Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бақылау диктанты


Бақылау диктанты

Сабақтың тақырыбы: Бақылау диктанты

Сабақтың мақсаты. 
1.Білімділік:  Оқушылардың білім деңгейін тексеру
2.Дамытушылық: Таза ,сауатты жазуға дағдыландыру
3.Тәрбиелік: Үлкенді сыйлауға , адалдыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: диктанттар жинағы   Абай жолы   (171 сөз)
Сабақтың түрі: бақылау  сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: 
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу
Сыныпты және оқу-құралдарын түгендеу
ІІІ. Жаңа сабақ  Мәтінді оқып, оқушылармен сөздік жұмыс жасау
Мәтінді толық оқып шығу , сөйлеммен оқу, сөз тіркесімен оқу, тыныс белгілерін қою үшін сөйлемді қайталап оқу, жазып болғаннан кейін мәтінді толық оқып шығу
Қонақ үйі шешелер үйіндей емес, сыртынан да салқын, үнсіз. Абай есіктен кіре, үйде отырған  үлкендерге ашық дауыспен, айқын етіп сәлем берді. Үлкендер де мұның сәлемін дауыстап алды. Кісі көп емес, Құнанбай мен Майбасар, Жұмабайдан басқа осы өңірдегі Тобықтының белгілі үлкендері: Байсал, Бөжей, Қаратай, Сүйіндік екен. Және осылардың жанына ерткен жас жолдасы тәрізді Байсалдың немере інісі - бала жігіт Жиренше бар. Абайдан жасы үлкендеу болса да, ол құрбыша ашына еді. 
Әкесінің бағанағы кешке күткен кісілері осы үлкендер болды. Абайдың бала күнінен сезетін бір жайы: мұндай кісілермен, әсіресе, дәл осы төрт-бес кісімен бас қосу ел ішінде басталатын бір үлкен істің, оқшау істің белгісі болатын. Оларды әкесі ежелгі дағдысы бойынша әдейі шақыртып алған сияқты. 
Бұрын ондай сөздеріне Абай араласып та, тыңдап та көрмеген. Бүгін бірінші рет әдейі алғызып отыр. Бір ойдан Абай өзіме бірдеме айтпақ па екен деп те ойлады. Бірақ ешнәрсенің қисынын таба алмады. 
Абай келіп отырысымен анау үлкендер бұдан: қала жайын, оқу жайын, саушылығын сұрастырды. Өзге үлкендер ішінде Абайға, әсіресе, көңіл бөлген сөзуар, жарқын жүзді Қаратай. Ол Абайды көре отырып, Құнанбайдың өзге жас балаларын да еске алды.


V. Сабақты қорытындылау
Мәтін қай шығармадан алынған авторы кім?
VІ. Үйге тапсырма беру.
Сынаққа дайындалып келу
VІІ. Бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ұлы жолдың бастауы
Диктант
Диктант
Бақылау диктанты
Диктант
Диктант
Бақылау диктанты Жетім
Құнанбаев Өлең сөздің патшасы
Бақылау диктанты
Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 42606 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык