Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 3273 |
|
|
|
Сан есімнен өткенді қайталау
Сан есімнен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың сан есімнен алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіру, теориялық білімін практикамен ұштастыру
2. Ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту
3. Оқушыларды адамгершілікке, ізеттілікке, достыққа, әдептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу
Сабақ типі: қайталау ойын сабағы
Сабақ әдісі: сұрақ – жауап, проблемалық жағдай т.б.
Сабақ көрнекілігі: мультимедия кабинеті, компьютер.
Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, орыс тілі, ағылшын тілі, музыка
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығы, оқушылардың сабақ бастауға көңіл – күйі, оқушы назарын сабаққа толық аудару
ІІ.Пысықтау үшін сұрақтар:
1. Есептік сан есімге – ау, - еу жұрнақтары жалғанғанда қандай өзгеріс болады?
2. Күн, жыл аттары араб цифрымен берілгенде қалай жазылады?
3. Сан есімнің мағынасына қарай түрлері нешеге бөлінеді?
ІІІ.Жаңа сабақ: Жаңа сабақтың эпиграфы
Бір мен екі алмаңдар
Үшке алданып қалмаңдар
Кілең төрттік алғандар
Бесті ғана армандар
Бір ақынның атында
Екі тұбір, төрт буын
Төртеуі де бітеу буын.
Мұны тауып бірінші
Айтар екен кім бұрын?
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Сан есімнен өткенді қайталау» тақырыбы.Бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтеді. Ойынымыз 8 турдан тұрады.
1 – тур.«Білгенге маржан» ойыны.
Берілген сұраққа дұрыс нақты жауап берген оқушыға жұлдызша беріледі.
1. Сан есім дегеніміз не?
2. Сан есімнің сұрақтарын ата?
3. Сан есімнің құрамына қарай түрлерін ата?
4. Дара сан есім дегеніміз не?
5. Күрделі сан есімдерге мысал келтір?
6. Сан есімнің мағынасына қарай түрлерін ата?
7. Есептік сан есім сұрақтары?
8. Реттік сан есім жасайтын жұрнақтар?
9. – ау, - еу жұрнақтары арқылы жасалатын сан есім?
10. Нешінші? Қай сан есімнің сұрағы?
11. Қай сан есімдерге – ау, -еу жұрнақтары жалғанғанда, ы, і дыбыстары түсіріліп қолданылады?
12. Болжалдық сан есімдер жасайтын жұрнақтарды ата?
13. Қаншадан? Нешеден? Сұрақтарына жауап беретін сан есімдер?
14. Оннан екі – қандай сан есім?
15. Мың, жүз құрамына қарай қандай сан есімдер?
16. Екеу, үшеу, төртеу қандай сан есімдер?
2 – тур. «Полиглот»
Мақал – мәтел құрамындағы түсіріліп айтылған сан есімді тауып, оны қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айту шарт
1. .....атасын білмеген жетесіз
2. Қызға.....үйден тыю
3. Алты жасар бала алыстан келсе, ....жасар қария сәлем берер
4. Өтірік -...., шын - .....
5. ....сомын болғанша, ....досың болсын
6. ....ала болса, ауыздағы кетеді
7. Білекті бірді жығар, білімді.....жығар
8. Ер жігіттің ....сөйлегені өлгені
9. Жеті рет өлшеп, .......рет кес
10. Білгенің...., білмегенің – тоқсан тоғыз
3 – тур. Кім жылдам?
Бір буынды, екі буынды, үш буынды сан есімдерді тез тауып жазу шарт
Бір Екі Үш
мың то - ғыз мил – ли – он
Сергіту сәті.
Абай атамыз «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» демекші біздің күнделікті тұрмысымызда, той – думандарымызда айтылып жүрген өлеңдердің де тақырыптары: мысалы: «Жиырма бес», «Екі жирен», «Бір бала», «Жетісу» т.б.
Осы сан есімдердің жасалған өлеңдерді бейнетаспадан тыңдап көрелік.
4 – тур. Ойлан, тап! Қатар тұрған бірдей дауыссыздан бастап, сағат тілі бойынша екі әріптен тастап оқысаңыз, нақыл сөз оқи аласыңдар
ІУЫНЛҚШ
Л Ы
А Д
Р І
Й Қ
СІАНББЕ
Шешімі: «Бірінші байлық - денсулық»
5 – тур. Ішінде саны бар сөздер.
Түбір –тү+1 Кекіл –к+2+л
Күшік –к+3+к Дербес -дер+5
Балтыр –б+6+р Жетістік -7+стік
Тоғызқұмалақ -9+құмалақ Сонымен –с+10+ымен
Желтоқсан –жел+90
6 – тур.Ойын есеп.Қожанасырдың есебі
Бірде мқғалім көбейту тақырыбында Қожанасырды тақтаға шығарыпты. Тақтадағы таблицаға жақындаған Қожанасыр 1 – ден 9 – ға дейін ғана санай біледі.
Көбейту кестесіне жақындаған Қожанасыр өзінің 9 – ға дейінгі санын қойып шығыпты. Бір саны жетпей қалған соң, Қожанасыр мен дұрыс жазбаған болармын деп әлгі санарды керй қойып шығыпты. Сосын жұмысын көрсеткен Қожанасырға мен дұрыс жазбаған болармын деп әлгі сандарды кері қойып шығыпты. Сосын жұмысын көрсеткен Қожанасырға мұғалім «5» баға қойыпты.
7 – тур. Жалғастыр.Төмендегі сөздерге лайықты сөздер тіркеп, кім жылдам жалғастыра алады.
Бір шымшым су
Бір жайым бұлт
Бір шөкім тұз
Бір қайнатым өлең
Бір асым қамыр
Бір ұрттам ет
Бір ауыз шай
8- тур. Шығармашылық деңгей
Берілген сұраққа оқушы өз ойын нақты, тиянақты етіп жеткізу шарт. Проблемалық жайдай.Сенің 100 млрд.тенгең болса не істер едің?
IV. Үйге тапсырма:
І деңгей. Өздері оқыған көркем әдебиеттен сан есімі бар 5 сөйлем жазып келу.
ІІ деңгей. «Егер мен бизнесмен болсам»....Математикалық есептен тұратын мәтін құрастырып келу
V.Оқушыларды бағалау.
VІ. Сабақты қорытындылау мақсатында......
«Қазыбектің тапқырлығы» әңгімесін оқушыларға айтып беремін. Бұқар жыраудың қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты Қазыбек би келеді.
Төсекте жатқан Бұқар жырау:
-Бірден оңға дейінгі санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады. Қазыбек, сен айтып берші! – деген.
Сонда Қазыбектің берген жауабы:
Бір дегеніңіз- бірлігі кеткен ел жаман
Екі дегеніңіз- егесіп өткен ер жаман
Үш дегеніңіз- үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман
Төрт дегеніміз-төрде төсек тартып жатқан жаман
Бес дегеніміз- білікті адамнан білгілі бала тумаған жаман
Алты дегеніміз- аймағын билей алмаған кісі жаман
Жеті дегеніміз- жетем деген мақсатына жете алмаған жаман
Сегіз дегеніміз- серкесіз бастаған қой жаман
Тоғыз дегеніміз – толғанғаныңыз. Он дегеніміз – өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |