Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жұрнақ арқылы жасалған жаңа сөздер


Жұрнақ арқылы жасалған жаңа сөздер

Грамматикалық тақырып: Жұрнақ арқылы жасалған жаңа сөздер

Сабақтың мақсаты: 
1.Білімділік: Мәтінге сүйене отырып грамматикалық тақырыпты түсіндіру.Сөздердің морфологиялық жолмен жасалуы туралы түсінік беру. Оқулық, сөздік, қосымша материал бойынша сөйлей алу, жұмыс істеу.Тақырып бойынша сұраққа жүйелі жауап беру, әңгімені тиянақты баяндай білуге үйрету.
2.Дамытушылық:Оқушының тіл байлығын дамыту, тіл мәдениетін қалыптастыру. Білік дағдыны, есте сақтау дағдысын қалыптастыру. Оқушының ойлау қабілетін, ой белсенділігін,әсемділік,сезімталдыққа баулу.
3.Тәрбиелік: Халықтың ауыз әдебиетінен  үлгі алып,елінің саналы азаматы болуына тәрбиелеу.Ұлтжандылыққа, азаматтылыққа, өнерге баулу. Қоғамдық идеялық көзқарасын қалыптастыру. Шәкірттерді рухани құндылықтар арқылы имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа оқу материалын беру сабағы.Кіріктірілген сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру,әңгімелеу,танымдық ойындар,өзіндік жұмыс,оқулықпен жұмыс логикалық сұрақтар қою,деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың жабдығы: Кесте, портреттер, үлестірме қағаздар,видео, слайд, интерактив. тақта, электрондық оқулық.
Сыныппен жұмыс түрі: даралап, ұжымдық 
Жаңа оқыту технологиясы: М.М.Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы».(Деңгейлік тапсырмалар,бағалау парақтары,оқыта-үйрету ойындары) СТО элементтері.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Өздеріннің сабаққа дайындығын балл жүйесімен анықтау. 
-Балалар, сабаққа дайындықтарыңды бақылау үшін 5 баллдық жүйемен өздеріңді бағалаңдар.(Бұл мұғалімге баланың сабаққа  қандай деңгейде дайын екенін көрсетеді)

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.
-Балалар,бүгінгі сабағымыздың грамматикалық тақырыбы:        

Жұрнақ арқылы жасалған жаңа сөздер
(словобразовательные аффиксы)
Түбір сөздерге сөз тудырушы жұрнақтар жалғағанда ,жаңа мағыналы сөздер жасалады.Мысалы:кес+пе,сүз+бе,көр+ме,қаш+па,өр+мек,ек+ін,жең+іс,көр+ме,ақ+та,біл

Сөздік жұмысы.

Бастық-начальник
Басшы-руководитель
Баста-начинай
Көрме-выставка
Көрік-лицо
Сезім-чуства
Сана-считай,разум
Жас-молодой,слезы

Жұрнақтар Мысалдар
1 -шы/-ші образует существительные обозначающие профессию человека Жазу «писать»+шы «писатель»
Етік «сапоги»+ші «сапожник»
2 -лық/лік,
-дық/-дік
-тық/-тік
Образует сущ.,обозначающие отвлеченные понятия Бала «ребенок»+лық «детство»
Дос +тық
Қала+лық,
ауыл+дық
3 -лас/-лес
-дас/-дес
-тас/-тес
Образует сущ.,обозначающие совместное местонахождение или совместное действие
Жер «земля»+лес «земляк»
Сынып «класс»+тас «одноклассник»
Имя «ат»+тас «тезка»
Жол «дорога»+дас «друзья»
Құрбы «друг»+лас «ровесники»

№1 тапсырма.-шы/-ші  жұрнақтарын жалғаңыз,орыс тіліне аударыңыз.
Аң ,әдебиет,би,егін,ем,жұмыс,сату,үгіт,өтірік,қобыз,жүргізу.

№2 тапсырма. –лық/-лік,-дық/-дік,-тық/-тік  жұрнақтарын жалғаңыз,орыс тіліне аударыңыз.
Дос,жазушы,аға,бала,жолдас.

№3 тапсырма.-лас/-лес,-дас/-дес,-тас/-тес жұрнақтарымен зат есім жасап,орыс тіліне аударыңдар.
Қызмет,қалам,ата,жұмыс.

Сабақтың қорытындысы:
-Бүгін қандай сөздерге тоқталдық?
-Жаңа сөздер қалай жасалады екен?
-Қандай жұрнақтарды өттік?

Үй тапсырмасы:Жаңа сөздерді жаттау. Жаңа сөздермен 5 сөйлем жазып келу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Әдеби тіл және оның нормалары
Зат есімнің сөйлемдегі қызметі
Тоғызқұмалақ
Қазақ драма театры. Деректі кино
Сан есімнің зат есіммен байланысы. Дене тазалығы
Есімше туралы түсінік
Қосымша түрлері. Жұрнақ
Сөзжасам
Бірігу арқылы жасалған туынды сөздер
Біздің қала. Біздің ауыл
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 4714 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык