Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Көсемшенің жасалуы мен түрлері


Көсемшенің жасалуы мен түрлері
Сабақтың тақырыбы: Көсемшенің жасалуы мен түрлері
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Көсемшенің жасалуы мен түрлерінің өзіндік ерекшеліктерін меңгерту;
2. Дамытушылығы: Оқушылардың өз бетімен іздену қабілетін дамыту, еркін сөйлеуге баулу. Ойларын дәл, нақты айтуға дағдыландыру;
3. Тәрбиелілігі: Ізеттілікке, оқуға, білім алуға деген құштарлық сезімінің артуына ықпал ету, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс:Әдебиет
Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту сабағы.

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, тірек- сызба, оқулық
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
2.Оқушыларды топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Ой қозғау» сәті
Барша заттың бір өзімде қимылы,
Сөз табының күрделісі, қиыны.
Сабақты, салт, есімше, көсемше боп,
Шақ, рай, етіс те боп жиылды.
- Балалар, осы бір шумақ өлеңі арқылы қай сөз табын айтып тұрмын?
- Етістік
- Өткен сабақта етістіктің қай түрімен танысып едік?
- Көсемше
- Көсемше дегеніміз не?
- Көсемше қандай мәнде жұмсалады? (Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді)

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Сын түзелмей, мін түзелмейді.
2. Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады.
3. Абай мен Ербол қалаға кеп жатқалы бірталай күн өтті.
№ 1 слайд арқылы сызба – кесте бойынша көсемшенің жасалуы мен түрлері түсіндіріледі.

- а: айта, бара (бер)
- е: келе, бере (тұр)
- й: сөйлей, санай (бер)

- ып: айтып отыр

- іп: келіп кетті
- п: сөйлеп жүр

- ғалы: жұмсағалы
- гелі: көргелі
- қалы: айтқалы
- келі: кеткелі

№ 2 слайд арқылы көсемшенің ерекшеліктері түсіндіріледі.

1. –а, -е, -й және –ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелер жіктеледі.
2. –ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғалы көсемшелер жіктелмейді.
3. Көсемше тұлғасына көптік., септік, тәуелдік жалғаулары жалғанбайды.

Мағынаны тану
257-жаттығу жұмысы. Көсемшелерді теріп жазып, тұлғалық талдау жасату.
1. Мәтінді мәнерлетіп оқыту. Тақырыптар қою. «Бәйге», «Жарысқа дайындық»
2. Тақтаға көсемшелерді теріп жазу, талдау.
3. Мәтін бойынша сұрақтар қою. Қазақтың қандай ұлттық ат ойындарын білесіңдер?
4. Жылқы малына байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
5. Батырлардың сенімді аттары қалай аталады?
6. Жылқы малына байланысты Абай атамыздың бір өлең шумағын кім жатқа айтады?
258-жаттығу
Көсемшелерді тауып, сұрақ қойып, сөйлемде қандай мүшенің қызметін атқарып тұрғанын айтыңдар.
Топтық тапсырма
1-топтың жұмысы. Көсемшенің жұрнағын жазыңыз.
1. Ата, сіз отыр ... тұрыңыз.
2. Ақылды адам арын қорға ... ды,
Сараң адам малын қорға .... ды.
4.Ал, шырағым, сөйле ... бер.

2-топтың жұмысы
Мәтіннен көсемшелерді теріп жазу.
Сен қалмақ болсаң, біз-қазақ,қарпысқалы келгенбіз, сен темір болсаң, біз-көмір, балқытқалы келгенбіз , танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз. Жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз.Тұтқыр сары желіммін,жабысқалы келгенбіз.Берсең,жөндеп бітіміңді айт,бермесең, дірілдемей жөніңді айт не тұрысатын жеріңді айт.

3-топтың жұмысы

Төмендегі көсемшелерге морфологиялық талдау жасау.
Түседі,барады,сөйлеппін,бұрылғалы, тартып,салынғалы
Түс-е-ді
Түс- етістік, -е көсемшенің жұрнағы, -ді жіктік жалғау
ІІІ жақ
Бар-а-ды
Бар-етістік, -а көсемшенің жұрнағы, -ды жіктік жалғау ІІІ жақ
Сөйле-п-пін
Сөйле-етістік, -п көсемше,-пін жіктік жалғауы Іжақ
Бұр-ыл-ғалы
Бұр-етістік, -ыл ырықсыз етіс, -ғалы көсемшенің жұрнағы
Тарт-ып
Тарт-етістік, -ып көсемшенің жұрнағы
Сал-ын-ғалы
Сал-етістік, -ын ырықсыз етіс, -ғалы көсемшенің жұрнағы
Сергіту сәті
“Мені жалғастыр” ойыны
Жақсы бала ата-анасын ...
2. Оқи берсең, көзің… ,
Отыра берсең, жалқаулық басынады.
3. Анаға қарап қыз өсер,
Әкеге қарап ұл өсер.
4. Ақылды адам ісіне...
Ақылсыз адам күшіне...
5. Сөз қуған бәлеге жолығады
6. Ауру батпандап кіреді,
Мысқылдап шығады

Көсемше қосымшаларының дұрыс жалғануын белгіле.

айт биле сөйле ойна кеңес



-ып
-п
-ғалы
-гелі
-қалы
-келі

Бағалау.
Үйге тапсырма
259-жаттығу.

Мақал-мәтелдердің мазмұнына талдау жасаңдар. Құрамындағы етістіктің есімше, көсемше түрлерін тауып, олардың қандай жұрнақтар арқылы жасалып тұрғанын және қалай түрленгенін айтыңдар.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Көсемшенің түрленуі
Көсемше
Көсемше
Көсемшеден өткенді қайталау
Көсемшенің жасалу жолдары
Көсемшенің түрленуі
Қысқаша жұрнақтар мен жалғаулар анықтамалығы
«Есімше», «Көсемше» тақырыптары бойынша
Көсемшенің жасалуы мен түрлері
Тұйық етістік
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 8354 | Қосты: Сүндетбаева Оразгүл Ибрайымовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык