Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Күрделі сөздер. Ұстаз


Күрделі сөздер. Ұстаз

Сабақтың тақырыбы: Күрделі сөздер. Ұстаз

Сабақтың құзыреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттері:
А) ақпараттық құзыреттілік: Ақпарат көздері арқылы күрделі сөздер, оның түрлері жөнінде
                                                       және ғұлама ғалым әл-Фараби туралы мәлімет беру;
Ә) коммуникативтік құзыреттілік: Күрделі сөздердің жасалу жолдарын түсінуге баулу, ұлы
                                                                    ғалым туралы түсініктерін қалыптастыру.
Б) проблеманы шешу құзыреттілігі: Күрделі сөздерді оқыта отырып, ұстаздың қоғамдағы
                                                               орнын ұғындыру, сөздік қорын арттыруға дағдыландыру;
Сабақтың типі: Жаңа материалды хабарлау                       
Сабақтың әдісі: Таным белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер: түсіндіру, 
                                зерттеу, талдау, жүйелеу
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: Сын тұрғысынан ойлау және 
                                                                                                         дамыта оқыту технологиясы
Пәнаралық байланыс: Тіл білімі, қазақ әдебиеті, география, тарих
Қолданылатын көрнекіліктер: Ш.К.Бектұров «Қазақ тілі»,  Қ.Ибрагимов «Қазақ тілі»
оқулығы, «Шың» баспасы, дидактикалық материалдар, мультимедия, слайд.
 
 
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй жұмысын сұрақтар арқылы тексеру.
1.Адамның жасы дегенді қалай түсінесіз?
2.Мүшел жас деген не?
3.Балаларға берілетін атаулар.
4.Ер адам жасының бөлінуі.
6.Әйел адамдардың жас ерекшеліктеріне қарай аталуы.
ІІІ.Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық.
IҮ. Жаңа материалды түсіндіру.
Дәріс жоспары:
1. Күрделі сөздер туралы түсіндіру
2. Мәтін:                                                                  
                                                                                 Ұстаз
      Орта ғасырда Қазақстанның Отырар маңында (қазіргі Шымкент облысы) аты дүние жүзіне әйгілі, ұлы ғалым, энциклопедияшы Әбу Насыр әл-Фараби  (870-950) дүниеге келді.Оның балалық шағы Арыс, Сырдария бойында өтті.Отырар медресесінде дәріс алып, ондағы аса бай кітапханада  қолжазбаларды оқып меңгерді.Әбу Насыр білімін жетілдіру, ғылымды тереңдету үшін аса ірі мәдени орталық саналатын Бағдад қаласына келді.Мұнда ол Аристотель, Эвклид, Прометей еңбектерін оқып үйренді.
     Әл-Фараби 25-30 жас шамасында бүкіл дүниежүзілік ғылым-білімді терең де жан-жақты меңгеріп, енді өзі де құнды-құнды еңбектер жазды.Ол ғылым мен өнердің барлық саласы бойынша 150-ден астам еңбек жазған.Олардың ішінде «Музыканың ұлы кітабы», «Ғылымдар тізбегі», «Оргонон», «Алмагеске түсініктеме», т.б.еңбектері болашақ ғылымға жол ашты.Замандастары және шәкірттері оны «екінші Аристотель», «екінші ұстаз» деп атаған.
    Әл-Фараби математика мәселелерімен де көп айналысқан ғалым.Математиканы архитектура, жер өлшеу, астрономия және музыкаға шебер пайдаланудың үлгісін көрсеткен.
    Әл-Фараби аса үлкен музыкант, тамаша орындаушы және ақын болған.Ол домбыра, қобыз секілді аспап түрлерін жасап, бірнеше музыкалық шығармалар жазған.Ұлы ғұлама көп жыл шет жерлерде жүрсе де, өзінің туған Отанын бір сәт те ұмытпаған.Оған оның мына сағыныш өлеңі дәлел бола алады:
 
 
          Қашықтасаң туған жер-қалың елім,
          Қамығамын сағынып алау денем.
          Шаршадым мен, қанатым талды менің,  
 
1)Мәтінді оқыту.
2)Мәтін жоспарын құру.
 
 
Ү. Жаңа материалды  оқытушының көмегімен бекіту.
1.Мәтін бойынша бірнеше сұрақтар құрастыру. 
2.Мәтіннен күрделі сөздерді табу.
3.Мағынаны ажырату кезеңі. (Сөздікпен жұмыс)
 Дүниеге келу- 
Дәріс алу-
Қолжазба –
Меңгеру-
Жетілдіру- 
Тереңдету-
Жан-жақты-
Замандас-
Мәселе-
Ғұлама-
Дәлел-
4.Мәтіннен алынған сөздердің мағынасын ашу.
5.Мәтіннен алынған сөздерге синонимдік қатар жасау.
Ұстаз, әйгілі, дүниеге келді, дәріс алды, қала, шәкірт, ғұлама.
ҮІ. Жаңа материалды студенттің өз бетімен бекітуі.
1.“Фараби” сөзіне ассоциация құру:
1.Ірі кәсіпорын – Фабрика
2. Ақын еңбектерінің бірі – «Алмагеске түсініктеме» 
3. Қазақстан Республикасының белгілері – Рәміздері 
4. Ғалымды кімге теңеген - Аристотельге
5. Әбу Насырдың ғылым іздеп келген қаласы - Бағдат 
6. Адамгершілігі мол адам – Иманжүзді
2. СИНКВЕЙН немесе «Бес жол өлең» стратегиясы : 
1)бір зат есім- Фараби білімді
2)екі сын есім-- білімді, дарынды
3)үш етістік- дүниеге келді, атақты болды ,қызмет етті
 4)төрт сөзден құралған бір сөйлем –  Құнды еңбектер қалдырған ғұлама
5)синонимі: ғалым
3.Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдау:
Әл-Фараби –дүние жүзіне әйгілі ұлы ғалым. Ол Отырар маңында орта ғасырда дүниеге келді.Оның балалық шағы Арыс, Сырдария бойында өтті.Ол Отырар медресесінде оқыды.Сол кезде Бағдад ірі мәдени орталық болатын.Онда Әл-Фараби Аристотель, Эвклид, Прометей еңбектерін көп оқиды.Ол 150-ден астам еңбек жазған.Әл-Фараби бірнеше музыкалық шығармалар жазған.Ол туған Отанын қай жерде жүрсе де қатты сағынған.
4.Сөз құрамына талдау. 
«Музыканың ұлы кітабы», «Ғылымдар тізбегі», «Оргонон», «Алмагеске түсініктеме»
5.Кластер жинағы немесе «Топтастыру» стратегиясы: 
 Фараби кім?  - Дүние жүзіне әйгілі ғалым, энциклопедияшы. 150-ден астам еңбек жазған. «Музыканың ұлы кітабы», «Ғылымдар тізбегі», «Оргонон», «Алмагеске түсініктеме» атты  еңбектердің авторы. Математика, архитектура, жер өлшеу, астрономия, музыканы зерттеген. Аса үлкен музыкант, тамаша орындаушы, ақын. Домбыра, қобыз аспап түрлерін жасаған. «Екінші Аристотель»
6.Бекітуге арналған тест тапсырмалары.
1.Біріккен сөзді табыңыз.
А) Талдықорған
В) Ашық ауыз адам
С) Бес дәптер
Д) Қоңыр ала
Е) Тісін қайрады
2.Қос сөзді табыңыз.
А) Жүрегі алып ұшты.
В) Көктемгі демалыс.
С) Боранмен айқас.
Д) Көзін ала бере.
Е)  Қызылды-жасылды.
3.Қысқарған сөзді табыңыз.
А) Көз шырымын алды.
В) Әлек салды.
С) Кетіп бара жатыр.
Д) Оқуды үздік оқиды.
Е) Педколледжді бітірді.
4.Қайталама қос сөзді табыңыз.
А) балапандар
В) бала-шаға
С) анда-санда
Д) бетпе-бет
Е) сап-сары
5.Бір сыңары мағынасыз қос сөзді табыңыз.
А) сары-көк
В) киім-кешек
С) тарс-тұрс
Д) өз-өзіне
Е) таудай-таудай
6.Екі сыңары да мағынасыз қос сөзді табыңыз.
А) ағалы-інілі
В) басқа-басқа
С) жекпе-жек
Д) оқта-текте
Е) жап-жасыл
7.Қысқарған сөзге қате жалғанған қосымшаны табыңыз.
А) ҚР-на
В) медбикеге
С) ТМД-на
Д) БҰҰ-ны
Е) см-ден
8.Қысқарған шартты белгіні табыңыз.
А) педкеңес
В) ҰБТ
С) ҚазПИ
Д) га
Е) т.с.с.
9.Сыңарлары антонимдес қос сөзді табыңыз.
А) уақ-түйек
В) құрбы-құрдас
С) жасыл-сары
Д) алба-жұлба
Е) ары-бері
10.Сыңарлары синонимдес қос сөзді табыңыз.
А) ірілі-ұсақты
В) қысы-жазы
С) үлкен-үлкен
Д) салдыр-гүлдір
Е) ағайын-туыс
 
ҮІІ.Үйге тапсырма. 
1.Күрделі сөздерге бірнеше мысалдар келтіру.
2.Әл-Фараби туралы қосымша ақпарат жинақтау.
ҮІІІ. Қорытындылау. Бағалау.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Отырар мен Түркістан, Ғылымда жолы бір дастан
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
Әл-Фараби шығармаларының тәрбиелік мәні
Әл-Фараби өлеңдері
Қосарлама қос сөздер
Біріккен сөзді тап
Әбу Насыр әл-Фараби
Әбу Насыр әл-Фараби өлеңдері
Қазақстанда ғылым мен өнердің дамуы
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 5330 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык