Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 3242 |
|
|
|
Сөзжасамнан өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Сөзжасамнан өткенді қайталау (фонетика,лексика тарауы бойынша)
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Оқушылардың алған білімін жүйеге келтіру , сапалылығын тексеру.
дамытушылық: Ойлау дағдысын , тілін дамыту
тәрбиелік:Тіл лазалығын сақтауға баулу, ұлттық мұраны қастерлеуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: сайыс сабақ
Әдісі: сұрақ – жауап , көрнекілік
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті , математика
Көрнекілігі: кеспе қағаз , киіз үй бөліктері
Технология:Сын тұрғысынан ойлау
Деңгейлеп саралап оқыту
Барысы: Ұйымдастыру
Кел , балалар, оқылық
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!– деп Ыбырай атамыз айтқандай ,
бүгінгі сабақта біз көңілге қаншалықты білім тоқығанымызды сарапқа саламыз.Олай болса:
Жүйріктен жүйрік озар шабысқанда,
Күштіден күшті озады алысқанда
Білімді шәкірттер де көзге түсер
Саралап білімдерін жарысқанда , - деп сабағымызды бастаймыз.
1. Ой шақыру стратегиясы – «Бәйге»
1) Біз осы кезге дейін тіл білімнің қандай салаларымен таныстық ?
2) Лексика нені зерттейді ?
3) Фонетика нені зерттейді?
4) Фонема деген не ?
5) Сөзжасам түрлерін ата
6) Ашық дауыстылар саны – 6 : а-ә,о-ө,-е-ә
7) Ұяң дауыссыздар саны – 8 : б,в,г,ғ,д,ж,һ
8) Үнді дауыссыздар саны – 7: р,л,й,у,м,н,ң
9) Еріндік дауыстылар саны – 5: о,ө,ұ,ү,у
10) Қысаң дауыстылар саны – 6 : ы,і,и,у,ұ,ү
2.« Жорға »
Фонетика бөлімі бойынша жазба жұмысы
Математикалық талдау
1-топ
Берілгені: қарбыз
Табу керек : О = +
Шешуі: 6 = 2 + 4
2 = а,ы-жуан
2 = а –ашық , ы- қысаң
4 = қ-қатаң
б,з – ұяң
р – үнді
2. Лексика тарауы бойынша:
1) Синоним деген не ? Мысал келтіріңіз
2) Антоним деген не ? Мысал келтіріңіз
3) Омоним деген не ? Мысал келтіріңіз
4) Сөздердің көп мағыналығы туралы не білесің ? Мысал келтіріңіз
5) Фразеологизм деген не ? Мысал келтіріңіз
6) Табу деген не ? Мысал келтіріңіз
7) Эвфемизм деген не ? Мысал келтіріңіз
8) Десфемизм деген не ? Мысал келтіріңіз
9) Архаизм деген не? Мысал келтіріңіз
10) Диалект , говор туралы не білесің ? Мысал келтіріңіз
4. Деңгейлік тапсырма.
1-деңгей.
а) алыс
ә) жылдам сөздерінің синонимдік қатарын түзе
2-деңгей
а) алыс
ә) жылдам сөздерін тұрақты тіркеспен ауыстыр
3-деңгей. Мәтін құрастыр.
5. Кеспе қағаздардағы сөздерді орналастыру арқылы қазақтың баспана түрлерін құрастыру
6 қанат ақ отау Жолым үй Итарқа
6. Сөзжасам тарауы
1) Түбір дегеніміз не ? Мысал
2) Қосымша деген не ? Оның неше түрі бар?
3) Түбірлес сөздер деген не ? Мысал
4) Қос сөздің неше түрі бар?
5) Тіркесті сөздер деген не ? Мысал
6) Қысқарған сөздердің жасалу жолдары ?
7) Қайталама қос сөздердің жасалу жолдары ?
8) Қосарлама қос сөздердің жасалу жолдары ?
7.«Дода»
Тарау бойынша жазба жұмысы
Өздік жұмысы. Мына төменде берілген сөздерді топқа бөліп жаз:
Бірте – бірте , қолма –қол , бірқазан , бүгін , биыл , БҰҰ , педколледж , ата –ана, шай –пай, ҚазМУ , АН – 24 , әлдеқашан , еңбеккүн.
Сабақ бойында оқушылар жинаған балл есептеліп , бағаланады.
40-50 балл – «5»
20-40 балл «4»
20-30 балл – « 3 »
Оқушылар өздерін - өзі бағалайды.
Сабақты қорытындылау:
Не нәрсені де істеуге
Икемді тұрған баланы
Ілімді десе болмас па ?
Үйреткенді зердереп
Тоқып алған баланы
Білімді десе болмас па ? – деп сабағымызды аяқтаймыз.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |