Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Әбу Насыр әл-Фараби өлеңдері


Әбу Насыр әл-Фараби өлеңдері

Сабақтың тақырыбы: Әбу Насыр әл-Фараби өлеңдері

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әбу Насір әл-Фараби туралы мәлімет беру. Өлеңдерімен таныстыру, мағынасын ашу.
Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу 
2. Сынып оқушыларын түгелдеу
3. Сабаққа назарын аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Жаңа сабақ
  Бүкіл шығыс ғалымдары Аристотельден кейінгі екінші ұстазымыз деп таныған 
 Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында дүниеге келген. Оқу-білім іздеумен сол кездегі Араб халифатындағы ірі білім орталығы болған Бағдатқа кетіп, Сирияда, шам шаһарында қайтыс болған. Өз ана тілі түркі тілінен басқа араб, парсы, түрік тілдерін жетік біліп, түрлі ғылымдар бойынша 100-ден астам еңбек жазған. 
            Өлеңдері

Қағаздың түсіп бетіне,
Сызықтай бейне тартылған.
Тап болып, жігер сарқылған,
Кездейсоқ өмір өтіне,
Қайыспай тұрса нар тұлғаң.

Сонда да беріп кетеміз,
Жүректің отын молында
Арманды аңсап өтеміз,
Біз ұлы мұрат жолында.

Қайтейін мен көкжиек көңілімді,
Келер күнге үмітпен жол ашамын.
Қос шөлмекпен өткіздім өмірімді,
Соны медет етеді болашағым.

Өлең шумақтары Менің түсінігім
1 шумақ

Бір шөлмекте көк сия толып тұрса,
Екіншіде – шарап бар жайы мәләм.
Даналықты сиямен молықтырсам,
Шарабымен шерімнен айығамын. 

Бауырым, қанша сүйгенмен,
Өтеді өмір күйбеңмен.
Шындыққа бас тік алаулап,
Пенделіктен бол аулақ.
Жататын дәйім жаңғырып,
Бұл ғұмыр емес мәңгілік.
Бейопа мына заманда,
Бақұл боп кетер адам да.
Жұрт кілең күнін көп қызық,
Жіберер зая өткізіп. 


ІV Сабақты пысықтау
1. Әл-Фараби кім?
2. Ғылымның қандай салаларымен айналысқан?
3. Өлеңдерінде қанда ойлар айтылған?
VІ Үйге тапсырма: Қорқыттың өлеңдерін жаттау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Әл-Фараби өлеңдері
Әл-Фарабидің лирикалық өлеңдері
Қорқыт ата
Түркі тілдерінің жинағы
Орхон - Енисей жазба ескерткіштері
Қорқыттың нақыл сөздері
Әбу Насыр әл-Фараби
Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат
«Даналық кітабындағы» сопылық хикметтер
Сүлеймен Бақырғани. Құтты білік
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 23272 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 6 октября 2015 16:32
""""
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык