Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қосарлама қос сөздер


Қосарлама қос сөздер

Сабақтың тақырыбы Қосарлама қос сөздер

Мақсаты : Қайталама қос сөздерді қайталата отырып, қосарлама қос сөздерді меңгерту ,сауатты жазуға, сөйлемді дұрыс құрай білуге ,қосарлама қос сөздерді пайдалана отырып, дыбыстық талдау жүргізу .

                                        

Сабақтың түрі : Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі : СТО жобасы  бойынша

Пәнаралық байланыс : Әдебиет , математика

Көрнекілігі : Интерактивті тақтадан көрсетілетін слайдты  түсіндірме жұмыстармен тапсырмалар  .

   Күтілетін нәтиже :

  • Оқушы қосарлама қос сөздерді меңгереді;
  •  Мысал келтіріп, оның жасалуын  ажырата алады;
  •  Қосарлама қос сөздерді пайдалан отырып , фонетикалық  талдау жүргізеді ;

 

          Сабақтың барысы

1 Психологиялық дайындық :

Оқушының зейінін аудару , түгендеу.

Оқушыларға өздерінің аты-жөні жазылған   бағалау парағын таратып , толтырылу ережесімен түсіндіру / Әр жауаптары сайын  тапсырмның түріне қарай бөлінген графаға  бір балдан қосып отырады .

 

2 Қызығушылықты ояту :  «Кубизм» стратегиясы бойынша  / Экранда кубиктің қырына сай  сұрақтары шығып отырады./

1- қырының тапсырмасы : Сөз құрамына қарай нешеге бөлінеді?

2- қырының  тапсырмасы : Күрделі сөздердің түрлерін ата

3-қырының тапсырмасы : Қос сөз дегеніміз не?

4-қырының  сұрағы: Қос сөздер нешеге бөлінеді , оларды ата ?

5- қырының сұрағы : Қайталама қос сөз дегеніміз не ?

6- қырының сұрағы : Қайталама қос сөздер қалай жасалады ?

 3 Мағынаны тану

- Экранда жазулы тұрған  өлеңді бір оқушыға оқыту

Арасында құлын-тай

Айнала шауып бұлтылдап

Жоғары-төмен үйрек-қаз

Ұшып тұрса сымпылдап,

Қыз-келіншек үй тігер

 Бұрала басып былқылдап

                      Абай .

  • Кімнің өлеңі ?
  • Осы өлеңде кездесіп тұрған қос сөздерді атайық

 Құлын-тай , жоғары-төмен , үйрек-қаз , қыз-келіншек

/ Осы жерде қайталама қос сөздер мен қосарлама қос сөзді  салыстырмалы түрде жазып ережесін шығару/

 

 Құлын-тай                             көре-көре

Жоғары-төмен                       жарқ- жұрқ

Үйрек-қаз                              Үйді-үйге

Қыз-келіншек                        өз-өзіне

  • Бұл сөздер қалай жасалып тұр ?
  • Неше түбірден қосарланған ?

 ** Екі түбірдің қосарлануы арқылы жасалған қос сөздерді –қосарлама қос сөздер дейміз. / Экраннан  көрсету /

  • Енді қосарлама қос сөздер қалай жасалады ? Оны білу үшін мына экранға көңіл аударамыз

 Елу түйесі , екі жүздей қой –ешкілері тағы бар .

  • Бұл сөйлемдегі қосарлама қос сөздерді көрсет ? / Екі түбірі де бір-біріне мағыналас сөз.
  • Олай болса , қосарлама қос сөздер , мағыналары  бір- біріне жақын/ синоним/ сөздер я қарама-қарсы / антоним /сөздер қосарланады . Мысалы : қысы-жазы, жата-жастана, аға-іні ,ауыл-аймақ , ағайын- туыс.

     Ол үйдің  бала-шағасына дейін тыным таппайды.

  • Бір мағыналары мағыналы , екінші сыңары мағынасыз сөздер  қосарланады.

Мысалы: көйлек-көншек, жүн-жұрқа , қыз-қырғын т/б

 Шаға, жұрқа, көншек, қырғын сияқты сөздерді көне немесе басқа тілден енген сөздер деп атайды .Себебі  бұл сөздер ерте кезде белгілі бір мағынаға ие болып қазіргі кезде ұмытылып кеткен. Мысалы: «Шаға » сөзі «Кішкентай ,қызыл шақа» деген мағынаны берген  т/б  түсінік беріп кету.

 Сандалып келе жатты ақсақ киік

Бір тоқтап , анда-манда есін жиып

 Ақ бөкен сахараның ботагөзі

Атты екен қандай мерген көзін қиып .

                           Сәкен Сейфуллин .

  • Екі сыңарыда мағынасыз сөздер қосарланады . Мысалы : анда-санда, оқта-текте , ығы-жығы, некен-саяқ т/б.

 Мұғалімдерге оқу -әдістемелік құралдар  жіберілді.

  • Кейіңгі кезде қалыптаса бастаған қосарлама қос сөздердің тобы . Олардың сыңарлары  әртүрлі тұлғада кейде бір тұлғада келеді .Мысалы : Оқу-әдістемелік ,мәдени-ағарту ,қазақша-орысша үгіт-насихат т/б .

                    

               Оқулықпен жұмыс / ауызша/

№ 93  / Тізбектей отырып, оқушылар ауызша қосарлама қос сөздердің жасалуын талдайды .

№ 95  / Тақтамен жұмыс /

 Сөз тіркесін жасайды .

  • Ойын-тойдың сәні, көші-қон қамы  т/б .

«Жалғасын тап»  ойыны

 Дос- .......                        Егжей -.......                     .......- Жарақ

Сәлем -.....                     ...........- Насихат             .......-  Сарсаң

.........- келбет               Қант-  ..............                Ығы- ........

                  

            Математикалық талдау

 3 топқа тапсырма

  1-топ : Дос-жаран сөзіне фонетикалық талдау жүргізу

   2- топ: Кескін-келбет сөзіне

 3- топ : Ығы-жығы  сөзіне талдау

                              Ой толғаныс :                 

  1. топ : Қосарлама қос сөздерінің анықтамасын айту, мысал келтіру.
  2.  Топ : Қосарлама қос сөздердің жасалу түрін айт
  3.  Топ : Қосарлама қос сөздердің жасалуына сай мысал келтіру
  4. Үйгетапсырма : №100 , ережелерді  ереже дәптерге түсіру

         Бағалау парағы бойынша топ жетекшілері өз мүшелерінің жинаған балының қорытындысы бойынша журналға түсіру.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қосарлама қос сөздер
Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер
Қос сөздер
Қос сөздер. Қайталама қос сөздер
Қосарлама қос сөздер
Антоним, синоним, омоним
Сөздердің түрлері
Қос сөздер
Қос сөздердің түрлері. Қайталама қос сөздер және қосарлама қос сөздер
Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер.
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 4093 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык