Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жер-Ана жыламасын


Жер-Ана жыламасын

Сабақ тақырыбы: Жер-Ана жыламасын

Сабақтың мақсаты:
 білімділік:
сөйлемнің түрлаулы мүшелері бастауыш пен баявндауыш тақырыбын қайталау, сөйлем ішіндегі баяндауышты дұрыс табуға, мәнерлеп оқуға үйрету, жаңа сөздерді түсіндіру,олармен сөйлем құру;
дамытушылық:
Окушыларға Семей ядролық полигоны туралы әңгімелеу, сөздікті меңгерту, тіл дамыту жұмыстарын жүргізу.
тәрбиелік:
сабақ барысында окушыларды өзі туған жерін , халқын сүйіп, құрметтеуге, ядролық соғыстың болдырмауына тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа оқу материалын оқып –үйрену ,өткен сабақтарда алған білімдерін жаңа сабақпен ұштастыру.
 Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Сұрақ-жауап , сөйлеу, проблемалық іздендіруі, логикалық әдіс, салыстыру, дәлелдеу, практикалық әдіс,мәнерлеп оқу,көрнекілікті қолдану әдісі.
 Сабақтың көрнекілігі:
Ядролық жарылыс суреттері,кітаптар көрмесі,реферат, баяндамалар,үлестірмелі карточкалар,компьютер,интерактивті тақта.
 Пәнаралық байланыс :география,тарих,химия сабақтарымен байланыс.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Бастауыш ережесі-Баяндауышта айтылған қимыл-әрекеттің иесін білдіретін сөйлемнің тұрлаулы мүшесі бастауыш деп аталады. Сұрақтары-Кім?Не?Кімдер?Нелер?Кімі?Несі?Мысалы: Сабақ ерте басталды.Мүғалім сабақ түсіндірді. Баяндауыш ережесі-Бастауыштыңіс-әрекетін,қимылын,жай-күйін,оқиғаның болған шағын білдіретін сөйлемнің тұрлаулы мүшесі баяндауыш деп аталады.Сұрақтары-Не етпек? Не қылмақ? Қайтпек?Не болмақ?Немене? Мысалы:Нұрлан мектепте оқиды. Баяндауыш дара және күрделі болып бөлінеді.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
 Оқушыларға сабақтың мақсатын айту. Сын түрғысынан ойлау әдісінің элементтерін қолданып, оқушыларға «ядролық жарылыс» сөзін естігенде қандай ассоциация, көз алдына не елестейтіні тұралы , өз ойларын интерактивті тақтаға жазу.
ІҮ «Полигон» бейнетаспа сюжетін көрсету.
Мұғалімнің сөзі:1991жылдың 29 тамызында ҚР Президенті
«Семей ядролық полигонының жабылуы туралы» бұйрық шығарды.Полигонда бірінші жарылыс 1949 жылдан бері болды.Дәл сол күні,таңғы сағат жетіде,38 метр биіктігінде,20 килотонды бірінші атом бомбасы жарылды.1953 жылдың 12 тамызында полигонда термоядерлық бомба бірінші рет қолданылды.Ал 1955 жылдың 22 қарашасында сутегі бомбасы жарылды. Семейден 120 шақырым жерде 40 жыл арасында полигонда 458 ядролық жарылыс өткізілді. Оның  ішінде 88 әуе,30 жер үстінде,340 жер астында бірнеше килотоннан 1,5 меготоннаға дейін күшпен жүргізілді. Семей ядролық полигонында 2,5 мың рет Херосимаға 1945 жылы тасталған бомбадан күшті екендігі анықталды.Статистика бойынша 500 мың адам әр түрлі ион сәулесін алған.Ойлап көріңдерші: 1 млн 850 мың гектар жер мемлекет көлемінен алынып отырды.Радиациялық сынақ жасалған жерлер қарайып,жанып кеткен.Бүл жерде бірнеше жыл түк өспейді.Өскен өсімдіктерді пайдалануға болмайды.Малды ол жерге жаюға бслмайды.Семей полигонының жер көлемі өте үлкен.Кейбіреулер сол жерді қоршап қояйық деген ұсыныс береді,бірақ мысалы Бельгия мемлекетіне тең жерді қоршауға кеп күш, қаражат керек.Семей ядролық сынақтан кейін адамдар арасында қайтыс болу,мүгедек болу,әр түрлі аурулар көбейді.Әсіресе кішкентай сәбилердің бетсіз,қолсыз тууы, лейкомия, анеми[я,жүрек ауруы көбейді.
 
V.Сөздік жұмысын жүргізу
ортақ үйіміз-общий дом
асырап отыр-кормит
қауіптің бірі-одна из опасностей
сынақ полигоны-испытательный полигон
жарыс-взрыв
қоғамдық қозғалыс-общественное движение
тәуелсіз-суверенный
маңызды мәселе-главная проблема,главный вопрос
жетекші-руководитель
қасірет іздері-следы
VI. Мәтінмен жұмыс «Жер-Ана жыламасын» Мұғалімнің оқуы,топпен оқу, аудару.
VII. Жаттығу жұмыстарын жүргізу
 Түбірлес сөздерді жеке-жеке бағанаға жазыңдар.
Сұрақ қоя отырып баяндауышты табу.
VIII. Үлестірмелі карточкамен жұмыс.
ІХ. Сабақты бекіту және қорытындылау.
Балалар, әлемде ешқашан жер бетінен қалалар жойылып,үлкен ядролық жарылыстар болмайтынына сенеміз. Жер-Ана жыламасын деп айтамыз!
X. Үйге тапсырма беру.
4.2.3. жаттығу.Мәтінді пайдалана отырып,қате құрылған сөйлемдерді дұрыстап жазыңдар.
ХІ.Сабақты бағалау.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Невада --Семей» қозғалысы.
Жаңалық жаршысы.
Асқар Алтай. «Дегелеңдегі жарылыс».
Баяндауыш
Толықтауыш
Баяндауыш
Тұрлаулы мүшелер
Баяндауыш
Осы заманғы шет мемлекеттері әскерлерінің жаппай жою қаруы
Ғасыр дертінен құтылған тәуелсіз Қазақстан!
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3312 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык