Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тіл - ұлттың жаны, халықтың үні


Тіл - ұлттың жаны, халықтың үні

         Тіл - ұлттың жаны, халықтың үні

     Мақсаты:

     1.Ана тілде таза сөйлеуге, терең меңгеруге баулу.

     2.Ой, ес,сезім, тіл жылдамдықтарын дамытып, бірліктерін нығайту.

     3.ана тілін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

     Көрнекілік: қанатты сөздер, суреттер, шарлар.

     Барысы:

     І. Ұйымдастыру кезеңі.

     ІІ. Кіріспе.

     ІІІ. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны.

     1-бала: Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» өлеңі оқылады.

     2-бала: 

     Қуан бабам, қуанатын күн бүгін,

     Деген едің «Тіл бар жерде өмір бар!»

     «Халық жауы» атандық-ау сол үшін,

     Ғұмырыңды құрбан етіп жолында.

     3-бала:

     Қуан бабам! Туған тілдің киесі,

     Жебеп сені, болғаныңа иесі.

     Тек мұнымен бітпейтінін ұғып өс,

     Дүниеде тіршіліктің күресі.

     4-бала:

     Қуан анам! Ұзағынан сүйініп,

     Сәтінде кеткен кейін түңіліп.

     Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді,

     Пір тұтамын ел алдында иіліп.

     5-бала:

     Қуан халқым! Күшіне енді «Тіл заңы»

     «Сүйінші!» - деп ақын ұлың жырлады.

     Ел елдігі бағаланып тілімен,

     Сол арқылы құлпырады гүл бағы.

     Хор: Ә. Тінәлиевтің әні «Анамның тілі, аяулы үні».

     6-бала:

     Қабылданды мемлекеттік «Тіл заңы»

     Елдігімнің, ұлтымыздың ол – жаны.

     Қуанамыз, шатанамыз бәріміз,

     Атқанына бостандықтың ақ таңы.

     7-бала:

     Ана тілім – қазақ тілім, туған тіл,

     Қасиетті тіліміздің мәнін біл.

     Ана тілді құрметтеңдер адамдар.

     Заманға сай өзге тілдің бәрін біл.

     8-бала:

     Заман туды тіліміздің басына,

     Айналдырған тілдердің бір ласына.

     Жетпіс жылдай бұрмалаған бұл тілді,

     Үйретіп көр сәулесі жоқ жасыңа.

     9-бала:

     Ана тілі – біздің туған анамыз,

     Ана тілін бағаласақ қалай біз.

     Өзіміздің сондай болмақ бағамыз,

     Ана тілін кім бағалай білмесе,

     «Анасынан безген ұл» - деп қараңыз.

     10-бала:

     Ана тілің – біліп қой,

     Бостандығың, теңдігің.

     Ана тілің – біліп қой,

     Мақтанышың, елдігің.

     11-бала:

     Ана тілің – арың бұл,

     Ұятың боп тұр бетте.

     Өзге тілдің бәрін біл,

     Өз тіліңді құрметте.

     12-бала:

     Ақыл-ойың дананың,

     Ана тілден аламын.

     Ана тілім ардақты,

     Ақ сүтіндей анамның.

     13-бала:

     Өсірген ой, білімді,

     Сүйем туған тілімді.

     Мақсат етем әр сөздің,

     Мәнін терең білуді.

     Хор: «Ұланбыз – Отанды қорғайтын».

     14-бала: Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын. (Ахмет Жұбанов.)

     15-бала: Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту. (Б. Момышұлы.)

     16-бала:  Сүйемін туған тілді – ана тілін,

              Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

                               (С. Торайғыров.)

     17-бала:

     Туған тілім – бабам тілім – өз тілім!

     Туған тілім – анам тілім – өз тілім!

     Туған тілім – далам тілім – өз тілім!

     Туған тілім – адам тілім – өз тілім!

     18-бала:

     Туған тілде сыры терең жаным бар,

     Туған тілде әнім менен сәнім бар.

     Туған тілім тіл болудан қалса егер,

     Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

     19-бала:  (М. Мақатаев. «Үш бақытым»):

     Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

     Соған берем ойымның алтын кенін.

     Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

     Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

     20-бала:

     Ал, екінші бақытым – Тілім менің,

     Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

     Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

     Қасиетті тілімнен түңілмедім.

 

     21-бала:

     Бақытым бар үшінші – Отан деген,

     Кім мықты? – десе біреу, - Отан дер ем.

     ...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

     Ойланбай-ақ кел – дағы от ал менен.

     22-бала:

     Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

     Ана тілін білмеу қандай заңдылық.

     Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,

     Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

     23-бала:

     Ақиқатты мойындайық қазір біз,

     «Ұлтшыл» болып талай таяқ жегенбіз.

     Тіл – мәртебе, ұлт мерейі емес пе?

     Мәңгі бақи шырқалатын әніміз.

     24-бала:

     Туған тілім тірлігімнің айғағы,

     Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

     Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

     Өлсе тілім, мен де бірге өлемін.

     Хор:

     Ана тілі – ұраным,

     Ана тілі – Құраным.

     Ана тілі болмаса,

     Мықты болмас тұрағым.

     Тәрбиеші:  Біздің Республикамыз жылдан жылға, күннен күнге өркендеп өсіп, кеңейіп, гүлденіп келеді. Олай болса, ХХІ ғасырға ақ тілек тілейік.

     25-бала:

     Басшыларымыз,

     Мерекелеріміз табысты болсын!

     Қыздарымыз саналы, сұлу,

     Ұлдарымыз намысты болсын!

     Қалада мейлі, қырда болсын,

     Келген-кеткен ырза болсын!

     Баға сөмкемізге сыймайтын болсын!

     Халқымыз ғасыр табалдырығын,

     Қазақша сөйлеп, аттайтын болсын!

     Хор: Ө. Байділдаевтің әні «Туған ел».


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жасай бер ана тілім –қазақ тілі.
Ана тілім – дана тілім.
Тіл байлығы-ел байлығы
Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Тілім менің тірлігімнің айғағы
Шығарма Анамның тілі- ардақтым менің
Мемлекеттік тіл - менің тілім!
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Ана тілім – асыл қазынам!
Тілім менің – асыл қазынам
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 4531 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык