Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мәтін.



Мәтін.

 

Сабақтың тақырыбы: Мәтін.

Сабақтың мақсаты: 

1. Оқушыларға мәтінің бөліктері туралы түсінік беру. Дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құру арқылы сөйлемдердің байланысын көрсету. Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтау.

2.Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын сөйлеу тілін дамыту.

3. Ұйымшылдыққа,адамгершілікке ,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Әдісі: СКТТ, түсіндіру, талдау, ой қозғау, мағынасын ашу, ойын.

Түрі: сайыс сабақ

Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, еңбек

Көрнекілігі: интерактивтік тақта, Ms Power Point слайдтар, сюжетті суреттер,геометриялық фигуралардан трактордың суретін құрастыру.

Сабақтың барысы:

I .Ұйымдастыру кезеңі.

а) сәлемдесу

-Балалар,неше жыл мезгілі бар?

 

Топқа бөлу: Күз,қыс,көктем, жаз.

Әрбір дұрыс жауап әр жыл мезгілдің сыйымен  бағаланады.

-Олай болса, балалар,бүгінгі сабағымызды бастаймыз,әрбір ісімізге мұқият болайық.

-Олай болса,Абай атамыздың 4 жыл мезгілдеріне арналған өлең шумақтарын тыңдайық!

II. Өткенге шолу.

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Біз өткен сабағымызда дауыссыз дыбыстардың түрлерін өткен болатынбыз. Сол тараудан білімдеріңізді тексерейік.

Ойын: «Өрмекші»

1.10. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3-ке  ұяң,үнді,қатаң)

1.20.Қатаң дауыссыздарды ата. (к,қ,с,т,п,х,ч,ц,ф,ш,щ,һ)

2.10.г әрпіне дыбыстық сипаттама жасау.(дауыссыз,ұяң,шұғыл,тіл ортасы)

2.20.Ұяң дауыссыздарды ата.(б,в,г,ғ,д,ж,з)

3.10. “Кітап” сөзіне дыбыстық талдау жаса

3.20. р әрпіне дыбыстық сипаттама жаса.(дауыссыз, үнді, діріл дауыссыз, тіл алды)

4.10. Үнді дауыссыздарды ата.(л,м,н,ң,р,й(у))

4.20. к  дыбысына дыбыстық сипаттама (дауыссыз, қатаң, шұғыл,тіл ортасы)

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жыл мезгілдерінің суретін көрсету.

Әр топ өздеріне сай суретті таңдайды. Соған сөз ойлайды, сөзден сөйлем құрастырады. Сөйлемнен мәтін құрастырылып шықты.

-Енді айтыңдаршы,әріптен не құралды? (сөз)

-Сөзден не құралады? (сөйлем)

-Сөйлемнен мәтін құрастырылады екен.

Мәтін мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтінге ат қоюға болады.Мәтіннің басы,негізгі бөлімі.соңы болады.Мәтіннің түрлері: Әңгімелеу не істеді?,Сипаттау қандай?,Пайымдау неліктен?.

135-ж Бағандағы сөйлемдерді салыстыру.

ІҮ. «Бал жинау» ойнау.

Ү. Дәптермен жұмыс.

Тақтадан геометриялық фигуралардың суреті көрсетіледі.

-Суреттен не байқадыңдар?

-Күзде егін піседі,оны жинау үшін нелер керек?

-Техника. Қандай техникаларды білесің?

-Комбайн,трактор,жүк машинасы

-Мына геометриялық фигуралардан осы техниканың біреуінің сұлбасын құрастырамыз.Әр сөйлемді дұрыс мазмұнына қарай қойсаңдар сол техника шығады.

136-ж. Енді мына тапсырманы орындап көрейік. Не байқадыңдар?

-Сөйлемдердің орны ауыстырылып берілген.

Бірінші сөйлемді мұғалім қояды. Қалғандарын 1-1ден 4-топ құрастырады.

«Мынау менің бөлмем. Оның терезелері үлкен. Оң жақта менің төсегім тұр. Сол жақта үстел,орындықтар қойылған.Бөлменің ауасы таза».

-Демек,балалар,мәтіннің құрамындағы сөйлемдердің де өз орны болады екен. Бір-бірімен байланысты сөйлемдер ғана мәтінді құрайды.

ҮІ. Бөлме сөзіне фонологиялық талдау жасату.

                                          Бөлме

                                             1.Жіңішке буынды сөз.

                                      2. бөл-ме 2 буынға бөлінеді

                                 3. бөл-      1жағдайда тасымалданады

                                      ме

                              4. бөлме

 

ҮІІ. Сергіту сәті.

Тақ,тақ,тақ(аяқ тарсылдатады)

Айтамыз біз (тақпақ)

Рақ,рақ,рақ (шапалақ)

Күзде түсер (жапырақ)

Қол,қол,қол (шынтақ)

Күзде егін (мол)

Тоқ,тоқ,тоқ(парта)

Шыбын-шіркей (жоқ)

ҮІІІ. 137-ж. «Қайсысы бұғы» ойын.

1.Бұғы қандай жануар?

2. Оның қандай ерекшелігі бар?

3. Бұғы немен қоректенеді?

-Мәтін қандай тақырыпқа құрылған ?

-Бұғы тақырыбына.

-Қане, ат қойып көрейікші.

-Бұғы.

-Олай болса,бұғы сөзіне фонологиялық талдау.

Бекіту: 139-жаттығу

-Сонымен мәтін дегеніміз не?

-Мәтін екенін қайдан білеміз?

-Мәтіннің неше түрі бар?

ІХ. Үйге тапсырма.

138-жаттығу.

Тақтадан слайдтан суреттер көрсету арқылы сөйлем құрайды. Ат қояды.

 Х. Бағалау.

Жыл мезгілдеріне байланысты аппликация құрастыру.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Пп"дыбысы мен әрпі
Мәтіннің құрылымы
Мәтіннің түрлері
Фонетикалық талдау
ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР, ТҮРЛЕРІ
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Буын түрлері
«Дауыссыз дыбыс» тақырыбы бойынша
Хабарлы сөйлем
Әр алуан мәтін түрлерін ажырату
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3037 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык