Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Шылау



Шылау

а) Ішкі мазмұндары жағынан да, сыртқы формалары  жағынан да, сондай-ақ, қызметтері жағынан  да өздерінің бастапқы шыққан төркінінен біржола қол үзіп, дербестігінен айрылған көмекші сөз.
б) Сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер.


Түрлері 
Жалғаулықтар
Өзара тең, бірыңғай сөздердің, сөз тіркестерінің және бірыңғай сөйлемдердің аралығындағы әр қилы қатынастарды білдіретін көмекші сөз (мен, бен, және, тағы, әрі, да,әлде, біресе, бірде, немесе, мейлі, әйткенмен, сонда да, себебі, демек, яғни, ендеше)

Септеуліктер
Объекті мен объектінің не предикаттың арасындағы түрлі грамматикалық қатынастарды білдіру үшін қолданылып, белгілі бір септік  жалғауын меңгеріп тұратын көмекші сөз (үшін, сайын, туралы, бойы, шамалы, шақты, жайлы, жайында, арқылы, қаралы, ғұрлы, шейін, қарай, таман, бері, кейін, соң, бұрын, бетер) 4 септікті меңгереді:атау, барыс,шығыс,көмектес.


Демеуліктер
Өздері тіркесетін сөздерге әр қилы қосымша реңктер жамайтын көмекші сөздер(ма, ме, ба, бе, па, пе, ше, ау, ай, ақ, қой, ғой, ды, ді, ты, ті, қана, ғана, мыс, түгіл, тұрмақ, екеш )

Еліктеуіш 
Табиғатта ұшырасатын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-біріне қақтығысу – соқтығысуларынан  туатын дыбыстарды, сондай-ақ, жан-жануарлардың дыбысталу мүшелерінен шығатын әр түрлі дыбыстарды есту қабілеті арқылы белгілі бір түсініктер  ретінде қабылдаудан болған және сол түсініктердің атаулары есебінде қалыптасқан сөздер. 

Қимылдық мағынаны білдіретін еліктеуіш сөз
Қалт-құлт, арбаң-ербең
Бейнелеуіш еліктеуіш
Жымың-жымың, далаң-далаң, жалп
Дыбыстық еліктеуіш
Тарс-тұрс, сырт, саңқ

Одағай  
Адамның әр түрлі сезімімен байланысты шығатын дыбыстық ишаратты, мағыналары құбылмалы, ауыспалы, яғни көпмағыналы болатын сөйлемнің басқа мүшелерімен грамматикалық байланысқа түспейтін өзіндік ерекшелігі бар сөз табы. 
Көңіл-күй одағайы
Әттеген-ай, бәрекелді, ойпырмай, түу, әй.
Жекіру, шақыру одағайы
Тәйт, тек, жә, құрау-құрау, шөре-шөре, моһ-моһ, сап-сап, айда.
Тұрмыс – салт одағайы
Қош, қайыр, рахмет, құп, кеш жарық, ассалаумағалейкүм .

Сөз тіркесінің түрлері
Есімді тіркес(мысал)
Алтын қасық, сұлу қыз, ақ орамал

Етістікті тіркес(мысал)
Жақсы сөйлейді,  жоғары көтерілді 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Шылау
Баяндауыш
Еліктеу сөздер. Абайдың табиғат лирикасы
Лексика
Антоним, синоним, омоним
Тұрақты тіркес
Морфология
Сөздердің түрлері
Сөздердің байланысу тәсілдері
«Еліктеу сөз», «Одағай» тақырыптары бойынша
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2168 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык