Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Етістіктің райлары» тақырыбы бойынша


«Етістіктің райлары» тақырыбы бойынша

«Етістіктің райлары» тақырыбы бойынша

1. Шартты райлы етістікті тап.
А) Бір көрсем,арманым болмас еді.        В) Содан кейін мені бір сына.
С) Өзің білесің,біз момақан шаруамыз.
Д) Теңді шештірме,үйге де әбігер болма.
Е) Тамақ жегім келмей тұрғаны.

2. Қай сөйлемде бұйрық рай қолданып тұр?
А) Оның қазақ тілін үйренгісі келеді.     В) Осы сұрақтың жауабын түсіндіріңіздер
С) Менің дәптерімді табыңдар.           Д) Олар үйге ертерек жетсін.
Е) Күн жылы болса,тауға шығамыз.

3.Шартты райлы етістікті тап.
А) Бір түрлі ұйықтағым келіп тұрғаны.        В) Үйге тезірек келсейші
С) Осы сұраққа жауап берсеңіз екен.       Д) Қазір демалыс болса ғой!
Е) Жазсам,бітіріп тастаймын.

4. Қалау райды тап.
А) Тез жазып бітір          В) Бүгін бізге келерсің        С) Үйге ертерек барса игі  еді.
Д) Жазса,тез бітіреді.          Е) Оған айт,үйге тез жетсін.

5. Бұйрық райдың 3-жағын тап.
А) табыңдар          В) түсініңіздер              С) үйренгісі келеді
Д) жетсін                   Е) ұнатты.

6. Үш шақтың бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындыққа қатысты баяндауы райдың қай түріне тән?
А( шартты рай          В) ашық рай          С) ешбірі       Д) қалау рай     Е( бұйрық рай

7. Қалау райлы етістікті тап.
А) толқыса        В) алса игі еді            С) оқысаңыз       Д) айтсаңшы       Е) көрген

8. Қалау райдың қосымша жасалу жолын тап.
А) –ғай,-қай         В) –мақ,-бақ            С) –са,-се          Д) –сын,сін       Е) –ған,қан

9. Шартты райды тап.
А) Қазір әкем келсе ғой!                В) Бүгін үйге келсеңізші.
С) Тезірек жазып болсай.               Д) Келгісі келсе,келсін.
Е) Қап,сонда айтсамшы.
10. Қалау,ниет сияқты ойды білдіретін бұйрық райды тап.
А) Тезірек болсайшы!            В) Кел,балалар,оқылық!
С) Айтып болдыңыз ба?                 Д) Түсте асханаға барайын.
Е) Маған көмектесіңізші.
«Етіс», «Тұйық етістік тақырыптары бойынша»

1. Қай етістің жұрнағы салт етістікті сабақтыға айналдырады?
А) өзгелік           В) өздік       С) ырықсыз       Д) ортақ         Е) ешбірі

2. Бірыңғай етіс жұрнақтарын  тап.
А) –ар,-ып,-ыр         В) –т,-с,-л           С) –а,-е,-й       Д) –ғыз,-ған,-ғалы
Е) –р,-с,-п

3. Қай етісте іс-қимыл өздігінен орындалғандай болады?
А) ортақ       В) өздік        С) өзгелік          Д) ырықсыз          Е) ешбірі

4. Өзгелік етістің жұрнағын тап.
А) –ын,-ін,-н          В) –ыл,-іл,-л         С) –ыс,-іс,-с
Д) –дыр,-гіз,-т             Е) –ған,-ар,-с

5.Емлеге сай жазылған тұйық етістікті тап.
А) тасыу           В) кепу          С) жуу           Д) жайу               Е) суыу

6. Дұрыс жазылған етістікті тап.
А) жуыу         В) байыу         С) кею              Д) сыйу           Е) төку

7. Ырықсыз етіс қатысқан сөйлемді тап.
А) Алғысын жаудырды.            В) Қасиетті туған жерді көркейт.
С) Дұрыс қанаттанған түзу ұшар             Д) Жиналыс өткізілді.
Е) Тайынбаған тауды жығады.

8. Қимылдың атын білдіретін,шақпен,жақпен байланысты болмайтын етістіктің тұлғасын көрсет.
А) Тұйық етістік          В) Сабақты етістік            С) құранды етістік 
Д) Көмекші етістік              Е) Болымды етістік

9. Етіс нені білдіреді?
А) Сөйлеп тұрған сәтке қатысты қимылдың өту кезеңін білдіреді.
В) Іс-әрекеттің орындаушыға,қимыл иесіне қатысын айқындайды.
С) Сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын білдіреді.
Д) Шақпен,жақпен байланысты болмай,қимыл іс-әрекеттің атын білдіреді.
Е) Әрі есім,әрі етістік мәнінде жұмсалатын етістіктің ерекше түрі.

10. Бастауыш қызметіндегі тұйық етістікті тап.
А) Үлкенге—құрмет,кішіге—ізет.          В) Арақты сатпау керек.
С) Темекі шегу денсаулыққа зиян            Д) Нанды жерге тастауға болмайды.
Е) Сауысқанның тамағы шоқуменен табылған.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақ - қонақжай халық. Етістік
Етістіктен өткенді қайталау
Есімшеден өткенді қайталау
Қалау рай
Етістіктен өткенді қайталау
Етістікті қайталау
Сан есім
Қысқаша жұрнақтар мен жалғаулар анықтамалығы
«Етістіктің түрлері» тақырыбы бойынша
Етістіктің рай категориясы
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 12498 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык