Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сыйлықтар, Нәтиже сабақ


Сыйлықтар, Нәтиже сабақ

СыйлықтарНәтиже сабақ

Сабақтың мақсаты:
 а) Білімділік: «Сыйлықтар» деген тақырыпта өтілген 
материалдарын қайталау арқылы оқушылардың ойын айта білуге үйрету.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін, ой - өрістерін сын  тұрғысынан ойлау, тапсырмаларын орындату арқылы дамыту,  сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, пікір алысуға үйрету
б) Тәрбиелік: «Алтын қақпа» ойыны арқылы сыйлықтар сөзінің мағынасын меңгерту, әдеп-ғұрыпты, салт – дәстүрді үйретуге, қастерлей білуге  тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: «Алтын қақпа» макеті, сөзжұмбақтар, слайд, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: «Алтын қақпа»  ойын сабақ.
Сабақтың типі: қорытынды сабақ
Сабақтың барысы: 
I Ұйымдастыру кезеңі
ә) Оқушылармен сәлемдесу
а)  Оқушыларды түгендеу  
б) Оқу құралдарын тексеру
II Үй тапсырмасын тексеру 
 I топ     Мерекелерде, мерейтойларда айтылатын тілектер.
II топ     Ата – аналарыңа, достарыңа  берілетін сыйлықтар
III Жаңа сабақ
Балалар, бүгін  біз «Сыйлықтар» деген тақырыпта өткен қорытындылауға нәтиже сабағымызды  «Алтын қақпа» ойыны түрінде өткіземіз. Сынып екі топқа бөлініп  әр қақпаның тапсырмаларын орындау арқылы өз білімдеріңді көрсетесіздер.
1. Оқушылар алдымен «Тас қақпа» тапсырмаларын орындаймыз
I  топ
 
                          Жауабы: «Сыйлық» 
                        1. Сыйлық берілетін қуаныштар
                        2. – Сәуле сен апама не сыйлайсың?
                        - Әкем дүкеннен иісмай әкеп беремін деді, соны сыйлаймын. 
                        Апай иісмайды жақсы көреді, - деді
                         Үзіндіні оқы қай мәтіннен екенін айт
 II топ. Сөйлемдердің мағынасын түсініп, көп нүктенің орнына сәйкес керекті жалғауларын қойып көшіріңдер. Тұйық етістіктерді белгілеңдер. 
1. Сыйлық  . . . қалай ұсын . . . , ол сондай әсер қалдырады     - ға, - ты
2. Алыстағы адам . . . сыйлық . . . басқа кісіден беріп 
жіберуге болады                                                                            - ты
3. Сыйлық . . . бірге хат жолдап, құттықтау айтқан жөн           - ты, - саң
4. Сыйлық . . . кешіктірмей жеткізу керек                                   - пен
 
III Автор орындығы
Оқушылардың авторға қойған сұрақтары:
1. Сіз бұл әңгімені не себепті жаздыңыз?
2. Сәлім не үшін сыйлық сатып алмады?
3. Сәуленің сыйлығына анасы қуанды ма?
II топ. Кітапқа немесе тарту етіп отырған картинаға арнап туған күн иесіне құттықтау сөзін жазыңдар.
IV Кейіперлер  орындығы
1. Мұнда оқушылар «Сәуле» бейнесінде бір оқушыға өз сұрақтарын қойды.
1. Сәлім  сен неге анаңа сыйлық алмадың?
2. Сыйлық тұралы неге Сәліммен ақылдаспадың?
3. Неге Сәлімнің айтқанын орындамадың? т.б
 
 
1. топ. Тапсырмалар. Тест сұрақтарына жауап бер.
1.Нұсқаулардың қайсысы дұрыс берілмеген?
А) әйелдерге – иісмай В)балаларға – жүзік С) ерлерге – галстук Д) қыз балаларға – парфюмерия
2. тұйық етістіктің  жұрнағы
А)  ны, - ні, - ді, - ді   В) – лар, -лер, - дер, - мін   С) – у     Д) – ыу, іу
3.Лепті сөйлемді табыңдар 
А)Жақыныңды жаралама   В) Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін    С) Түу, таңда күн күркірегені  қандай  қорқынышты    Д) Не жазып жүрсіз
4. Берілген сөйлемге қандай тұйық  етістікті  қойғанда сыйлықты тарту мәні шығады. Сыйлықты . . .
А) сату    В) ұту   С) сыйлау    Д) бөлу
Сөздерді буынға бөліп  жаз, түрлерін ажырат
Мерекелер, талғамы, қызықтар
Қатені тап
Си - лы - ғым, сур – ет – ші – сің, нау – рыз
«кластер»  әдісін құра 
II топ. Суретте бейнеленген заттардың ішінен қайсысын анаңа сыйлар едің?
Сөздерді орыс тілінен аудар
Туған күн, мерейтой, 8 наурыз, мұғалімдер күні.
                                                    Алтын қақпа
I топ. Тапсырма: 1 Сөзжұмбақтың илеуін тап
1. Жаман сөзінің антонимі
2. Құрметтеу, ардақтау, қадірлеу  сөзінің синонимі
3. «Юбилей» сөзінің аудармасы
4. Сөйлемнің түрі 
5. Сыпайылықты білдіретін  гүл
6. Қызға сыйлайтын гүлдің аты (қызыл)
«Не сыйласам болады екен?» деген тақырыпта шағын әңгіме жазыңдар.
II  топ 1.Сөзжұмбақты шеш.
1.Шақ түрі
2. «Биік» сөзінің антонимі
3. Тұйық етістіктің тәуелденуі
4. 1  желтоқсан қандай мейрам
5. Лепті сөйлемнің жасалу жолдары
6. Қыранның суреті салынған Рәміз түрі
«Не сыйласам болады екен?» деген тақырыпта шағын  аңгіме жазыңдар
                                         «Алтын сандық»
I топ. Мәтінді оқы, мазмұнын айт 
Сыйлық таңдау
Сыйлықтың қымбат, пайдалы зат болуы  міндетті емес. Бірақ алған сыйлығың  ол адамға ұнайтындай  болуы керек. Сыйлықты таңдағанда ол сенің де  талғамыңды  танытып тұратын болсын. Пайдалы немесе пайдасыз да сыйлықтар бар. Сенің жақсы көрген  сыйлығың басқа адамға  ұанамауы да,  керексіз, пайдасыз болуы да мүмкін. Эстетикалық талапқа сай келмейтін  заттар да  сыйлыққа   жарамайды. Қымбат сыйлық  беру адамның материалдық жағдайына байланысты.  Мұндай  сыйлықтарды бірнеше адамның бірігіп алғаны дұрыс. Досына, туысына  арнап  шығарылған өлең, ән, салынған суреттен қымбат сыйлық жоқ.
II топ     Ана
Ана ардақты есім. Өмірдегі ең асыл, мейірімі шексіз жан. Анамызға сыйлық сыйлау біз үшін  үлкен бақыт  болуы тиіс. Қаншалықты  сыйлық берсең де,  оның ақ сүтін  ақтай алмаймыз. Ана үшін  ең бақытты  сәт – баласының  аман болуы. Аналарды құрметтеу, сыйлау  - бізге парыз. Оларға өз алғысымызды білдіретін   мерекелердің бірі – халықаралық 8 наурыз мерекесі. Мереке қарсаңында  аналарға  сыйлық      тартсаң та жарасады. 
 Қорытынды.
- Міне, балалар, өте жақсы. Бүгінгі «Алтын қақпа» ойын сабағымыз   бойынша   екі топ мүшелері де өте  жақсы қатысып, өз білімдерін көрсете білді. Ойынның шарты бойыншы сіздерге өз «Алтын»    сандықтағы  сыйлықты естелік ретінде табыс етемін.
V  Үйге тапсырма: келесі «Жаз» модулі бойынша Абай Құнанбаевтың «Жаз» өлеңін жаттап келу  VI Бағалау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Алтын қақпа»
Қазақстаның демалыс орындары
Елнұр туған күнге сыйлық таңдайды
Кімге не сыйлау керек? Жекіру одағай
Сыйлық берілетін қуаныштар
Анама қандай сыйлық сыйлаймын?
Алтын қақпа
Анама қандай сыйлық сыйлаймын?
«Алтын қақпа» зияткерлік ойыны
Халықаралық әйелдер күні
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 11533 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык