Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сөз бен мағына


Сөз бен мағына

Сабақтың тақырыбы: Сөз бен мағына

Сабақтың мақсаты:

а) білімдік: сөз бен мағынаның бірлікте қолданылатынын аңғарту, сөздердің де топқа бөлінетін түсіндіру;

ә) дамытушылық: ана тілінде өз ойларын көркем тілде жеткізе білу қабілеттерін дамыту, шығармашылық қабілетін жетілдіру;

б) тәрбиелік: сөздердің табиғатын түсіне отырып, орынды қолдана білуге дағдыландыру, сауаттылық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, пікірлесу

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Көрнекіліктер: кеспе қағаздар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Сәлемдесу, сыныпты түгелдеу

Ә) Сабаққа даярлықтарын тексеру, тіл дамыту

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Оқулықтың 15-бетіндегі сынақ тапсырмасының орындалуын тексеру

ІІІ. аңа сабақ

А) Психологиялық дайындық

Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дара тілім.

 (Ж. Молдағалиев)

Ә) Мағынаны тану

Лексика – белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы. Сөз – зат не құбылыс атауы.

Сөздерді  өз орнына қойыңдар. Сөйлем құрауға бізге қандай тілдік құрал беріліп тұр?

Мөлдір, сулы, айналуы тиіс, Қазақстан, желекті, жасыл, өлкеге.

«Қазақстан мөлдір, сулы, жасыл желекті өлкеге айналуы тиіс.» Н.Назарбаев.

-        Ал олардан сөйлем шығару үшін қандай қасиетіне қарадық?

-        Мағына

-        Мағына – сөздің ішкі мазмұны

-        Алайда тіліміздегі барлық сөздердің мағынасы бар ма?

-        Жоқ

-        Олай болса, тіліміздегі сөздерді де топқа бөледі екенбіз.

Б) Оқулықпен жұмыс

29-жаттығу. Мәтіндегі толық мағыналы сөздер мағынасы толық емес сөздерді бөлек-бөлек теріп жазыңдар.

30-жаттығу. Лексикалық мағынасы бар сөздерді теріп жазыңдар. Жазған сөздеріңнің мағынасын ауызша айтыңдар. Осындағы кейбір дыбыс тіркестерін неліктен сөз деп атауға болмайды? Осы мысалдарға қарап, сөз болу үшін оның қандай белгілері болуы керек деген сұраққа жауап беріңдер.

В) Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс

1-тапсырма: Төмендегі тірек сөздерді пайдаланып, шағын мәтін құраңдар.

Тірек сөздер: Қазақстан, болашақ ұрпақ, ел тізгіні, әлемдік көзқарас, қазақ халқы, тіл мәртебесі.

2-тапсырма: Сөйлемдегі асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жасаңдар.

Адамның ең үлкен бақыты – оның өмір сүрген әр күні.

3-тапсырма: «Менің арманы» тақырыбына шағын әңгіме құраңдар.

ІҮ. Сабақты бекіту.

-        Сөз деген не?

-        Сөздің мағынасы деген не?

-        Тіліміздегі барлық сөздердің мағынасы бар ма?

-        Сөз мағынасының қандай түрлері бар?

-        Мағынасы қарама-қарсы, мағынасы жуық, дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздер.

Ү. Үйге тапсырма.

Абайдың 31-қарасөзін оқу.

ҮІ. Оқушыларды бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сөз және оның мағынасы
Омонимдер
Лексика
Омонимдер
Қазақ тілі дүние жүзіндегі ең бай тілдердің бірі. Лексика. Сөздік және оның түрлері
Сөз мағынасы
Тұрақты тіркес
Лексикадан өткенді қайталау
Сөз және оның мағыналары
Сөз және оның мағыналары.
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 4391 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык