Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жаңалық жаршысы.


Жаңалық жаршысы.

 

Жаңалық жаршысы.

Тақырыбы: “Жаңалық жаршысы”

Мақсаты: оқушыларды модульдік технология құрылымымен таныстыру: адам ашқан ғылыми жаңалықтардың бейбіт мақсатта және соғыс мақсатында қолданылуы турасында тарихи деректермен таныстыру және осы тақырыпта жазылған шығармаларды оқуға үйрету;

        Стандартты талапқа сай оқу әдістерін меңгеруге,ойын жинақтап еркін сөйлеуге үйрету;

        Мақсат қоя білуге үйрету, білімге деген құштарлығын ояту, ұжымдық татулыққа баулу, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

 

    Қосымша пайдаланылатын материалдар:

1«Ол кім?»«Бұл не?» 1,11 том

2«От және атом» М.Сәрсеке

3 «Боздақтар»М.Исаев. Қызылорда облысы

4 «Кім күшті» Ә.Асылбеков.

5 «Қазақстан және атом энергетикасы» К.Смайылов

6 «20 ғасырдың тарихи оқиғалары» бейнемонтаж.

Оқушы нені білу керек

1.Ақын-жазушылар

2.20 ғасырдағы ірі-ірі ғылыми жаңалықтар жайлы /атом энергиясы, компьютер.../

3.Ғылыми –техникалық прогресс туралы алғашқы түсініктер.

Оқушы нені меңгеру керек?

1.Оқу стандартына сай талапты меңгеру

2.Шығармашылық жасауды үйрену

3.Отансүйгіштік сезімін ояту.

Шығармашылық жұмыстардың тақырыбы:

  1. «Адам табиғаттан нені үйренді?»
  2. «Атом деген не?»
  3. «Егер мен көрінбейтін адам болсам»...

Сабақтың барысы:

     1 Модульдің құрылымын таныстыру, оқу мақсатымен таныстыру.

II. Оқу материалдарын /тірек –сызба, деректі материалдар көмегімен/ түсіндіру.

Қамтылатын тақырыптар:

1. “Компьютер жанындағы жанжал”   Н. Ақыш 267

2. “Дегелеңдегі жарылыс”А.Алтай 140

3. “Мен соғысты жек көрем”Қ.Жұмағалиев 270

4. “Ұшып келем”С.Жиенбаев 163

5. “Ғажайып сәуле”М.Сәрсеке 216

6. “Үйрену ”Ә.Асылбеков 242

 

Лекция

А) Алдымен жаңалық дегенді қалай түсінеміз?                                  

Б) Адамзат баласы жаңалыққа ежелден –ақ құштар.Десек те жаңалықты жасайтын да сол адамның өзі.Адамның мүмкіндігі шексіз.Соның арқасында ғылымның әр саласында жаңалықтар ашылды.Олар өндіріске енгізіліп, қоғам және адамның тұрмысы жақсарады.Ғылымы мен білімі дамыған ел ылғи да көш басында жүреді.

     Жаңалық үнемі жаңалық болып тұра бермейді.Олай дейтініміз, қазір ұялы телефонмен ешкімді де таңқалдыра алмаймыз.Ал біз бала кезімізде ұялы телефон дегенді өңғіміз түгілі түсімізде де көрген емеспіз.

     Адам баласы көп нәрсеге табиғатты бақылап зерттеудің арқасында қол жеткізді.Ол құс секілді көкте самғауды, балықша суда жүзуді армандады.Ұшақ пен кеме пайда болған соң да адам тоқтап қалмады.Өткен 20 ғасыр ғылым мен техниканың қарыштап дамыған ғасыры болды.Өткен 100 жыл ішінде ғылымда көптеген жаңалықтар ашылып, адам оны игілігіне пайдалана білді.

    Адамзат баласы ғарышқа ұшып, аспан әлемін зерттеді.Бұрын заттың ең кішкене бөлшегі молекула деген ғалымдар атомды тапты және оның бөлшектегенде орасан зор энергия бөлетіні дәлелдеді.Кеңестер елінде тұңғыш атом бомбасын И.В.Курчатов жасап шығарды.Бұл 1949 жыл болатын.Осы жылдың 29 тамызында Семейде тұңғыш рет атом бомбасы жарылды.Содан 1989 жылға дейін 40 жыл бойына Семей полигоны атом бомбасын сынау алаңына айналды.Әр жарылыс сайын айналаға тараған радиаия әсерінен миллиондаған адам зардап шекті.Қатерлі аурулар көбейді.Даласы тақырға айналған Семей жерінің астында да, үстінде де ядролық жарылыстар өткізілді.Бұл бейбіт замандағы қырғынға пара-пар болды.

      Полигон 1989 жылдың 29 тамызында ресми түрде жабылды.Содан бері Қазақстан ядролық қарусыз мемлекет атанды.

     Адамзат атом энергиясын бейбіт мақсатта да пайдаланады.Одан электор энергиясы өндіріледі.Қазақстанда 1973 жылы Ақтауда АЭС салынды.Онда атом энергиясын Каспий теңізінің суын тұшыту үшін пайдаланады.

    Өткен 20 ғасырда, әсәресе, ядролық физика керемет дамыды.Бір өкініштісі- бұл салада ашылған жаңалықтың мыңдаған адам өмірін жоюға жұмсалғандығы еді.1945 жылдың 6 тамызында АҚШ – тың атом бомбасы Жапонияның Хиросима қаласына тасылды.Жүз мыңдай адам өмірі қиылды.Үш күннен кейін Нагасакиде де осындай апат орын алды.Бұл қайғылы оқиға бүкіл әлемді дүр сілкіндірді.

    20 ғасырда адам компьютерді жасап шығарды.Алғашқы компьютер АҚШ-та жасалды.Оның үлкендігі сонша бір спорт залдың көлеміндей болған.Уақыт өте келе оның түр-түрі шығарылып, пайдалану аясы кеңейді.Қазір қай мекемеге барсаң да компьютерді көруге болады.Адамның ойлау мүмкіндігі қандай шексіз болса, компьютердің де мүмкіндігі шексіз.Мысалы, компьтер бүкіл бір кітапхананың ақпаратын есте сақтай алады.Компьютерді интернетке қосып, бүкіл әлемнің түкпір-түкпірінен керекті ақпаратты алуға болады.

    Егер де жер бетіндегі мемлекеттерді шартты түрде дамыған, дамушы деп екіге бөлетін болсақ алдыңғы орында АҚШ,Жапония және Еуропаның бірқатар елдері , ал біз дамушы елдер қатарындамыз.Еліміздің өсіп-өркендеуі үшін біз не істей аламыз? Әрине, жақсы оқып, сапалы білім алуымыз керек.Себебі, болшақтың тұтқасын ұстайтын өздерің.Болашақ ғалым да, дәрігер де, министір де сендердің араларыңда.Оны өздерің білмеулеріңде мүмкін.Олай дейтінім, бүкіл әлемге аты әйгілі Ньютон,Энштейн сияқты ғалымдар мектепте онша жақсы оқымаған көрінеді.Бірақ кейін үлкен ғалм болған, ашқан жаңалықтарын адам баласы әлі күнге дейін игілігіне жаратуда.

    Сондықтан да да ғалым болу да, бай болу да, әкім болу да өз қолдарыңда.Тек мақсат қоя бер де,сол мақсатқа жету жолында күш- жігеріңді аяма- дегім келеді.

Е) бейнетаспа (әр сюжетке комментари білдіреді)

«Адамзат ғарышқа ұшты».«Хиросима қасіреті», «Семей полигоны».

 II. «Қарулы кесек» оқыту үйрету ойыны арқылы оқушыларды модуль тапсырмаларымен таныстыру.

 Мақсаты: Модуль тақырыптарын оқушылар өз бетінше түсініп оқып, өзгелерді оқытуға бейімдеу.

Құрал-жабдықтары:

  1. Номерлері жазылған жетондар
  2. Үстелдерді белгілеуге арналған сілтемелер
  3. Бағалау парағы

 Сынып А,В,С,Д,Е топтары болып 5-ке бөлінеді.Әр топта 5 оқушыдан.

    а) I тур. Алғашқы топта 15 минут ішінде әр топ өз тақырыбын түсініп оқып, өзара талдайды.Мәтін бойынша түйін сөздерді теріп жазып алады.Басқа топта өз тақырыбын қорғауға барғанда түртіп алған сөздеріне қарауға рұқсат етіледі.

   А тобына – «Компьютер жанындағы жанжал»

  В тобына – «Ғажайып сәуле»

  С тобына – «Дегелеңдегі жарылыс»

  Д тобына – «Үйрену», «Мен соғысты жек көрем»

  Е тобына – «Үйрену», «Ұшып келем»

ә) II тур. 15 минут ішінде (әр оқушыға 3минут) оқыған тақырып қорғалады.Сонда 1 үстелге А-1,В-1,С-1,Д-1,Е-1 оқушылар отырады.Әріп реті бойынша әр оқушы өз тақырыбын әңгімелейді.Қалғандары оның әңгімесін тезис түрінде жазып алады.Уақыт саусақтың көмегімен бағасын көрсетеді.Әр оқушы өз бағасын бағалау парағына жазып алады.Барлық оқушы бағасын бағалау тпарағы жиналып алынады да, оқушылар орындарына отырады.

III тур. Шығармашылық тапсырма (5мин)

      «А» тобына болжау стратегиясы бойынша екі сұрақ берілді.

Жауаптары төмендегідей болады.

  • Біз бүгін қандаймыз? Еркеміз, қуанамыз, білімге құштармыз, әдептіміз, таланттымыз.
  • Біз ертең қандай боламыз? Есейеміз, ержетеміз, қалаған маман иесі боламыз, жоғары оқу орнына түсеміз, еңбек етеміз.

«В»тобына берілген тапсырмаға оқушылардың берген жауаптары төмендегідей болды.

  • «Көрінбейтін адам» болған жақсы

 Ұрлықшы үшін жақсы, үйсіз болса бөтен біреудің үйіне қона салады, өзінің қалағанын жасайды, егер ол полиция қызметкері болса, қылмыскерді тез ұстайды.

     «С» тобына а) «Дегелеңдегі жарылыс» әңгімесін әрі қарай жалғастыр. ә) Жарылыстан бұрынғы Дегелеңнің табиғатын бейнелейтін сурет салу.

    «Д» тобына  түйе мен мешинаны салыстыру берілді.

Түйе: көлік, өркешті, көбейеді, тыныс алады.

Машина: көлік, адам жасаған, жанармаймен жүреді, дөңгелегі, рулі, өздігінен жүре алмайды.

Ұқсастығы: екеуінде де көлік ретінде пайдаланады.

             «Е» тобына а) Бес жолды өлең

  1. Компьютер
  2. Үлкен, ақ
  3. Ойналады, сатылады, жазылады
  4. Техника
  5. Компьютермен көп іс тындыруға болады

 ә) Өлең ұйқасын табу

    Компьютерім керемет

    Есінде бәрін сақтайды

    Оны білген баланы

    .(Елдің бәрі мақтайды)

 

IV. Топ бойынша қорынтынды бағалары шығарылады.Шығармашылық жұмысқа қосымша ұпай есептеледі.Үздік топ анықталып, орын белгіленеді.

    Бағалау қорытындысы төмендегідей болды

 

1    2    3   4   5

 қор.балл

  Шығар. тапсырма

Барлығы

Орны

А

20 20 20 20 20

100

5

105

I орын

В

20 17 20 20 20

97

5

102

III орын

С

20 20 20 20 19

99

4

103

IIорын

Д

20 18 20 20 20

98

3

101

IVорын

Е

20 18 19 19 19

95

5

100

Vорын

 

 

 

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Невада --Семей» қозғалысы.
Болашақ қуаты
Асқар Алтай. «Дегелеңдегі жарылыс».
Нано технологияның физикадағы рөлі
Ғабит Мүсіреповтің «Жапон балладасы» әңгімесі
Жер-Ана жыламасын
Зат есімнің жасалуы
Физика және Қазақстан энергетикасы
Табиғаттағы су. Судың құрамы, қасиеттері және қолданылуы.
Ғасыр дертінен құтылған тәуелсіз Қазақстан!
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2620 | Қосты: Еспенбетова Загира Нагметуллаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык