Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Диктант



Сабақтың тақырыбы: Диктант

Сабақтың мақсаты. 
1.Білімділік:  Оқушылардың білім деңгейін тексеру
2.Дамытушылық: Таза ,сауатты жазуға дағдыландыру
3.Тәрбиелік: Үлкенді сыйлауға , адалдыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: диктанттар жинағы   Дермене         (170 сөз)
Сабақтың түрі: бақылау  сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: 
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу
Сыныпты және оқу-құралдарын түгендеу
ІІІ. Жаңа сабақ  Мәтінді оқып, оқушылармен сөздік жұмыс жасау
Мәтінді толық оқып шығу , сөйлеммен оқу, сөз тіркесімен оқу, тыныс белгілерін қою үшін сөйлемді қайталап оқу, жазып болғаннан кейін мәтінді толық оқып шығу
                                    Дермене 
Бала деген де арнада өсер құрақ секілді, сәл көзден таса болса, есейіп, естияр боп қалады екен. Осы бір жапырақ қара бала үшін май боп еріп, жалпылдақ боп жанып кетуге дайын қушиған кемпір оны бұрынғысындай қасына отырғызып, айналып-толғанып, біраз мауқын басып алғысы келіп еді, баласы түспегір ұяла ма қайтеді, төмен қарап күлімсіреді де, өзі мен шалдың қақ ортасына малдас құрып отырып, байсалды кейіппен шай ішуге кірісті. Үйреншікті мекенінен секем алған киіктей кемпірдің жүрегі басын көтеріп алды. Ол немересіне көз кідіртіп ұзақ қарады, қанша қарағанмен монтиып қана кесе күтіп отырған оның бар болмысынан бұрынғы сәби кескінді таба алмай мейірімі өгейсиді. Бес құрсақ көтеріп, бес бала өсіріп, төртеуінен соғыста, соңғысынан қарадай айырылған кемпір мына немересінің де балалықтан кетіп, осы аз ғана уақыттың ішінде жөргек иісін жусан иісімен айырбастап келгенін байқап үлгерді. 
Көңілі соған құлазыды. Әйтсе де көпті көрген кәрі жүрек осы құлазудың ар жағында сәуірден кейін қаулап өсер қозы желкектей үлкен мәртебенің күн санап жақындап келе жатқанын, ол мәртебе – арттарында қалатын жалғыз тұяқтың ер жету мәртебесі екенін және оның қуанышы немересі есейгенге дейінгі нәзік қуаныштан әлдеқайда салмақты, әлдеқайда биік екенін ұғынып, іштей тәңірге жалбарынып қойды.                             

V. Сабақты қорытындылау
VІ. Үйге тапсырма беру.
Сынаққа дайындалып келу
VІІ. Бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Диктант
Бақылау диктанты
Бақылау диктанты
Диктант
Диктант
Бақылау диктанты Жетім
Шығарма Ана-өмір шуағы
Шығарма Ежелгі дәуір әдебиеті
Шығарма Туған жер- тұғырым
Бақылау диктанты
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 5228 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык