Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 6190 |
|
|
|
Интербелсенді тәсілдерді ойын түрінде тиімді пайдалану арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Интербелсенді тәсілдерді ойын түрінде тиімді пайдалану арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді. Қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі «шығармашыл» адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір дәлелдеп отыр.
Бүгінгі заман талабы білімді, білікті өздігінен тығырықтан шығар жол таба білетін іскер және өмірге икемді адам тәрбиелеуді қажет етіп отырғандықтан мұғалімнің басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін қалыптастыру.
«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйласа, ұстаз шәкіртіне талап сыйлайды» деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын меңзеген. Олай болса, мұғалім әрдайым бала жанының тамыршысы болып, бала жүрегінің пернелерін дәл тауып, оны ойната білуі керек. Сондықтан «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана, шәкірт жанына нұр құя алады» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, мұғалім әрдайым ізденіс үстінде болуы маңызды.
Қазіргі оқу үрдісінде түрлі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі. Жаңа педегогикалық технология ұғымы тың, белгісіз, жаңа оқыту амалдарды іс-әрекеттермен ізденуді, яғни, білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізуі, жаңа ізденістерін оңтайлы пайдалану, сол арқылы жоғары көрсеткіштерге жету деген сөз. Жоғары көрсеткіш білім деңгейін шығармашылық деңгейге жеткізу болып саналады. Бала білімін оқушы деңгейінен шығармашылық деңгейге жетуде В.П.Беспальконың еңбегі бойынша оқушының білімді меңгеру сатысы төмендегі үлгіде былай көрсетуге болады.
Шығармашылық деңгейге жету жолдары оңай емес. Шығармашылық тұлға қалыптастырудың бір жолы – оқушылардың танымдық ізденістерін дамыту.
Конфуций былай деген екен: «Танымның үш жолы бар: ең оңайы – еліктеу, ең ащысы – тәжірибе, ең мәртебелісі- ойлау». СТО бағдарламасы бойынша сабақты өту кезеңдерінің де үш сатысы бар:
1. Қызығушылықты ояту
2. Мағынаны ажырату
3. Ой толғаныс
Ал, оқушылардың танымдық ізденістері сабақ кезеңдерінің үш сатысын тиімді ұйымдастырумен жүзеге аспақ.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін технологияландыруда интербелсенді тәсілдер пайдаланудың маңызы зор. Ол – өнімді білім беру іс-әрекетінде, оқушылардың белсенділігін өз бетінше, топтық, ұжымдық жұмыс істеуінде пайдалы. Ең бастысы, қандай тәсілді сабақтың қай кезеңінде қалай қолдану керектігіне баса назар аудару керек. Төменде сабақ кезеңдерінде интербелсенді тәсілдерді тиімді қолдану үлгісінің кестесін ұсынып отырмын.
Сабақ кезеңдеріндегі қолдануға тиімді интербелсенді
ТӘСІЛДЕР
Сабақ кезеңдері Сабақ кезеңінің негізгі мақсаттары Қолдануға тиімді тәсілдер
Сабақ мақсатын айқындау кезеңі Сабақтың бұл кезеңінде оқушылар сабақ мазмұмынын өздерінің бұрынғы білімдерімен салыстырып, байланыстырады. Оқушының бұл кезеңде басты мақсаты – оқушыларды жаңа білім қабылдауға және игеруге белсенділендіру. Оқушылар тақырып бойынша сұрақтар қалыптастырып, өз мақсаттарын айқындайды. Сабақтың бұл кезеңінде оқушылар «Не білемін?», «Не білгім келеді?», «Жаңа білімнің маған берер пайдасы қандай болмақ?» деген сұрақтарға жауап беруге ұмтылады. Ой-қозғау. Болжау. Оңай және қиын сұрақтар кестесі. Ойлан, жұптас, пікірлес. Алдын-ала берілген атаулар. Үлкен шеңбер.
Жаңа білімді іздену мен зерттеу кезеңі Сабақтың бұл кезеңінде оқытушы оқушыларға білім алудың белсенді тәсәлдерін ұсынып, олардың өздігімен жаңа мәліметті жан-жақты қарастырып, зерттеп, игерілуіне мүдделі. Оқушылар жекелей, жұппен, топпен, жаңа ақпаратпен танысып,ол туралыөзіндік пікір қалыптастырады. Оқушылар бұл кезеңде «Қалайша жаңа білімге үйренемін, түсінемін, игеремін?», «Бұл мәлімет туралы менің ойым, түсінігім, қатысым қандай?» деген сұрақтарға жауап іздейді. Атаулар туралы үш сұрақ. Еркін жазу. Кең ауқымды лекция. Сұрақ қою. Қайтадан сұраққою. Бірін-бірі оқыту. Қол жазба күнделігі. Білемін, білгім келеді, білдім. Белгі қойып оқу. Жигсо. Миға шабуыл. Рөлдік ойындар. Пікір-талас.
Үйренгенді айқындау және бағалау кезеңі Бұл кезеңде оқытушы оқушылардың жаңа мағлұмат бойынша ойланып, ол жөнінде өзара пікір алмасу мен талқылауды ұйымдастырады. Оқушылар осы сабақта білгендері мен үйренгенін тұжырымдайды, олардың қолданысы туралы пікірлесіп, өзінің жаңа біліміне баға береді, оны проблема шешуде қолданады. Бұл кезеңде оқушы «Не білдім, не үйрендім?», «Бұл білім маған не үшін керек?», «Бұл білімнің қолданысы қандай?», «Бұл білімді ары қарай қалай дамытамын, жалғастырамын?» деген сұрақтарға жауап беруі керек. Білемін, білгім келеді, білдім. Дөңгелек үстел. Үш қадамды сұхбат. Пікірталас. Топтық зерттеу. Эссе. Жеңілдетілген анықтама (түсіндірме)
«Интерактив» деген сөз ағылшынның «interact»(«inter» - «өзара», «act» - әрекет ету) деген сөзінен шыққан. Яғни, интеракция – жеке тұлғалардың топтың, жұптың өзара біріккен әрекетте бір-біріне алма кезек әсер етуі. Интерактивті оқыту бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. Интерактивті оқыту 1990 жылдары интернет желісінің дамуымен байланысты пайда болды. Осыған орай, көптеген ғалымдардың түсіндіруінше, интерактивті оқыту компьютер және интернет желісін пайдалану арқылы оқыту дегенге саяды.
Қазіргі білім мен ғылымның түрлі инновациялық технологиялар мен дүниежүзілік интернет жүйесінің дамыған заманында бүкіл әлемде ақпарат ағымының шектен тыс көбеюі байқалуда. Сондықтан ұстаздарға жүктелетін міндет өте ауыр. Сонымен қатар, мұғалім өзінің әрбір ісінде әйтеуір жаңалықты пайдалану осы екен деп, бейберекет пайдаланбай, оқыту мен тәрбиелеуде оның орнын білуі керек. Яғни, ұлттық тәрбиені білім негіздерімен ұштастыра, сабақтастыра отырып баланың жеке қабілеті мен дарынын ояту, шығармашылыққа баулып, танымдық қабілеттерін арттырып, құзіреттілігін қалыптастыру көзделуі тиіс.
Ұстаздық жолымда, оқыту мен тәрбие беру барысында алдыма қойған мақсатым – танымдық, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлғаның құзіреттілігін қалыптастыру, яғни оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіріп, шығармашылыққа жол салу.
Міне, осы мақсатқа жету жолында қазіргі кездегі оқытудың педагогикалық технологияларын меңгеріп, тиімдісін орынды қолданып келемін. Әсіресе «Сорос - Қазақстан» қоры арқылы келген «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының, Қ. Бітібаеваның «Жаңа сабақты меңгерту» технологиясының, В.Шаталовтың «Сызба және белгілер моделі негізінде оқыту» технологиясының маған берген ұтымды жақтары мол.
Педегогикада оқытудың бірнеше моделі ажыратылады: 1) пассивті – оқушы оқытудың «нысанасы» ретінде көрінеді(тыңдайды, қарайды); 2) активті – оқушы оқытудың «субьектісі» ретінде көрінеді (өздік жұмыстарды, шығармашылық тапсырмаларды орындайды); 3) интерактивті – өзара әрекетте болады.
Интербелсенді (интерактивті) оқыту кезінде оқушының істі ұйымдастыра білу қабілеті де көрінеді. Интербелсенді әдістермен сабақ өткізу кезінде мұғалім тек кеңесші, серіктес рөлін атқарады. Мұғалім жаңа біліммен бірге оқушыларды өз беттерінше ізденуге жетелейді. Мұғалім белсенділігі белсенділікті қамтамасыз ететін оңтайлы жағдай тудыру ғана болып қалады.
Сонымен қатар, мұғалім ұйымдастырушы, бақылаушы деңгейінде ғана көрінеді де, оқушы белсенділігі арта түседі.
Өз іс-тәжірибемде ұлттық тәрбиені білім негіздерімен ұштастыру, оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру мақсатында сабақ кезеңдерінде интербелсенді тәсілдерді әр түрлі лингвистикалық ойындар түрінде («Көкпар», «Атажұрт», «Алтын сақа», «Алтын қақпа», «Сөзмерген» т.с.с.) жүргізу арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болатындығын байқадым. Ең бастысы, оқушылардың сабаққа деген көзқарасы, қызығушылықтары, өз ойларын еркін жеткізу дағдылары қалыптаса бастады. Ал өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығы отыратын оқушылар өз ойларын аз да болса жүйелеп, еркін айта бастады.
Оқушының білім деңгейін іс-әрекеттің ең өнімдісі деп саналатын шығармашылық сатыға жету жолындағы тәжірибемді 5-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі аралықта бір сынып оқушыларына жүргіздім.
Мұндағы басты міндетім– оқушының шығарма мазмұны арқылы образдар жүйесі, ондағы көтерілген негізгі жағдаяттармен оқушының сана-сезіміне қозғау салу, бала білімін оқушы деңгейінен шығармашылық деңгейге жетелеу.
Осылай басталған жұмыс сыныптан сыныпқа жалғасып, сонымен қатар сыныптан тыс шаралар арқылы да жүргіздім.
Тәжірибемде оқушыны білім деңгейінің өнімдісі шығармашылық деңгейге бірден емес, сатылай жететінін байқадым. Оқушылар 5-6сыныптарда, яғни оқушы деңгейінен алгоритмдік сатыға мұғалім жетелеуімен алдындағы мақсатқа жететінін, 7-8 сыныптарда өз еңбектерімен жаңа мәлімет, білім алып, эвристикалық деңгейге, ал 9-11 сыныптарда ғана тың мәлімет, терең білім игеріп, шығармащылық деңгейге жететінін байқадым.
Демек, белгілі бір нәтижеге жету үшін мұғалім сабақ жоспарын құру барысында қай жерде, қай тәсілді қолдану жолдарын дұрыс ұйымдастыруы керек.
Бүгінгі таңда «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының маған берген нәтижесі – өз әдіс-тәсілдерімнің дүниеге келуі. Бұл менің ұстаз ретіндегі сын тұрғысынан ойлауымның ең шыңдалған сәті деп ойлаймын.
Қорыта келе айтарым,интербелсенді тәсілдерді ойын түрінде ұйымдастырылған сабақтар оқушының зерттеушілік, шығармашылық ізденістерін, қарапайым нәрседен ой тұтатып, қиял әлеміне шомылып, кез-келген нәрсеге өз ұсынысын еркін жеткізе білетін қабілеттерін дамытып, құзіреттіліктерін қалыптастырады.
Сабақ кезеңдерінде интербелсенді тәсілдерді ойын түрінде қолданудың сапалық нәтижелері:
- берілген ақпаратты қарастыра отырып, ондағы көрсетілмеген жақтарын анықтады;
- үйренген білімді дереу қолдана білді;
- әр тұтас бөлшектердің ішкі құрылысын білу үшін бөліктерге бөліп, оны қайтадан тұтасқа айналдыру қабілеттері артты;
- шығармашылық қабілеттері шыңдалып, өмірмен байланысы күшейді;
- нақты ақпаратты жүйеледі;
- ынта қызығушылықтары, танымдық іс-әрекеттері, ойлау белсенділіктері, тапқырлықтары артты;
- оқушының дербестігі, өз-өзіне сенімі, өзін ұстай білу, өз ойын өзгенің ойымен салыстыру, толықтыру дағдылары , құзіреттіліктері қалыптасты;
- алған білімін өмірде пайдалануға дағдыланды;
- шығармашылық қабілеттері артты.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Ә. Әлметова «Оқытуда интерактивті әдісті қолдану»2003жыл.
2. В.Шаталов «Сызба және белгілер моделі негізінде оқытудың технологиясы»
3. Д.Соростың ашық қоғам институтының «Сорос - Қазақстан» қоры арқылы келген «Оқу мен жазу арқылы сынтұрғысынан ойлауды дамыту»
4. Ж.Қараев «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы.
5. Қ.Бітібаева «Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясы» 2002 жыл.
Пікір.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Бегасилова Гүлжанат 1994 жылдан бері «Монтайтас» жалпы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушы қызметін атқарып келеді. Жоғары білімді, жоғары санатты мұғалім.
Ол өз сабақтарында қарпайымнан күрделіге жету мақсатында, яғни оқушының білім деңгейінің ең өнімдісі деп саналатын шығармашылық сатыға жету жолында, түрлі инновациялық технологияларды жете меңгеріп, тиімдісін сабақтарында ұтымды пайдаланып келеді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін технлологияландыруда мұғалім ұлттық тәрбиені білім негіздеріне ұштастыра отырып, оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту,құзіреттіліктерін қалыптастыру мақсатында сабақтарында интербелсенді тәсілдерді әр түрлі лингвистикалық ойындар түрінде пайдаланып келеді, оны өз баяндамасында толық ашып көрсете білген.
Аннотация.
В докладе рассматривается применение интерактивного метода в ходе изучение казахского языка и литературы с использованием игры. Методы направлены на умение анализировать художественное произведение и развитие творческих способностей учащихся.
Annotation
In this article considered the application of interactive methods of element of game in the process of teaching of Kazakh literature. These methods develop the student ability to analyze the fiction and improve their creative skills
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |