Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 6385 |
|
|
|
Ресми қарым-қатынас және жазба тіл мәдениеті
Ресми қарым-қатынас және жазба тіл мәдениеті
Жеке адам өміріне қатысты сөз әдебі бірліктерінің жұмсалу аясын оқушылардың қазақ тілінен алған білімдерімен ұштастыру.
Сабақ мақсаты: Қазақстанның тәуелсіздігіне 20 жыл толуына байланысты оқушылардың ана тілі бойынша білімін дамыту арқылы адамгершілік қасиеттерін жетілдіру.
А) Білімділік: Сөздерге фонетикалық, лексикалық, морфологиялық кешенді талдау туралы алған оқушылардың теориялық білімдерін практикалық тұрғыда тексеру
Ә) Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, ойларын еркін жеткізуге баулу, олардың есте сақтау қабілетін, ой-өрісін, сезім-қиялын, түсінігін дамыту.
Б) Тәрбиелік:Бойына адамгершілік қасиетті сіңіре отырып, еліне, табиғатына, тілге деген сезімін ояту.
Сабақтың түрі: Жинақтау, систематизациялау сабағы.
Сабақтың әдісі: Топтастыру, бізге мәлім деректер, сауаттылық хат үлгісі, концептуалдық кесте, сауалнама, сұрақ-жауап,
Сабақтың көрнекілігі: видео-репортаж, слайд
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Үміт деген-Мен.
Қайырымдылық деген-Мен.
Махаббат деген-Мен.
Достық деген-Мен.
Қанағат деген –Мен.
Білім деген-Мен.
Сабыр деген-Мен.
Сөз шебері-Мен.
Сенім деген-Мен
Жігер деген-Мен.
Күш деген-Мен.
Кешірім деген -Мен.
Жастық деген-Мен.
Денсаулық деген-Мен.
Ақылдылық-Мен.
Бар ғажайып деген-Мен.
Бәрі маған байланысты.
Бәрі менің қолымда.
Олай болса,балалар, Жеңіс атты шыңға жету үшін сапарға шығайық. Әрбіреуіміз өз ойымызды әртүрлі әдіс-тәсілдермен аша отырып, қазақ тілі пәні бойынша алған білімдерімізді тапсырмалар бойынша көрсетейік.
Үміт аялдамасы. Видео-репортаж.
Тілші: Әже, Үміт дегеніміз не?
Кейуана: Мен тоқсандвмын. Екі соғысты, ашаршылықты, асыра сілтеушілікті көрдім. Ешқашан жақсылықтан, жақсы күннен үмітімді үзген емеспін. «Күніне 99 бәле көрсең де, бір алладан үмітіңді үзбе»деп шариғатта айтқандай,Құдайға шүкір, немере-шөбере сүйген бақытты әжемін. Айналайындар, жүректеріңдегі үміт отын ешқашан өшірмеңдер!
Тілші: Аға, сіз нешедесіз? Үміт туралы не ойлайсыз?
Ел ағасы: Үмітсіз шайтан. Ал адам баласы үмітсіз болмайды. Ата-ананың үміті-балалары.Балаларымды елге пайдасы тиетін ер-азамат болса екен деп үміттеніп тәрбиеледім. Құдайға шүкір, балаларым оқып-тоқып,ержетіп, халыққа қызмет етуде.Енді, мына көзге көрінген немерелерімді халыққа қалаулы адамдардай етіп ата-аналары тәрбиелесе екен деп үміттенемін.
Тілші:Алдымызда тұрған – мектебіміздің президнті, Абай, Мұхтар оқуларының жүлдегері,тарих пәні бойынша олимпиададан орын алған жеңімпазымыз, жас ақын, 11-класс түлегі Тайұстар
Тайұстар, Үміт сезімінің сенің өміріңдегі рөлі қандай?
Тайұстар: Шөмішбай Сариев ағамыздың мына өлең шумағы тек маған және саған ғана емес, барлық жастарға айтылған ұран дегім келеді.
Өмір деген тұрмайды: Қап-қарадан.
Өмір деген тұрады: Ақ-қарадан,
Ақ-қара, екі арасын ашып өтіп,
Үмітпен өз бақытын тапқан адам!
Тілші: Олай болса, достар, өмірден күдер үздірмейтін, жақсылыққа жетелейтін, жеңіске жеткізетін Үміт оты кеудемізде жана берсін, сөнбесін!
«Үміткер» сөзіне фонетикалық кешенді талдау.
Қайырымдылық аялдамасы. Сара Назарбаева туралы слайд-релиз.
«Қайырымды адамдар туған елінің тасына да гүл егеді.» Сөйлемге морф. грамм.синт. талдау жасау.
Достық аялдамасы. Психологпен жұмыс.
Махаббат аялдамасы. Хат.
Махаббат деген – қасиетті күш. Дүниеде махаббат болмаса, адам баласы қуаныш пен қайғының, бақыт пен бақытсыздықтың не екенін білмей өтер еді.
Бұл сезімнің ұшан-теңіз адамзатқа берері,
Ғашық болу келсе кімнің қолынан
Әлем соған сенеді.
Құлай сүю – ерлікпен тең себебі!- деп, Мұхтар Шаханов ағамыз айтқандай, меніңше, Махаббат-бір көргеннен ғашық болу емес, адамның адамшылығына, талантына, ерлігіне де ғашық болуға болады екен. Мен қазір сіздерге Азаттықты арындай биік ұстаған Қайрат Рысқұлбековке арналған Гүлзира Серғазиеваның хатын оқып бермекпін.
Иә, ғашықпын. Сергелдеңді сексен алтының сол бір ызғарлы да әзірейілді желтоқсанындағы күллі қазақты қамшылап әрі қансыратып кеткен Құйынның жазықсыз құрбаны болған асыл да есіл азамат, мен сүйемін сені. Адамның жанының жүрегінің ең төрінен, түкпірінен тек аяулы адамына ғана арналуға тиісті бұл сөзді мен сүйген жігітіме де бұлайша дауыстап айтып көрмеппін.
Қазақ қызының ұяң, ұялшақ табиғатына үйлесімсіз ерсі ашықтықпен сөзімді айтып, мазасыздық сыйласам, кешір мені...
Қайрат, кейде маған адамның қамшының қысқа сабындай шоп-шолақ ғұмыры тек өкініштерден тұратын сияқты көрінеді.Ол мына өкініш: астанада оқи бастаған сол азғантай мерзім ішінде жастардың көңілді бір кештерінде немесе басқа бір кездейсоқ себеппен сенімен ең болмаса бір рет ұшыраспағаным. Сенің түрменің темір торының ар жағынан асау теңіздің ақжал толқындары тәрізді өлеңдеріңді өз аузыңнан естіп, бір толқып қалуды қырсық тағдырдың менің маңдайыма жазбағаны. («Кешір, ана, кешірімшіл едің ғой» деп шырқалатын әдемі ән сенің әнің екен ғой.) Сенің көкірегіңде елді, жерді, туғанды, досты, қызды... бәрін-бәрін шынайылықпен елжірей сүйе алатын ыстық жүректің дүрсілдей соғып тұрғанын мен, сөз жоқ, естіп қойған болар едім.
Қайрат, мен сүйемін сені. Бұл хатымды сен сияқты жас кетіп, жазықсыз күйген боздақтарға деген замандастың ақ, адал махаббаты деп қабылда, Қайрат...
Лексикалық талдау.
Қанағат аялдамасы. Абай Құнанбаев. «Ескендір» поэмасынан көрініс.
«Қанағатшылдық» сөзіне кешенді талдау
Күнделік.Мұқағали Мақатаевтың күнделігінен үзінді оқу.
24 желтоқсан 1973 жыл
Қанағат аз ғана тірлік істеп қоя салу емес. Күшің жеткенше, қолыңнан келгенше еңбектену. Сол еңбектің жемісі аз бола ма, көп бола ма, соған қанағат ету.
Сабыр аялдамасы. Ассоциация әдісі бойынша Сабыр сөзінің мағынасын ашу.
С-сенім
А-абырой
Б-береке
Ы-ынтымақ
Р-рақым
Сабыр деген- әр іске шыдамдылық,
Қатты керек адамға бұл бір қылық
Қолы жетпей талай жан ызданады,
Осыдан көп шығады адамшылық. Ш.Құдайбердіұлы.
Мерекелі күндерге жеткізген сабырлы халқымның берекелі тірлігі баянды болсын.( Н. Назарбаев) Талдау.
Болсын-сөзіне кешенді талдау
Сенім аялдамасы. Сауалнама арқылы жұмыс.
Өзіңе өзің сену
Егер өмірде
Төрт ана аялдамасы.
М.Шаханов. «Төрт ана»
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала.
Әр адамда өз анасынан басқа да
Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері- түп қазығы, айбыны,
Туған тілі, сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр,Салт-санасы-тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Ауыр әрі қасіретті болса да.
Төрт анаға әнін жалғай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған?
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана- тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес- күрестердің ұлысы.
Біз айтқан –Сенім, Үміт, Махаббат т.б.қасиеттер бізге не үшін керек? Ақын айтқан төрт анамызды сақтау үшін керек.
Сөйлемге грам. Талдау. «Елбасы» кешенді талдау.
Халқымыз сыраттың көпіріндей қылпылдаған кезеңде тәуелсіздік алып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа мемлекет құру ісін сеніп тапсырды.
Мұғалім: Жеңіске жету үшін адам ең алдымен өзін-өзі жетілдіру керек.Сонан кейін достарыңды, жақындарыңды, ауылыңды, халқыңды жетілдіру арқылы жеңіске жетесің. (Әл-Фараби)
«Мен 20 жылдан бері бар күш-жігерім мен білік тәжірибемді аямай, бойында үміт оты бар, қайырымды да қанағатшыл, сабырлы да сенімді, махаббат пен достыққа берік халқыма қалтқысыз қызмет етіп келемін.» «К. Р.Президенті Н. А.Назарбаевтың жолдауынан. 28.01.2011»
Міне, балалар, біз жеңіске де жеттік. Елбасымыз айтқан қасиеттер біздің бойымыздан табылса, біз тек бүгінгі сабақта ғана емес, өмірде де жеңістерге жетеміз.
Бәрі ортаға шығып Қ.Әлімбектің өлеңің оқиды.
Жаңа-жаңа мен ұғына бастадым
Өмір деген қымбат екен, достарым.
Өмір-менің жарқылдайтын аспаным,
Өмір-менің сарқылмайтын дастаным
Мен-өмірді жас зерттеуші, жас ғалым,
Енді оянып, енді зерттей бастадым.
Өмір-кітап түсінуі тым қиын,
Әрбір күнім-әрбір бетін ашқаным.
Жағылды ма жүрегімде жаңа шам,
Ойлаумен өтед ылғи оңашам.
Армандаймын: ұлы еліме сүйікті,
Жақсылықтар жасасам деп орасан.
Мапжан іздеп терең теңіз түбінен,
Күн батарда атар таңға үнілем.
Өмірімнен, өз ортамнан үйреніп,
Жақсы адамға айналармын түбі мен!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |