Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 3156 |
|
|
|
Мәтіннен өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Мәтіннен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мәтін бойынша теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, нақтылау.Мәтін түрін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру. Шығармашылық қабілетін шыңдауға бейімдеу.
Тәрбиелік: Ой алғырлығы мен тапқырлық,бейнелі сөйлеу шеберлігіне бағдар беру. Еңбексүйгіштікке, отаншылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білімді бекіту сабағы
Сабақтың көрнекілігі: үлестірме қағаздар,тест, «білімділер аралы». интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: әдебиет,математика,бейнелеу өнері.
Әдіс-тәсілдер: зерделей-ізденіс, ой қозғау,ойын, «ти» кестесі,т.б.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру.
« Білімділер аралынан» келген хатты оқып беру.
Хат мазмұны:
-Сәлеметсіздер ме? 5 - сынып оқушылары,сіздерге бүгінгі сабақта тек сәттілік тиілейміз!Өздеріңнің білімдеріңді еркін де ерік жеткізе алатындарыңа сенімдіміз.
ІІ Тапсырмалар топтамасы:
1.«Мәтін атаның сұрақтары» Сұрақ – жауап әдісі арқылы сұрау.
1. Мәтін дегеніміз не?
2. Мәтін неге негізделеді?
3. Мәтіннің қандай түрлері бар?
4. Мәтін неден құралады?
5.Хабарлау мәтіні дегеніміз не?
2.Кім көп біледі?
16 – жаттығу
1. Осы сөйлемдердің жиынтығын мәтін деуге бола ма?
2. Қанша сөйлемнен құралған?
3. Сөйлемдер бір – бірімен мағыналық жағынан байланыса ма?
4. Мұнда неге сипаттама берілген?
5. Бұл сөйлемдер жиынтығы жазып қалдырған зерттеу ме, әлде ауызша айтылған әңгіме ме?
17 – жаттығу
1. Мәтінге тақырып қойыңдар
2. Тірек сөздерді табыңдар.
3. Іле өзенін картадан көрсетіңдер.
4. Бұл мәтін аңыз әңгімеге жата ма?
3.«Гүл құрастыру» ойыны.
Ойын шарты: Берілген сөздердің арасынан мәтіннің түрлерін тауып құрастыру.
Берілген сөздер: Баяндау,кесте,суреттеу,амал,сипаттау, ою, хабарлау,жазу,әңгімелеу.
5. Оқулықпен жұмыс
19 – жаттығу (ауызша)
Тапсырманы топ – топқа бөлініп орындау.
1. Шоқан мен әжесі әдеби тілдің қай формасында әңгімелесті
2. Мәтіндегі Шоқан мен әжесі әдеби тілдің көркемдігін танытатын қандай тапқыр сөздерді пайдаланғанын айтып беріңдер.
21 – жаттығу ( жазбаша)
5.Тақтамен жұмыс (Мәтіннің арасынан зат есім мен етістікті табу «Ти» кестесін толтыру)
6. Сергіту сәті.
7. Ойлан,тап. (Сурет бойынша мәтін құрастыру,түрін ажырату)
8.Жеке жұмыс.
І деңгей
25 – жаттығу
Төмендегі өлең жолдарынан ойдың байланысына қарай шумақтарды қайта құраңдар. Мәтінге ат қойыңдар
ІІ деңгей
26- жаттығу
Бауыржан Момышұлының ойын әрі қарай жалғастырып шығарма жазыңдар.
ІІІ деңгей
27 –жаттығу
Өз ана тілің, оның сөз байлығы туралы ойланып, өз пікірлеріңді айтып беріңдер.
ІІІ Сабақты қорытындылау. Бес жолды өлең
1.Зат есім
2.Сын есім,сын есім
3.Етістік,етістік,етістік
4. сөйлем
5. синоним
ІҮ Оқушыларды бағалау.
Ү Үйге тапсырма беру.
1-топ: Суреттеу мәтінін құрап келу.
2-топ: Хабарлау мәтінін құрап келу.
Мұғалім сөзі: - Ал,балалар, «білімділер аралынан» келген кезекті хатымызды ашып көрелік.
Хат мазмұны: Жарайсыңдар,балалар!сіздер бүгінгі сынақтан сүрінбей өттіңіздер.Өз еліңнің білімді азаматы бола алатындарыңды дәлелдедіңдер.Сондықтан мына сыйлықты қабыл алыңыздар.Еліңе еңбек етуге ешқашан да жалықпаңдар!
Автор орындығы: Оқушылардан сабақ бойынша ойларын сұрау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |