Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ


Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

Новокузьминка жалпы білім беру орта мектебі

Тақырып Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

Мақсаты:

  1. Оқушыларды мақал мәтелдердің мағынасын түсінуге, оларды айта білуге үйрету.
  2. Тілдерін ұштау, шешендікке баулу.
  3.  Мемлекеттік тілді қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер. Мақал мәтелдер, Абай афоризмдері, нақыл сөздер.

Формасы: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» телехабарының  желісі бойынша.

Жүру барысы:

Жүргізуші: «Жүздің көркі – көз, ауыз көркі – сөз, сөздің көркі – мақал», - дейді халық. Мақалдар адам тұрмысындағы әр түрлі оқиғаларды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді, ойды ажарлайды. Сондықтан да халық сөздің көркі – мақал деп бағалаған. Ал мақалдар сөздің көркі ғана емес, сонымен бірге халық өмірінің шежіресі.

Бүгінгі өткізгелі отырған «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысымыз телехабардың желісі бойынша жүреді.

Ортаға үш қатысушы шығып, мақал айтудан жарысады. ( Әрбіреуі бес – бестен).

Алғашқы айналым: Жүргізуші мақалдың алғашқы жолын оқиды, әрі қарай ойынға қатысушылар қолдарын көтеріп жалғастырады.

  1. Өнер алды,...(қызыл тіл)
  2. Тіл тас жарады, ...( тас жармаса, бас жарады)
  3. Шебердің қолы отақ, ... (шешеннің тілі ортақ)
  4. Шешеннің тілі, ...( шебердің бізі)
  5. Тіл қылыштан ... (өткір)
  6. Басқа пәле ...( тілден)
  7. Бас кеспек болса да, ... ( тіл кеспек жоқ)
  8. Орақ ауыз, ...(от тілді)
  9. Піл көтермегенді, ...( тіл көтереді)

Кң аз ұпай  алған ойыншы ойыннан шығады.

Екінші айналым  Екі ойыншының біреуі  мақал айтады. Екіншісі соның ішіндегі бір сөзге мақал айтады. Сосын кезектеседі. мүдірген ойыншы жеңіледі.

Жеңімпазға қошамет көрсетіліп, жеңілген ойыншыға ынталандыру сыйлығы тапсырылады.

Көрермендер көрімдігі

Жүргізуші бір сөз айтады көрермен дер сол сөзбен мақал айтады.

Аяқ

Аяқ – азамат,

Қол – мүлік,

Бас – сандық,

Тіл –кілт

Жылан

Жыланның тілі айыр,

Жылан мінезді адамның сөзі айыр.

Жұмбақшылар жарысы

Жүргізуші жұмбақшылар жарысына қатысатың ойыншыларға жұмбақ жасырады.

  1. Үй артында бүкір терек, күресуге кісі керек.  (иін ағаш)
  2. Төрт бала бірін – бірі қуалайды. (Арбаның дөнгелектері)
  3. Кішкене ғана ұлым бар,

Кірген – шыққан сүйеді. ( кесе)

  1. Бойы толған күш,

Табаны толған тіс.

  1. Бесікте тентек бала шырылдайды,

Көтерсен, құлағына сыбырлайды.  (телефон)

  Қалған екі бала біріне – бірі жұмбақ жасырады.

Жұмбақшылар жіңімпазы анықталады.

Көрермендер көрімдігі.

Аузы бейне шалғы орақ,

Шөп емес, бірақ мал орады. (қасқыр)

Жақсы жерде жүреді,

Жаман жерде жатады. (сыпыртқы)

Күндіз толады, түнде солады. (шалбар)

Шөптің арасында жездемнің қамшысы жатыр. (жылан)

Ойынның жеңімпаздары анықталады, оларға ең соңғы тапсырма Қазақстан Республикасының әнұраның орындап берініз.

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тілді сүйсең менше сүй
Барлық білім бастауы Әліппеге рахмет!
1001 мақал 101 жұмбақ
Қазақшаңыз қалай?
Алтыбақан
Мақал-мәтелдер
Мақал-мәтелдер
Ана тілім – асыл қазынам!
Тілім менің – асыл қазынам
Кім көп біледі?
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 4842 | Қосты: Сағындикова Ғалия Қайырбекқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык