Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Біздің қала. Біздің ауыл


Біздің қала. Біздің ауыл

Сабақтың тақырыбы: Біздің қала. Біздің ауыл

Грамматикалық тақырып: Көмекші есімдер (служебные имена).
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларды өз қаламызбен таныстыру, төл дыбыстары бар сөздерді дұрыс айтуға үйрету; көмекші сөздер туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық: ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру; оқушының дүниетанымын кеңейту, ауызша ойлау мен сөйлесу қабілетін дамыту; сөз тіркесін және сөйлем құрау дағдысын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сөйлесу, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі.
Техникалық құрал: интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: 
I. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2. Амандасу.
3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Психологиялық дайындық:
1. Зат есім дегеніміз не?
2. Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
3. Қазақ тілінеде жалғаудың неше түрі бар?
4. Бір жылда неше ай бар?
5. Бір айда неше күн бар?
6. Бір аптада неше күн бар?
7. Бір тәулікте неше сағат бар?
8. Бүгін нешесі?
 
III. Ой қозғау.
-Балалар, айтыңдарша «қала», «ауыл» деген сөздерді естігенде нені көз алдарыңа елестетесіңдер?
 
IV. Дәптермен жұмыс.
Он алтыншы ақпан.
Сынып жұмысы.
Біздің қала. Біздің ауыл.
Көмекші есімдер.
 
V. Сөздік жұмысы.
әуежай – аэропорт
сауыншы – доярка
саябақ – парк
егінші – пахарь
ғалым – ученый
мұражай – музей
ескерткіш – памятник
 
VI. Оқулықпен жұмыс.
78-бет 1-тапсырма. Мәтіндерді мәнерлеп оқып, орыс тіліне  аударамыз.
 
VII. Венн диаграмма.
 
Қала Ортақ қасиеті Ауыл
 
VIII. Тірек сызбаны құрастыру.
-Біз қай қалада тұрамыз?
-Орал қаласында нелер бар?
 
IX. Грамматикалық тақырып.
1. Берілген сөйлемдерді орыс тіліне аударыңдар.
   Біз қаланың сыртына шығамыз. Театрдың алдында Абай Құнанбаевтың ескерткіші бар. Сен мені үйдің жанында күтесің.
2. Көмекші есімдер (служебные имена).
Үсті-на, над
Іші – в
Арты – за
Алды – перед
Асты – под
Жаны – около
4. Берілген сөздердің түбірі мен жалғауын ажыратыңдар.
Ішінде, үстінде, артында, жанында, астында, алдында.
Берілген сөздер қай септіктің сұрағына жауап береді жауап береді? Берілген сөздер қай септікте тұр?
X. Оқулықпен жұмыс.
79-бет 2-тапсырма. Сурет бойынша сөйлемдерді құрастырамыз.
XI. Сабақты қорытындылау.
1. Берілген сөзбен сөйлем құрастырыңдар.
Қала.
2. Бес жолды өлең.
Не? қала
Қандай? әдемі, үлкен
Не істеймін? тұрамын, ұнатамын, құрметтеймін
Сөйлем. Орал - әдемі қала.
Синоним. Шаһар
XII. Үйге тапсырма. Орал қаласы туралы әңгіме құрастыру. Ереже жаттау.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Астана. Көмекші есімдер.
Қала мен ауыл
Менің туған өлкемнің табиғи ерекшеліктері.
Көмекші есімдер
Менің қалам. Сұраулық шылаулар
Көмекші есімдер, Астана қаласы
Жұрнақ арқылы жасалған жаңа сөздер
Астана-бас қала
Астана қаласы
Интелектуалдық ойын-2015
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 6123 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 13 января 2015 17:13
керемет
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык