Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 2617 |
|
|
|
Қолданбалы курстарды жүргізу арқылы оқушыларға кәсіби бағдар беру
Қолданбалы курстарды жүргізу арқылы оқушыларға кәсіби бағдар беру
Қазақстан демократиялық қоғам болып құрылып әлемдік білім кеңістігіне шығуда.Бұл өрлеу отандық білім беру дамуының стратегиялық жоспарын қайта өңдеуді талап етті.
Орта мектептерде оқушыларды ғылым негіздеріне оқыта, үйрете отырып, қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық мәселелерді шешудегі маңызды мәселеге де назар аудару қажет.Біздің елімізде экономикалық және ғылыми потенциалдар мол. Оны тиімді қолдануға кедергі-жастардың жаңа экономикалық жағдайда жұмыс істеуге дайындығының жеткіліксіздігі.
Жаңа жағдайда тек жақсы кәсіби дайындық қана емес сонымен бірге өзіне сай келетін жұмысты еңбекті табу қажет-ақ.
Осы дағдыларды дамыту болашақ мамандығына бағдарлану мектеп бітірушілер ушінде мәнді болып табылады.
Көптеген мектеп бітірушілер мектепті бітіре сала қайда баратынын біле бермейді.Кәсіби бағдар бойынша жұмыс жүргізу жеткіліксіз,сондықтан мектепте бейінді оқыту барысында жұмыс істеуге икемділік, кәсіпкерлік дағды т.б дамыту керек.
Қолданбалы курстар мектептерде 2006жылданжүргізіліп келеді.Осы жылдар ішінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ретінде жоғары сыныптарда қолданбалы курстар өткізіп келемін.
Атап айтқанда 10-сыныпта қоғамдық-гуманитарлық бағытта «Стилистика және сөз мәдениеті», 9-11 сыныптарда «Маңғыстау әдебиеті», «Ежелгі дәуір әдебиеті» тақырыбында курстардың мазмұны, мақсаты мен міндетін құруда оқушыларға жеке іске қабілеттілігін, өзіне-өзі қоятын талаптарын, іскерлік дағдыларын арттыруды естен шығармадым. Кәсіби бағдар-бұл баланың индивидуальды ерекшеліктерін толық зерттеумен және оның өзін-өзі талдауға, сондай-ақ мамандықты және адамға жұмыстың қоятын талаптарын таныстырумен болатын педагогикалық үрдіс. Осы ұзақ үрдістің соңғы мақсаты жеткіншектердіңөзінің болашақ мамандығын дұрыс таңдауболып табылады.
Қолданбалы курстың алдымен тақырыбын таңдап алып, оның мақсатын анықтау керек. «Стилистика және сөз мәдениеті» тақырыбындағы курс мақсатын төмендегідей белгіледім.
1. Қазақ тілінен қолданбалы курстарды жүргізудің танымдық әрі тәрбиелік мәні жоғары. Қолданбалы курс сабағында оқушылардың тілі туралы білімдері кеңейтіледі, олардың қабілетін дамыту арқылы мамандыққа икемделіп, кәсіптік бағдар беріледі. Курстың өн бойында жүргізілетін әрбір жұмыс- оқушының эстетикалық талғамын өсіруге ана тілін, ол тілді жасаушы халқын құрметтеуге тәрбиелеу.
2. Стилистиканың негіздерін таныту, тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге үйрету.
3. Мектепте оқытылатын қазақ тілі мен тіл ғылымы арасындағы алшақтықты болдырмауды ескере келіп, стилистика бөліміне байланысты ғылыми-теориялық жақтан алынған тереңдетілген тақырыптарды практикалық түрде меңгерту.
Қазіргі кездегі ұлттық мәдениетке, ұлт тіліне деген жаңа түсінік пен қоғамдық
сұранысқа байланысты тіл де тиісті мән- мағынасына ие бола бастады.Сондықтан берілетін білім мен біліктілік қоғамымыздың әр алуан саласымен байланыстырылып, қазіргі заманғы техника тілін меңгеретін экономика мен интелегенция өкілдерін іскерлікпен жұмыс істеуге бағыттайтын алғашқы баспалдақтар болып саналады.
Қолданбалы курстарды жүргізу барысында оқушылардың психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, жеке жұмыс жүргізуіме де тура келді. Өзін-өзі бағалайтын оқушы өз жетістіктерін, сәтсіздіктерін, қабілетін, мүмкіндіктерін, кәсіби жарамдылығын бағалайды. Оқушының қасиеті осындай курстарды оқытуда көрініп қана қоймайды, еңбек іс-әрекеті қалыптасады,сөйтіп кәсіби бағдар пайда болады. Өзіндегі қасиеттердің өзі таңдаған мамандығымен сәйкес келмеуін санамалау 9-11-сыныптарда күшейеді және оқушыны осы кезеңде кәсіби өзін-өзі анықтауға мүмкіндік беру керек.
Осы тұрғыда «Сөз мәдениеті»,»Маңғыстау әдебиеті»курстарының шәкірттеріме көп ықпал еткенін тәжірибем көрсетіп келеді.
Бойында шығармашылық қасиеті басымырырақ-ау деген оқушыларды 5-сыныптан бастап бейімдеп, өлең,әңгіме жаздырып, сурет салдырып, шығарма жазуға үйрете бастаймын.
Көпшілігі ынталанады,құштарланады. Солардың ішінен тілге неғұрлым жақындары оқшауланып көріне бастайды. Соның нәтижесінде жазғандары газет-журналдарға жолданады, баспасөз бетінде жарық көреді,оқушы жетістіктеріне қуанады, сол бағытқа икемделе бастайды. Осындай сатылардан өткен бірнеше шәкірт-түлектер ,атап айтқанда, Дауталиева Сания, Тәжбенова Назерке,Қуантқанова Айдана,Тәжіғараева Әсилалар тіл маманы,журналист болуды қалап, еліміздің мақтаулы жоғары оқу орындарында оқып жатыр, тіпті екеуі шетелде мамандыққа машықтанудың курстарынан оқу орны арқылы оқып келуде. Бұлардың бәріне де аталған курстарда дәріс оқылып, практикалық жұмыс жүргізіліп, кәсіп таңдауға бағыт берілді деп айта аламын. Ертеңгі күні бұл түлектердің бір-бір тіл саласының мамандары, ғалым боларына сенімім мол.
Жеткіншек мамандықты қиналмай таңдап, оны игере алса, өз жұмысынан қанағат алса және оны әрі қарай жетілдіріп жатса, кәсіби жарамды деп айтуға болады.Адамның кәсіби жарамдылығы тек психикалық,физиологиялық қасиетіне ғана байланысты емес, сондай-ақ оның еңбекке қатынасына да байланысты. Отандық және шетел зерттеулері бойынша кәсіби жарамдылықты дұрыс таңдаудағы еңбекте , өзін бағалауда тек 33,8пайыз қабілет көрсетілген.
Ендеше бұл сан бізді қуантпайды, оқушылармен кәсіби бағытта жұмыс жақсы жүргізілмейді, көптеген мамандықтар туралы мүлдем бейхабар, білікті кадрлар дайындаудағы алғашқы баспалдақтарда кемшіліктер көп деуге болады.
«Маңғыстау әдебиеті»курсын оқыту барысында да оқушыларда болашақта зерттелмеген әлі де тың деректер табуға деген құштарлық оянады. Әдебиетші,тарихшы,этнограф, саяхатшы болсам ғой деген арман пайда болады. Ол арман сол кәсіптің қыр-сырын үйренсем деген талапқа жетелейді.
Қазіргі күнде шәкірттеріміз заман талап етіп жатқан пайдалы,беделді мамандықты таңдайды, белгілі бір оқу саласына түсіп, оны бітіріп, белгілі маман болуды қалайды. Сол үшін мектеп қабырғасында мамандыққа дұрыс бағыт сілтенуі керек деп санаймын. Сондықтан оқушының кәсіби бағдарлануы бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Мамандықты дұрыс таңдауда мектептегі берілетін пән негіздерімен қоса қолданбалы курстардың да әсері бар екендігіне жылдан-жылға көзіміз жете түсуде.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |