Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Етістік. Етістік түрлері


Етістік. Етістік түрлері

Етістік. Етістік түрлері

Етістік – заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөз табы. Етістік не істеді? не қылды? қайтты? деген сұрақтарға жауап болады. Мысалы: Көп ойласаң, дана боласың, көп ойнасаң, бала боласың.  Көкек көріп қарлығашты, Қиғаш келіп амандасты. Берілген мысалдарды ойласаң, ойнасаң (сен не істесең?), боласын(сен не істейсің?), көріп келіп (көкек не істеп?), амандасты (көкек не істеді?) деген сөздер заттық ұғымдағы сөздердің (сен, көкек, мен) қимылын, іс - әрекетін білдіріп тұр. Мұндай сөздер етістіктер деп аталады. 

Дара етістік пен күрделі етістік.

Етістіктер құрамына қарай дар етістік және күрделі етістік болып екіге бөлінеді.
Бір ғана сөзден тұратын негізгі етістік дара етістік деп аталады. Мысалы: Өнер-білім бар жұрттар тастан сарай салғызды. (Ы.Алтынсарин). Қозының жамырағанын Байторының сақ құлағы бағана сезген.
Бұл сөйлемдердегі салғызды, жамырағанын, сезген деген етістіктер дара етістіктер болып табылады. Өйткені бұлар – бір ғана сөзден тұратын негізгі етістіктер. 
Екі я одан көп сөзден құралып, бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің  бір ғана мүшесі қызметін атқаратын етістіктер  күрделі етістіктер деп аталады. Мысалы: Ауылда қосақтағы қойлар маңырап жатыр екен. (М.Әуезов) Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап  отыр екен. (Ы.Алтынсарин). Берілген сөйлемдердегі маңырап жатыр екен (қойлар қайткен?) жамап  отыр екен (қыз не істеген?) дегендер – күрделі етістіктер.
Әдетте  күрделі етістіктің құрамындағы бірінші етістік негізгі етістік болады да, негізгі мағынаны сол білдіреді, кейінгісі оған көмекші етістік болады. Кейде көмекші етістік біреу емес, бір нешеу болуы да мүмкін.

1. Берілген есім сөздерге жұрнақ жалғап, етістікке айналдырып жазыңдар.
Үлгі: Әшекейле, алаңдау, ...
Әшекей, алаң, амал, ашу, әзіл, әсем, әсер, әрекет, аяқ, айшық, айқын, тамыр, әңгіме, сыр, адал, адым, аз, ажуа, ажар, азық, айбат.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Салт және сабақты етістік.
Дара және күрделі етістік
Етістік
Сабақты етістік пен салт етістік
Баяндауыш
Сабақты етістік пен салт етістік
Етістік
Болымды және болымсыз етістік
Қазақ тілінен тест
Етістіктің жіктелуі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 16963 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык