Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 2300 |
|
|
|
Қазақ батырлары. Құрмалас сөйлем
Сабақ тақырыбы Қазақ батырлары. Құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты: Қазақ батырлары атты лексикалық тақырыпты, құрмалас сөйлемді жан-жақты меңгерту.
1. Білімділік: «Қазақ батырлары » туралы білімдерін кеңейту.
2. Дамытушылық: оқушылардың білмді өз бетімен меңгеру дағдысын қалыптастыра отырып, іздене білулеріне қолайлы орта жасау мүмкінділіктерін беру. Лексика-грамматикалық білімдерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Қазақ тілінде сауатты оқып-жазуға тәрбиелеу, қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу, өз елін, жерін сүюге, қорғауға дайын болуға тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Мұғалім оқушылардың мәтінді орыс тілінен қазақ тіліне аудару барысында мазмұнын меңгеруге жетекшілік жасайды.
2. Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға баулу, тыңдауға үйрету.
3. Тақырыпты ашу мақсатында өз бетінше әрекеттендіру.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Оқу және жазу арқылы сыни ойлауды дамыту технологиясы әдісіне сүйену.
Стратегиялар мен әдістер: Қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой қозғау, негізгі идеяны қорғау, суреттеу стратегиясы, миға шабуыл.
Көрнекілік: А3 форматтағы кағаз үлестірмелі кағаздар оқушылардың шығармашылық жұмыстары.
Күтілетін нәтиже:
• Оқушы өз ойын толық жеткізе білеуге үйренеді.
• Пікірлерін дәйекткмелерге сүйене отырып, нақты айта білуге дағдыланады.
• Топтық жұмыс кезінде бірін-бірі тыңдай білуге,өзгенін пікірімен санаса білуге үйренеді.
• Қосымша дерек көздерін ұтымды пайдалануға дығдыланады.
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу. 2. Түгендеу. 3.Психологиялық дайындық: Адамның өміріндегі «Үш нәрсе» атты слайдты көріп, соңғы слайдты жазылған сөздердің мағынасын түсіндіру керек. «Адамды анықтайтын үш нәрсе – еңбек, адалдық, батырлық» осы үш нәрсе неге бірге беріліп тұр?
Оқушылар өз ойларын айтады. Әр азамат өз елі үшін адал еңбек етсе, адал жүрегімен ұлтының даму үшін күшін салса, сол – батыр. Ендеше бүгінгі сабағымызда еліміздің тәуелсіздік үшін күрескен батырларымыз туралы білімдерімзді кеңейтіп, құрмалас сөйлемді қайталаймыз.
ІІ. Топтық жұмыс: Оқушыларды үш топқа бөліп отырғызу.
І-топ: ХVІІІ ғасырда жерімізді жоңғарлардан қорғаған батырларымыз туралы айтып кетеді.ІІ-топ: Ұлы Отан соғысы жылдары ерлікпен шайқасқан ұл-қыздарымыз туралы айтып кетеді.
ІІІ-топ : Бейбіт өміріміздегі батырлар туралы.
ІІІ. Грамматикалық тақырып. Құрмалас сөйлемді қайталау. Сұрақ қойып, жауаптарын тексеру:
Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Қанша түрі бар?
Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Неше түрі бар?
Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Түрлерін ата.
Интерактивті тақтада көрсетілген граммтикалық кестемен жұмыс жүргізу. Оқушы сөйлемнің түрлерін анықтау керек ІV.Үн таспадан Б.Момышұлы туралы мәлімет тыңдап түсінгендерін өздерінен сұрау.
V. Жаңа сөздерімен танысу.
қаһарман - доблестный
жау өктемдігіне қарсы тұру - сдерживать натиск врага
елдің еңсесін көтеру - поднять дух народа
қатер бұлты - опастность
жауға қарсы жұмылдыру - нацелить в сторону врага
есін жиғызу - помочь прийти в себя
ең жоғары атақ - самое высшее звание
табандылық - стойкость
жарқын үлгі - светлый пример
ел ауызында аңыз - легенда, из уст в уста
жау шебін бұзып өту - разрушение передовой позиции врага
Әр сөзді жеке оқып, жақын мағыналы сөздер таба білу. Құрамалас сөйлем құрастыру
VІ Мәтінмен жұмыс. Үш топқа оқулықтағы мәтінді бөліп беріп, бір оқушы оны мәнелі оқып шығады да екі минуттын ішінде кластер құрастырады. Содан кейін әр топ өз жұмыстарын қорғайды. Тест арқылы үш мәтінді қаншалықты түсінгендерін тексеру
Тест
1 қалмақ, моңғол басқыншыларына қарсы күрестегі ерлігімен көзге түскен батырлар (Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын, Қамбар)
2 Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Омақты Саурық, Шанышқылы Бердіқожа, Шақшақ Жәнібек т.б. батырлар кімдерге қарсы түріп елін қорғады? (Қарақалмақтың өктемдігіне қарсы)
3 Ұлы Отан соғысының қаһарман батырлары арасында қанша қазақстандық болды (500-ге жуық)
4 Талгат Бигелдиновке қандац атақ берілді? (Кеңес Одағының Батыры)
5 Қазақ халқын әлемге танытқан ғарышкерлер (Т.Әубәкіров пен Т. Мұсабаев)
6 Соғыстан кейін 45 жылдан кейін Кеңес Одағынын Батыры атағын алған кім? (Б. Момышұлы)
7 Алматыда жасақталған дивизия (316-шы атқыштар дивизиясының 28 панфиловшы – батырлары)
8 Ленинград түбіндегі соғыста С. Баймағамбетов қандай ерлік көрсетті? (Еңбектеп барып жау дзотының амбразурасың денесімен жапты)
VIІ Қорытындылау кезеңі
Оқушылардың өздерін бір сәтке «тілші» екендерін елестетіп бір минуттың ішінде газетке мақала жаздырту «Нағыз батыр деп...»
VIIІ Оқушыларды бағалау
ІХ Үйге тапсырма: Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ қаһармандары туралы реферат әкелу
Рефлексия кезеңі
Сабақ не туралы болды?
Бүгінгі сабақ қиын болды ма?
Бүгінгі сабақтан кейінгі менің көңіл – күйім
Батыр деп – біреу соғыста ерлік көрсеткен тұлғаларды айтса, екіншісі спортта жетістікке жеткен азаматтарды айтады. 2012 жылы Лондонда біздің спортшыларымыздың ептілік пен ержүректіліктің арқасында 13 рет көк туымыз желбіреп, елеміздің абыройын көтерді. Сабағымызды соларға арнап жазылғын «Чемпиондар әні» өлеңімен аяқтаймыз.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |