділігі мен реттелуі Ішкі және сыртқы секреция бездері тарауын пысықтау
Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі
Гуморальдық реттелу
Қалқанша маңы бездері, тимус және бүйрек үсті бездері
Аралас бездер
СТО ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕРІ биология сабақтарында
Ішек-қарын ауруларының алдын алу
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 15772 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык