Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бәрінің бастауы махаббат


Бәрінің бастауы махаббат

Бәрінің бастауы махаббат

  Өзін-өзі тану

   Тақырыбы: Бәрінің бастауы махаббат.

Мақсаты: махаббаттың рухани құндылық ретіндегі ұғымын кеңейту;

қатысушылардың өздерін махаббат көзі ретінде қабылдауын қалыптастыру.

Міндеттері:

-          мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-          өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

-          мейірбандыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдары: үнтаспа, , бейнефильм.

Амандасу.

- Біздің бүгін жиналғанымыз қандай тамаша. Біз сіздерді көруге қуаныштымыз. Сіздерді махаббат шеңберіне шақырамыз.

- Келіңіздер, тағы бір рет амандасайық.

Жан-жағына нұр шашып

Арайлап жарқын таң атса,

Жер бетінде жайқалып,

Көгеріп өссе көк майса,

Жүрегім жыли бастайды.

Оралғанда сапардан           

Алдымнан жақын жан шықса,

Кездескенде достарым

Құшағын маған кең ашса,

Жүрегім жыли бастайды

Шаттық шеңбер

Күннің нұры алтын

Махббат шеңбері менімен.

Махаббат шеңбері сенімен.

 (екі қолмен жүрек салып, ыммен көршімізге көрсетеміз)

Махаббат менде,  

(жүрек суретін салып, екі қолмен өзімізді көрсетеміз)

Махббат айналада,

 (қолмен шеңберлі қозғалыстар, алақандары өзіне қаратылған)

Махаббат барлық жерде.

(қолмен шеңберлі қозғалыстар, алақандар өзінен жоғарыға)

  Жаңа ақпарат

-          Балалар бүгінгі біздің өнеге сағатымыздың аты «Бәрінің бастауы махаббат» деп аталады.

-          Әрбір адам өзіне , ата-анасына, Отанға, туған еліне сүйіспеншілкпен қарайды. Ыстық ықылас, шынайы сүйіспеншілік махаббат сезімін тудырады. Әлемдегі бар жақсылық махаббат арқылы келеді.

-          Балалар махаббат әр адамның жүрегінде өмір сүреді. Махаббатты адамның көзінен көруге, іс-қимылынан тануға болады.

Адам жүрегі махаббатқа, сүйіспеншілікке толы болса ғана мейірімділік, адалдық сияқты асыл қасиеттер үнемі байқалып тұрады. Өмірді сүю, Отанды, туған жерді сүю, білімге құштарлық та сүйіспеншілікке байлансыты болады.

-           Сендер шыр етіп дүниеге келгенде ата- анаңның қуанышында шек болмады. Ал сендер алғаш рет сәби жүректеріңмен анаңның аялы алақанын, мейірленген махаббатын сезіндіңдер. Сондықтан да барлық жақсылықтың негізі осы махаббаттан басталып, адам жанын нұрға, көңілін қуанышқа бөлейді.

 

                                      Ана

-Балалар, ал осы анаға деген махаббат сезімін барлық балалар сезінеді ма?

Өкінішке орай біздің кезімізде ана махабабатысыз, ана қамқорысыз қалған балалар да баршылық.  Бірақ осы балаларды өз қамқорлығына алып оларға өзінің бар сүйіспеншілігін, махаббатын, мейірімділігін сыйлан білген жандар да бар. 

- Ол кімдер деп ойлайсыңдар?

-          Ия, дұрыс, ол осы «Өзін-өзі тану » рухани адамгершілік білім беру жобасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаева 12 ақпан күні 70 жасқа толды. Сара Алпыс қызы Назарбаева 1941 жылы 12 ақпан күні Қарағанды облысының Қызыл- жар ауылында дүниеге келген Қарағанды металургия комбинатының Сара Алпысқызы Назарбаева «Бөбек» қоры арқылы мыңдаған жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларға, көп балалы отбасыларына қолдау және көмек көрсетіп келеді.

1994 жылдың маусым айынан  бастап " SOS -атты балалар ауылының президенты"

1999жылдың наурыз айынан "Демография атты қордың торайымы

көптеген кітаптардың авторы

2001 жылдың желтоқсан айында Жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсеткен еңбегі үшін 1дәрежелі Достық Орденімен ,

2003 жылы Шыңғыс Айтматов атындағы алқамен марапатталды

Сара Алпысқызы Назарбаева туралы біздің  тілшімізідің бейнематералынан

 Тәрбиеші:

-Балалар, бүгін Сара апайымыздың туған күні. Сондықтан барлығымыз Сара апайға деген өз тілегімізді айтып шығайық.

Балалар өз қалаулары бойынша тілектерін айтып өтеді.

1-оқушы «Күндей шалқып күлгенің,

Шаттығыңның нұры ғой.

Шат боп өмір сүргенің,

Заманыңның сыры ғой.

2- оқушы Сенің нұрлы жүзіңнен,

Көрем бақыт,өмірді.

Сенің әрбір сөзіңнен,

Күй естілер көңілді.

3- оқушы «Сара апамыз-анамыз, өз анамыз,

Ертең апай атынан сөз аламыз.

Қасиетті,қамқоршы жүрегіңнен,

Жақсылығын өмірдің сезе аламыз.

4- оқушы «Апай жаны-жасыл тау, дала таңы,

Мекенімдей мейірім алақаны.

Сәбилердің жетілсін қанаты деп,

Бізге құдай берді Сара апайды.

1. Балалар, сендерге Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір- баяны ұнады ма?

2. Сендер Сара Алпысқызы Назарбаеваға Нобелев атындағы сыйлықты табыс етермедіңдер?

Сергіту сәті

Ойынның мақсаты: тез ойлау қабілеттерін жетілдіру, тәуліктің әр уақытында  не істейтіндері туралы білімдерін жетілдіру.

Керекті заттар: доп

Ойын    барысы:    тәуліктің    әртүрлі    бөліктері жөнінен    балалардың   білімдерін   бекіту   мақсатымен мұғалім әңгіме жүргізеді. Балалар өздерінің таңертең,  түсте,    кешке    не  істейтіндерін   естеріне   түсіреді.

 Мұғалім тәуліктің әртүрлі бөліктерін атай отырып, балаларға ойынды ұсынады. Мысалы: мұғалім бір балаға допты беріп «Таңертең» десе, допты алған бала оянамыз, жуынамыз деп жауап береді. Содан кейін допты екінші балаға ұсынады. Ол бала жалғастырып шашымызды тараймыз, тісімізді тазалаймыз десе келесі бала жаттығу жасаймын, мектепке барамын деп жауап береді. Шатасқан бала ойыннан шығып, допты келесі ойыншыға береді. Осылайша күндіз, кешке, түнде не істейтіндерін айтып, ойынды жалғастыра береді. Шатаспай дұрыс айтқан балалар жеңіске жетеді.

Сыныппен жұмыс: Мына дәйексөздердің ішінен біздің сабағымызға келетінін таңдап алайық

 

Тыныштық минуты.

Ақырын музыка естіледі -  саксафон.

- Ал енді біз сіздерге өзіңізбен жалғыз қалуларыңызды ұсынамыз...

Жайғасып отырыңыз, көзіңізді жұмуыңызға болады.

- Махаббат – дүниені жарықтандыратын нұр деп елестетіңіз.

Осы жарықтан адамдарға ыңғайлы да жылы болады. Олардың жүректерін қуаныш сезімі толтырады. Адамдар ән айтады, бір-біріне жылы сөздер айтады.

Махаббат – адам өмірін ерекше мәнмен толтыратын сезім.  Сүйетін адамның көзқарасы жылы.

Өзіңіздің жүрегіңіздегі махаббаты сезініңіз. Махаббатың осы жарығын өз жақындарыңызға жіберіңіз. Олар сіздің махаббатыңызды сезінсін. Оларға ойша барлық істе табыстылық тілеңіз.

 

- Өзіңіз жақсы көретін адамдарды атаңыз? (5-6 адам).

«Асыл анам» тақырыбында эссе жазу

-Балалар,біз Сара апайға деген тілектерімізді тіледік ,енді сурет арқылы сыйлық жасайық.

Балалар ақ парақ бетіне Сара апайға арнап сыйлық ретінде өз ойларынан сурет салады.

Жүректен жүрекке:

Өнеге сағаты соңында балалар адамдарға, айналасына мейірімді екендіктерін жылы сөздері арқылы білдіреді.

Оқушылар сабақ  соңында өздерінің  жүрек түпкіріндегі  жылы  сезімдеріне  ризашылықтарын білдіреді.       Оқушылар оң қолдарымен жүрек тұсын ұстап кезегімен мынадай сөйлемдер айтады:                                

-          - Менің қайырымды жүрегіме рахмет!    

-          - Менің мейірімді жүрегіме рахмет!     

-          - Менің жылы жүрегіме рахмет!                       

-          - Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне рахмет!

-          - Менің жүрегімдегі  жақсы көру сезіміне рахмет!

-          - Менің жүрегімнің қуана білетініне рахмет!                

-          - Менің жүрегімнің жанашырлығына рахмет!  және т. б.

                   Ән: Әрқашан күн сөнбесін.

Қоштасар алдында Сара апайға не айтамыз?

Балалар:

-Рахмет бақытты балалық шаққа.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жақсы сөз -жылы тілек
Мейірімділік-асыл қасиет
«Мейірімділік шуағы».
Отан деп соғады жүрегіміз.
Мейірімділік- адамдардың жанын жылытатын күннің көзі.
Жүрек жылуы
Жалын атқан жүрекпен
5 санымен таныстыру
Алтын жүрек анамыз
Қуаныш-жан шуағы
Бөлім: Уроки / Өзін-өзі тану | Көрсетілім: 8157 | Қосты: Ока77 | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык