Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » XVIII ғасырдағы қазақ батырлары


XVIII ғасырдағы қазақ батырлары

Сабақтың тақырыбы XVIII ғасырдағы қазақ батырлары

Сабақтың мақсаты: 
• Білімділік: Оқушыларға жоңғарларға қарсы күрескен қазақ батырлары, олардың ерлігі жайында кеңінен мәлімет беру, Қазақ тарихындағы батырлардың алатын орнын анықтау.
• Дамытушылық: Қазақ батырларының ерлігіне тарихи тұрғыдан баға бере білуге дағдыландыру, танымдык қабілеттерін арттыру.
• Тәрбиелік: Ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақ батырларының ерлігін үлгі етуге, құрметтеуге үйрету.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: Аралас сабак, әңгіме.
 Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік: Батырлардың суреттері, Қазақстан картасы.
Сабақтың барысы.   I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй тапсырмасын сүрау.
Қазақ билері жайында оқушылардан кысқаша сұрау. Кем дегенде 2-3 оқушыны сөйлету. Төрт оқушыға Қазыбек, Төле, Әйтеке билер және Тәуке ханға байланысты сұрақтар жазылған карточқалар беріліп, жауаптары тыңдалады. Бұдан соң   үй тапсырмасын қысқаша қорытындылаймын. Дәптерге жазуға берілген тапсырма бойынша үш оқушыны тексеріп бағалаймын.
ІІІ.  Жаңа сабақ
Өтілетін сабактын тақырыбы мен жоспары алдын ала жазылып қойылады.  Ооқушыларды сабақтың тақырыбы және негізгі мақсаттарымен таныстырып өтемін. 
Сабақ жоспар:
1. Жоңғар-ойрат мемлекетінің құрылуы.
2. Қазақ батырлары.
 Жоңғар мемлекеті.
 Батыс Монғолия жерінде, жоғарғы Ертіс, Алтай, Тар-бағатай еңірінде құрылған.
 Құрылған уақыты - XVIII ғасыр (1635-1640 жылдар).
 Сипаты - аскери-көшпелі.
 Мемлекет билеушісі - қоңтайшы.
 Тайпалар - торғауыт,чорос, дөрбет, хошауыт т.б. Бұлар дүрбіт-ойрат деп аталған.
Бұдан әрі   балаларға жоңғарлардың Қазақ жеріне жасаған шапкыншылығы туралы түсіндіремін. Жоңғарлар да қазақ халқы сияқты көшпелі мал шаруашылығымен айналысқандықтан мал жайылымы оларға тарлық етеді. Оның үстіне ойрат тайпалары шығыс монғол (халха), манчьжур Қытайдан көп қысымшылық көрді. Сондықтан жоңғар нояндарын Қазақ елінің шұрайлы жерлері үнемі қызықтырады. Бұл шапқыншылықтың басты себебі болып табылады.
Жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы ХУІІ-ХУШ ғасыр аралығын қамтиды.
Ең қасіретті жыл деп 1723 жылды айтуға болады. Себебі тарихтағы әйгілі қырғын «Ақтабан шүбырынды, Алкакөл сұлама» осы жылы болған. Бұдан соң   оқушылардың назарын «Елім-ай» әніне аударамын. Сабақ жоспарындағы екінші тақырыпшаға кеңінен тоқталамын. Ең алдымен жоңғар шапқыншылығы кезінде қол бастаған, ел мен жерді қорғау кезінде ерлік көрсетіп, аты аңызға айналған батырлар жайында қысқаша әңгімелеп беру.
Батырлар: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақ Жәнібек, Баян батыр, Райымбек, Малайсары т.б.
Бұдан кейін   оқулық және дәптермен жұмыска 10 минуттай уақыт беремін.
Осыған байланысты төмендегідей кестені толтырту.
Қабанбай батыр Бөгенбай батыр Наурызбай батыр Баян батыр
Өмір сүрген уақыты
Ерлік істері
Кестені толтырып болған соң 3-4 оқушыдан әр батырлар жайында, олардың ерлік істері туралы түсінгендерін айтқызамын.
Қорытынды кезең.
Жаңа сабақты бекіту мақсатында төмендегідей сұрақтарды қоямын
 Жоңғар шапқыншылығы жайлы не білесіндер?
 Қазак елін жат жерлік жаулардан қорғаудағы батырлардың үлесі қандай болды?
 Бөгенбай жоңғарларға қарсы шамамен қанша жорыққа катысты?
 Жоңғарларға қарсы жүргізілген көптеген ұрыстарда Қабанбай қандай міндет атқарған?
 Жоңғарларға қарсы күресте ерлік көрсеткен басқа қандай батырларды білесіңдер?
Бекіту:
Үй тапсырмасы:
1. Жоңғарларға карсы күресте ерлік көрсеткен батырлардың ерлік істері туралы қосымша оқып, жеке бір батыр туралы дәптерге қысқаша әңгіме жазғызу.
2. 31-параграфты окып келу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
М. Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы
Қазақ батырлары.
Қазақ батырларының жоңғарларға қарсы. Отан соғысы
Ресейлік отарлаудың ерекшеліктері. Ресейдің қол астына өткенге дейінгі қазақ елінің жағдайы
Қазақ билері
Қазақстан және Ресей
Абылай хан
XIX ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес жылдары
Ұлы жеңіске қосылған үлес
Қазақ батырлары
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 9578 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык