Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сан есім



Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Сан есім туралы оқушыларға толық мағлұмат беру. Алған білімдерін пысықтап, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту.
ә) Дамытушылық: сан есімнен алған білімдерін жаттығу жұмыстары арқылы дамыту өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру, топпен жұмыс жүргізу арқылы әр оқушының дербестігін жетілдіру, шығармашылық белсенділігін арттыру.
б) Тәрбиелік: сан есім тақырыбын түсіндіру кезінде сөздер мен сөйлемдердің тәрбиелік мәніне көңіл бөле отырып, топпен жұмыс істеу арқылы ынтымақ пен бірлікке, жолдастыққа көмек көрсетуге баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқу, ауызша сөйлеу, тыңдап түсіну, жазу, екеуара сөйлеу, сұрақ-жауап жұмысы, қызығушылықты ояту.
Сабақтың көрнекілігі: кластер, үлестірме карточкалар.
Сабақтың  барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын даярлау, сынып тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша жұмыс. Сөз таптарын кластер арқылы еске түсіру.
Сөз таптары  кластер.
Зат есім дегеніміз не?
Топта отырған әр оқушы зат атауларын жазғызып оқытқызу. Жазған мысалдарын әр топтан бір оқушы оқып шығады. Мұғалім тізбектеп оқушылардың мысалдарын тақтаға жазымын. Тізбектегі мысалдарды топтастырып, жалпы, жалқы зат есімдердің ережесін бірлесе отырып шығарамыз.
ІІІ. Жаңа сабақ. Алдымен тақтаға ай-күнді, сабақтың тақырыбын жазып қоямын да, сабақтың мақсатымен таныстырамын. Жаңа сабақты алдын-ала берілген тапсырмалар бойынша оқушылар түсінідіріп өтеді. Оқушылар екі топқа бөлініп отырады. 
І–топ жаңа сабақты түсіндіреді, сан есімнің  анықтамасын айтады. Сан есімнің түрлерін айтып түсіндіреді.
ІІ-топқа: Сан есімнің түрлерін толық мағлұмат беру.
Тақырыбы: сан есім туралы түсінік.
І-топ: Сан есім дегеніміз заттың санын  білдіретін сөз табы. Сұрақтары: неше? Қанша? Нешінші? Нешеу?
Сан есім- часть речи, которая обозначает количество предметов и отвечает на вопросы: неше? Қанша? (сколько?), нешінші? (который? Какой?), нешеу? (сколько) Мысалы: бір, екі, үш, төртінші.
Сан есім мағынасына қарай алты түрге бөлінеді.
По своему значению сан есім в казахском языке делится на:
1. Есептік сан есім (количественные числительные)
2. Реттік сан есім (порядковые числительные)
3. Жинақтық сан есім (собирательные числительные)
4. Бөлшектік сан есім (дробные числительные)
5. Болжалдық сан есім (предположительные числительные)
6. Топтау сан есім (разделительные числительные)
    Есептік сан есім в казахском языке отвечает на вопросы қанша? Неше?
 
ІІ-топ. Сан есімнің түрлерін толық мағлұмат беру.
Сан есімнің жай түрі (простые числительные)
0-нөл
1-бір
2-екі
3- үш
4- төрт
5- бес
6- алты
7- жеті 8- сегіз
9- тоғыз
10- он
20- жиырма
30- отыз
40- қырық
50- елу
60-алпыс 70- жетпіс
80-сексен
90-тоқсан
100- жүз
1000-мың
1000000- миллион
1000000000-миллиард
Сан есмінің күрделі түрі (составные числительные).
11-он бір
15- он бес
19- он тоғыз
101- жүз бір
201- екі жүз бір 428- төрт жүз жиырма сегіз
666- алты жүз алпыс алты
1957- бір мың тоғыз жүхз елу жеті                                               
Сан есім түрлері
Түрлері Жұрнақтары Мысалы 
Реттік сан есім(поряд чис) -ншы,-нші, -ыншы,-інші Бір-інші (первый), екі-нші (второй)
Жинақтық сан есім (собирательные чис) -ау, -еу сұрақтары: нешеу?
Всего семь Біреу,екеу,үшеу,төртеу,бесеу алтау,жетеу
Бөлшектік сан есім (дробные числительные)
Болжалдық сан есім (предположитель числител) -дай, -дей, -тай, -тей Қырық-тай (около сорока)
Топтау сан есім (разделительные числител) Образуются путем повторения числительных с окончаниями Шығыс сеп в конце Бес-бестен (по пять), он-оннан (по десять)                                             
IV. Өзіндік жұмыс. «Сан есім» мұхиты картасымен жұмыс. Аралдарға саяхат кешу. 
Тапсырмаларды ауызша орындайды.
1-арал: «Есептік сан есімдер»
1-топ
Мәтінді оқып, есептік сан есімді табыңыз.
  Біздің Отанымыз – Қазақстан. Аумағы батыстан шығысқа 3000 шақырым, ал солтүстіктен оңтүстікке дейін 1700 шақырым. Қазақстан  Республикасының жер көлемі жөнінен дүние жүзінде 9- орында.
 
2-топ. 
  Қазақстан Республикасының ұлттық құрамы әр алуан. Қазақстанда 130-дай ұлт өкілдері тұрады. Негізгі ұлт қазақтар республикада 52 пайызды құрайды.
 
2-арал: «Реттік сан есімдер»
 Көп нүктенің орнына реттік сан есімді қойып жаз.
1- топ.
Жеті атаңды біл!
Атасы- бірінші
Әкесі-
Баласы-
Немересі-
Шөбересі-
Шөпшек-
Немене-
Сан есімдерді сөзбен жазып, реттік сан есімге айналдырыңыз.
2; 6; 11; 15; 29; 36; 44; 58; 69; 74; 88; 99; 199; 1840; 3689534.
2-топ
Септік жалғауларын біл!
Септік деген Патшаның жеті бірдей ұлы бар:
Біріншісі-Атау
..............- Ілік
..............- Барыс
..............-Табыс
..............-Жатыс
..............-Шығыс
..............-Көмектес
Мына есептік сан есімдерді цифрмен жазып, реттік сан есімге айналдырыңыз.
Мың, Жүз. Сексен. Бес. Сегіз. Төрт. Он бір. Жетпіс алты. Екі жүз алпыс. Үш мың елу тоғыз.
3-арал: «Жинақтық сан есімдер»  Тапсырма: Мақал-мәтелдерден жинақтық сан есмідерді табыңыз.
1- топ
 Ауыз біреу, құлақ екеу.
Би екеу болса, дау төртеу.
2- топ
 Атадан алтау туса да,
Басыңа бір жалғыздық түсер
Ағайын алтау, ана біреу.
4-арал: «Болжалдық сан есімдер»
Тапсырма: Есептік сан есімдерді болжалдық сан есмідерге айналдырыңыз. Сөйлем құрастырыңыз.
1- топ
сегіз жүз........,
қырық.........,
2-топ
Елу........,
Сексен..........,
5-арал: «Топтау сан есімдер»
«Сағат неше?» деген сұраққа жауап беріңіздер. Сан есімдердің қай топқа жататынын анықтаңыз.
1- Топ 2-топ
 6-арал: «Бөлшектік сан есмідер»
1- топ
Тапсырма: Диологты оқып, өзара сөйлесіңдер. Бөлшектік сан есмідерді табыңыздар.
Баласы: Әке, сағат неше болды?
Әкесі: сағат сегіз жарым болды. Қайда барасың?
Баласы: Банкке.
Әкесі: Банк нешеде ашылады?
Баласы: Тоғыз жарымда ашылады?
Әкесі: Онда не істейсің?
Баласы: Ақша айырбастаймын.
2- топ
 Баласы: Ана, сағат неше болды?
Анасы: Сағат жеті жарым болды. Жұмысың бар ма?
Баласы: Иә.  Сайлаудың жұмыстарымен «Нұр Отан» ғимаратына  барамын.
Анасы: Қай уақытта үйде боласың?
Баласы: Сағат бір жарымда келемін. 
V. Сергіту сәті:  Жұмбақ. Бір топ келесі топқа жұмбақ жасыру арқылы ой сергіту.
VI. Топ жұмысы. (дәптермен жұмыс) Берілген мәтінді оқып шығып, тақырыпқа ат беру, сан есімдерді дәптерлеріне жазып алу. І–топ тапсырмасы
1932 жылы Есіл өзенінің жағалауындағы Қараөткел округінің негізі қаланды. Кейін Ақмола сауда жәрменкелері өткізілетін орталыққа айналады. 1961 жылға дейін қала–Ақмола, 1961 жылдан кейін Целиноград болып аталады. 1939-1965 жылдары Ақмола облысының, ал 1960-1965 жылдары Тың өлкесінің әкімшілік орталығы болды. Ең таяу темір жол бекетінің атауы–Астана бекеті. Қаланың әкімшілік маңызы – Қазақстан Республикасының елортасы.
Астана қаласы арқылы тасымалданатын барлық жүктердің 96 пайызынан астамы –өтпелі жүктер. Аламты қаласы мен Астана қаласының арасы–1318 шақырым.
ІІ-топ тапсырмасы
Бір грамм алтыннан ұзындығы 3 километр 420 метрге жететін жіңішке сым жасауға болады. 
Ең бірінші фотосуретті 1826 жылы франция ғалымы Жозеф Нисфор Ньеп түсірген. 
Біздің планетамыздағы халықтың жартысы қар көрмепті.
Ең үлкен стадион Рио-де Жанейродағы «Маракана» стадионы. Оған 2000-дай адам сияды екен.
Бір литр суды буға айналдырса, оған 1500 литрлік цестерна керек болар еді. 
Норвегияда 1 ағашты сындырған айыпты адамды сол ағаштын орнына 3 ағаш отырғызуға міндетті ететін заң бар екен. 
Санкт-Петербург қаласы Нева атырауының аралдарында орналасқан. Мұнда 100-ге жуық арал бар екен. 
VII. Тақтамен жұмыс. Берілген сандарды сан есімнің түрлеріне бөліп жазу.
І-топқа ІІ-топқа
Екі, екінші, екеу, екідей, екі жарым, екі-екіден Үш–үшінші, үшеу, үштей, үш жарым, үш-үштен
Төрт– Алты–
Жеті– Сегіз–
Отыз– Қырық–
Елу– Алпыс–
Елу бес– Сексен–
VIII. Қорытынды (10 минут).
Бекіту: Кластер арқылы «Сан есім» тақырыбын бекіту.
Үйге тапсырма Слайдтан киелі сандарды табу. Киелі сандарға байламдарды жаттап келу. Әлемнің жеті кереметін жазып келу.
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сан есім
Реттік сан есім
Сан есімнің түрленуі
Сан есімнен өткенді қайталау
Жинақтық, болжалдық сан есімдер
Сан есім
Топтау сан есім. Бөлшектік сан есім
Сан есім
Сан есім
«Сан есім» тақырыбы бойынша
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 32364 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык