Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 5370 |
|
|
|
Бақылау диктанты
Сабақтың тақырыбы: Бақылау диктанты
Сабақтың мақсаты.
1.Білімділік: Оқушылардың білім деңгейін тексеру
2.Дамытушылық: Таза ,сауатты жазуға дағдыландыру
3.Тәрбиелік: Үлкенді сыйлауға , адалдыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: диктанттар жинағы Қаралы сұлу (М Әуезов)
Сабақтың түрі: бақылау сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу
Сыныпты және оқу-құралдарын түгендеу
ІІІ. Жаңа сабақ Мәтінді оқып, оқушылармен сөздік жұмыс жасау
Мәтінді толық оқып шығу , сөйлеммен оқу, сөз тіркесімен оқу, тыныс белгілерін қою үшін сөйлемді қайталап оқу, жазып болғаннан кейін мәтінді толық оқып шығу
Қаралы сұлу (М Әуезов)
Алты жыл қаралы, қайғылы алты жыл өтті. Әрбірі бір-бір өмірдей сарылған ұзақ. Қара жел үзілмей соққан күздің суық күніндей қуарған жүдеу жылдар... Содан бері Қарагөз қаралы тор бұлбұлындай, бұл төсектің иесі. Сансыз көп күндер өтіп жатса да, не бір жаңа үміт әкеліп сергіткен, не болмаса жүдеу көңілді бір сағатқа болса да селт еткізіп алаңдатқан мезгіл болған емес. Қарагөз бұл өмірге әбден мойындап болған. Көп жыл бойына созылған қаралы күй Қарагөз өмірінің қалпы болған. Күндегі дағдысы, салты болып кеткен... Күздің айсыз қараңғы түнінде, түнғатып жүрген жолаушы ұзақ қараңғылыққа қалай мойындап бағынса, Қарагөз де сондай мойындап, көніп болған... Содан бөлек халді көксететін өзге түрлі ой келсе, оны көңліне дарытпай, өшіруге асырады.
Сол Қарагөздің аулы бүгін қалың таудың ішімен жайлаудағы көк шалғынды, салқын сулы шалқар қонысқа көшіп келе жатыр. Таң қылаңдап келе жатқаннан жүгін арта бастаған ауыл жаздың күні жақын белден жаңа қызарып шығып келе жатқанда ескі жұртынан жөнелген.
V. Сабақты қорытындылау
VІ. Үйге тапсырма беру.
Сынаққа дайындалып келу
VІІ. Бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |