Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Менің Отаным Қазақстан


Менің Отаным Қазақстан

Менің Отаным Қазақстан

Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан

Мақсаты:  Еліміздің коп ұлттылығын, әрбір ұлтпен тату-тәтті өмір сүру қажеттілігін, еліміздің елтаңбасы, Әнұранын, Туын қастерлеуді түсіндіру. Қазақстанның жерімен, елімен, тарихымен таныстыра отырып, адамгершілікке баулу.Балалардың сөздік қорын молайту, өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.

ӨДІС ТӘСІЛДЕР: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойындар, әңгімелеу.

КӨРНЕКІЛІГІ: ҚР рәміздері, ҚР картасы, глобус,

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

- Балалар, ертеңгісін көзімізді ашып, терезеге қарасақ, алдымен нені көреміз? Әрине, күнді, күннің нұрын көреміз. Егер жарқырап, нұрын шашып тұрса, қалай   қуанамыз?

Қуан!Шаттан! Алақай!

Қуанатын күн келді!

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Күліп шықты күн де бүгін!

-         Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Менің Отаным-Қазақстан. Мақсаты сендердің Отан туралы ұғымдарынды тереңдете түсу.

Отан дегеніміз не, кәне жауап беріп көрейік.

1-бала: Отан отбасынан басталады.

2-бала: Отан біздің туып-өскен жер.

3-бала: Отан –сенің ата-анан,

Отан – досың бауырын,

Отан - өлкең астанан,

Отан – аудан бауырың.

Балалар, біз қандай ел, мемлекетте тұрамыз?

-ҚР тұрамыз.

-Дұрыс айтасыңар.ҚР тәуелсіз ел, осы біздің тәуелсіз елімізді басқарып отырған Елбасы кім деп ойлайсыңдар?

- Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы.

- Балалар, әр елдің өзіне тән белгілері, рәміздері болады. Біздің елдің рәміздерін кім айтады?

-Гимн, елтаңба, жалау.

- Балалар, кім елтаңба туралы өлең біледі?

Сәрсен: Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат әдемі.

 Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.

Құт береке шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

- Өте тамаша, енді жалау туралы кім айтып береді?

Айжан: Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен тек,

Елдің ашық қабағы.

- Жарайсыңдар балалар,  енді гимн туралы не білесіңдер?

-   Ал енді Қазақстанның картасымен танысайық.

Сендер қандай қалаларды білесіңдер, атап жіберіндер?

- Балалар енді біз бұл қалалардың елімізде қандай ерекшеліктеріне, несімен атақты екендігіне тоқталайық.

-         Астана-бас қалам.

-         Атыраудан мұнай шығады, каспи теңізі бар.

-         Семей – Абай атаның туған жері.

-         Қызылорда да, -бидай, Шымкентте – мақта өседі.

-         балалар, өте жақсы жауап бердіңдер, енді біз ойын ойнайық.

Ойынның аты Оюдың атын ата.

Ойынның мақсаты: қазақтың колөнері ою түрін ажырата білу.

Ойынның шарты. қолдарына таратып берген заттардың ішіндегі оюы бар заттарды атау.

-қошқар мүйіз, Түйемойын, құсқанат.

- Жарайсыңдар балалар, өте тамаша жауап бердіңдер. Ою-өрнек туралы көп біледі екенсіңдер. (Осы кезде бір орыс бала кіріп келеді)

- Сәлеметсіңдер ме?

-Бізге қонаққа кім келді, балалар? Сұрайықшы атын.

Салтанат: -Сенің атың кім?

-         Неше жастасың, сенің ұлтың кім?

Андрей: Қазақстан Республикасында тұрамын.

-         Міне,балалар, көрдіңдер ме Қазақстанда  тұратын бүкіл адамның Отаны –Қазақстан.

-         Балалар біздің Республикамыз көр ұлтты мемлекет. Орыс халқынан басқа қандай ұлтты білесіңдер?

-         Өзбек, татар, шешен, ұйғыр, тәжік, дүнған т.б.

Өте жақсы балалар, біз енді ойын ойнағымыз келіп тұр.

-Балалар, қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

-Бәйге, қыз қуу, орамал тастау, соқыр теке, күрес.

-Дұрыс айтасыңдар.

-Ертеңгі елдің ұлаңдары, біздің батыр ұлдарымыз өздерінің күштерін сынамақшы. Ойын: Арқан тарту.

Жайнаған жарыс десе жалын жастар,

Даланың әнін қостар, сәнін қостар.

Ойнаған құлағында боз жорғаның,

Бүгігні туған елдің ұландары – деп біздің ұлдарымыз  Боз жорға биін орындап береді.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Жаса,жайна ,Қазақстан!»
Менің Отаным - Қазақстан.
«Тәуелсіздік - ынтымақ».
«Менің отаным - туған өлкем!».
Менің Отаным – Қазақстан
Қазақстан-менің Отаным
Менің отаным – Қазақстан!
Мақтанышым - Тәуелсіз Қазақстан
Қазақстан-ортақ үйіміз
Біздің Отанымыз-Қазақстан
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3931 | Қосты: Сағындикова Ғалия Қайырбекқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык