Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Зат есімдерге қосымшалардың жалғануы


Зат есімдерге қосымшалардың жалғануы

Зат есімдерге қосымшалардың жалғануы

қ,к, п дыбыстарына  аяқталатын  зат есімдерге  тәуелдік жалғау  жалғанғанда, бұл дыбыстардың  ұяңдап кететіндігі және  солай жазылатындығы ІІІ жақтағы  тәуелдеулі тұлғасын беру арқылы көрсетіледі: топырағы; ұйымдастырушылық, ұйымдастырушылығы; күрек, күрегі; сап, сабы; ( күректің сабы), талап, талабы; сөз соңындағы  қ, к, п  дыбыстарының өзгермей  жазылатын тұстары да беріледі: тарих, тарихы;цех, цехы; сап, сапы; ( еңбек сабында),тип, типі; микроскоп, микроскопы;
  н дыбысына аяқталатын  зат есімдердің барыс жалғауы тұлғасы беріліп, сол арқылы сөздің дыбысталуындағы  кейінді ықпал заңының  (н дыбысының ң болып айтылуының ) жазуда ескерілмейтіндігі көрсетіледі, мысалы: алақан, алақанға;ән, әнге; қақпан, қақпанға. 
  -ист  жұрнағымен  келген орыс тілінен енген сөздер  мен халық атауларының  көпше тұлғасы көрсетіледі: материалист, материалистер; абхаз,   абхаздар; қырғыз, қырғыздар;    
 Соңғы буындар р, л, й, у үнді дыбыстарынан басталатын сөздердегі қысаң ы, і дыбыстарының  түсіріліп, не түсірілмей жазылатындығы   тәуелдіктің ІІІ жақ тұлғасы арқылы  көрсетіледі: е- рін, ерні; мұ-рын; мұрны; да-уыл, дауылы; қа-уын, қауыны; аға-йын, ағайыны; бе-йім, бейімі; пе-йіл, пейілі; баста-уыш, бастауышы т.б .; ауыл, дауыс сияқты бірен – саран  сөздерге тәуелдік жалғауы жалғанғанда, олардың айтылу ыңғайына қарай ы, і әріптерінің түсіріліп  те, түсірілмей  де  жазылатындығы ескеріледі, олар ауыл аулы және ауылы; дауыс, даусы және дауысы деп көрсетіледі. 
     Орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі  қосымшаларының  жалғануы былайша беріледі: 
а) қазақ тілі қосымшалары жалғанғанда, жазылуы екіұшты  болып келетін  және соңғы буында и, у, ё ( ио )дауыстары бар  сөздердің түрленуі  арнайы көрсетіледі: конус, конусқа, конусы; шахтёр, шахтёрге, шахтёрі;
ә) ог, уг және аль, уль, ель, оид, арь, ерь, ий   дыбыстар тізбегіне  бітетін  сөздерге қазақ тілі  қосымшаларының жалғануы: педагог, педагогке, педагогі; округ, округке, округі; медаль, медальға, медалі; санаторий, санаторийге, санаторийі;
б) нг, ск, кс, нк, кт, нкт, дж, фт, пт, кль, бль, мб, рг, рк, вт, рв, мн, зд, рд, ст  тәрізді дауыссыз дыбыстар тізбегіне, сонымен қатар лл, мм, сс, тт,  сияқты қосарлы дауыссыздарға  аяқталатын  сөздердің қазақ тілі қосымшаларымен өзгеруі көрсетіледі. Мысалы: митинг, митингіге, митингісі; киоск, киоскіге, киоскісі, бокс, бокске, боксі, спектакль, спектакльге, спектаклі; металл, металға, металы; грамм, грамға, грамы; процесс, процеске, процестер;
в) соңғы буында и дыбысы бар сөздердің барыс жалғаулы, ІІІ жақтағы тәуелдік жалғаулы түрі:  абразив, абразивке, абразиві; такси, таксиге, таксиі;
                                                                                                                                               
Шылау сөздердің жазылуы

Шылау сөздер төмендегіше жазылады:
        а) шылаулар,негізінде,бөлек жазылады. Мысалы: сабақтан кейін,жиналысқа дейін; қағаз да, қарындаш та; қалам мен сия; аз ба, көп пе?
       ә) -ақ, -ау, -ай, -мыс, -міс, -ды, -ді сынды шылаулары өздерінен бұрынғы сөздерден дефис(-) арқылы бөлініп жазылады. Мысалы: Сен-ақ, келмейді-ау, әдемісін-ай, барыпты-мыс, шамалы-ақ, көретін-ді;
      б) ма(ме, ба, бе, па, пе) сұраулық шылауы түбір мен қосымша арасында қолданылғанда мы, мі, пы, пі, бы, бі болып өзгерген қалпында бірігіп жазылады. Мысалы: Келемісің?  Айтыппысың?  Сұлтанбысың?


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақ тілінің фонетикасы
Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі
Жалғау
Үндестік заңы
Дауысты дыбыс әріптерінің қолданылуы
Дауыссыз дыбыс әріптерінің қолданылуы
ТҮБІР СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ
БӨЛЕК ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР
Қосымшалардың жазылуы
Дауыссыз қ мен ғ, к мен г.
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2944 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык