Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ұлттық киім


Ұлттық киім

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық киім

Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының ұлттық бас киімдерінің ерекшеліктері, түрлері, пайдалану және тұтыну ерекшеліктері туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып, ұлттық киім тарихын зерттеуге қызығушылығын арттыру, ойын, қиялын, тілін дамыту.

Тәрбиелік: Өз халқынның салт – дәстүрін сыйлауға, құрметтеуге, мақтан етуге, өркендетуге тәрбиелеу.

Сабақтың әр кезеңдерінде оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыру:

Бастықұзіреттіліктер: мәдениеттанымдылық, ақпараттық-технологиялық, коммуникативтік, тұлғалық өзін-өзі дамыту.

Негізгі құзіреттіліктер:денсаулық сақтау, жан-жақты мәдениеттілік

Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, кітап, слайдтар, суреттер, кестелер, кеспелер.

Сабақ түрі: үйрену және білімдерін алғашқы бекіту сабағы, аралас.

Оқыту әдістері:

  • Оқу-танымдық әрекеттерін ұйымдастыру әдістері (түсіндірүшілік-көрнекілік: көрнекілік суреттер, иллюстрациялар, кестелер және тағы басқаларды көрсету).
  • Репродуктивті (жаттау арқылы және жаттығу жүйесі негізінде ББД меңгеруге мүмкіндік береді, білімдерін тәжірибеде пайдалану бойынша жетілдіру, алгоритм, бағдарламалау бойынша әрекет).

Пайдаланған жаңа технологиялар: АКТ, сын тұрғысынан ойлау, модульдік оқыту.

Қолданылған жұмыс формалары: жекелеме жұмыс, жеке жұмыс, тұрақты, алмасатын топтармен жұмыс.

Жаңа ұғымдар, терминдер: әлеуметтік дәреже, қызметі, ерлердің, әйелдердің ұлттық киімдері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушыларды түгендеу

ә) оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау

Көңіл-күйіміз жақсы. Барлығыңызға сәттілік тілейміз!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Киім түрлері.

Үй тапсырмасын қорытындылау.

  1. Талғаммен киіну үшін стильден қалмау, өз тұлғасының ерекшеліктерін ескеру жеткіліксіз. Бұған қоса қай жерде не кию керек екенін біліп, жас ерекшеліктермен санасу керек.
  2. Жұмыс киімі жұмыстың сипатына сай келіп, қолайлы, ыңғайлы, қарапайым болу керек.
  3. Спорт киімі қолайлы, жеңіл және әдемі болумен бірге, оның үстіне дененің температурасын реттеп те отыра алатын болуға тиіс.
  4. Соңғы жылдары жастарға арналған киімге екреше назар аударылып жүр. Оны жас жігіттер мен қыздардың өмір салтына үйлесімді болу керек. Қазіргі кезде жастардың киімі ашық түсті, сәнді.
  5. Мектептерде барлық оқушылар киіп жүруге міндетті мектеп формасы болады. Мектеп формасы – тәртіптіліктің және ұжымға деген құрметтің айғағы, сондықтан оны мектептегі салтанаттарға да киіп, ұқыпты ұстау керек.

ІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

            Жақсы балалар, киім түрлерін ажырата білдіңдер. «Адам көркі – шүберек, ағаш көркі - жапырақ» демекші балалар, бүгін бізде ерекше сабақ қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрлерімен танысамыз.

Мақсатымыз: ұлттық киімдерді танып біліп, аз болса да қалай, неден жасалатынын, кімдер киетінін біліп танысу.

  • Ал бүгін ұлттық киімдер туралы айтамыз (слайд көрсету)

Киім адам денесін ауа райының, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бұйым. Олардың бәріде адамдардың ақыл-ойы мен эстетикалық талғамының, еңбегінің жемісі.

  Қазақ халқының ұлттық киімдері климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сыртқы, біркиер, салтанат киімдері болады. Біркиер киім қымбат матадан тігіледі. Той думандарға барғанда, жат елге іс сапарға шыққанда киетін сәнді киім болған. Ішкі киімдер: көйлек, желет, кәзекей; сыртқы киімдер: шапап, кеудеше, тон т.б жатады. Қазақ әйелінің ұлттық киімі: көйлек, камзол, кимешек, тақия, сәукеле, кебіс, мәсі, т.б.

Бүгінгі тақырып бойынша жаңа сөздермен таныстыру.

Ежелгі дәстүр – древняя традиция

Ішкі киімдер – нижнее бельё

Сырқы киімдер – верхняя одежда

Сәнді – модный

Салтанатты – торжественный

2- тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, аударып, әңгімелеу.

4- тапсырма. Мәтін бойынша 3-деңгейлі тапсырмаларды орындау.

3-деңгей. А) сөздер мен сөз тіркестерінің аудармаларын дұрыс табындар. ( ауызша орындау)

Б) сөйлемдерді мәтін негізінде толықтырып  жаз.

1. Қазақ халқының киімдері  (қандай?) ........... болған.

2. Қазақтың ұлттық киімдері туралы (кім?) ........айтқан.

3. Адамға ( не үшін?) ......... киім қажет.

4. Қазақтар ішкі- сыртқы киімдерді (қалай?) ....... тікккен.

5- тапсырма. Мәтін бойынша сұрақттар дайындаңдар ( интерактивті тақтада мәтін көрсетіледі)

Қазақ халқының ұлттық киімдері. Қазақ халқы ұлттық киімдерін сәндеп тіккен. Киімдері ашық түсті болған. Көйлектері ұзын жеңді, етектері кең, желбіректер тігілген. Камзол, шапандарын ою-өрнекпен безендірген. Бас киімдері: үкілі тақия, сәукеле, бөрік, тымақ. Әжелер бастарына кимешек киген. Зергерлік бұйымдардан білезік, алқа, сырға, шолпы таққан. Қазақ халқының ұлттық киімдері өте сәнді және көрікті.

Сұрақтары:

  1. Қазақ халқы киімдерін қалай тіккен?
  2. Көйлектері қандай болған?
  3. Камзол, шапандарын немен безендірген?
  4. Қандай бас киімдері бар?
  5. Зергерлік бұйымдардан нелен таққан?
  6. Әжелер бастарына не киген?

Жаңа сабақты қортындылау:

  • Бүгінгі сабақта қандай тақырып өттік?
  • Ұлттық киімдердің түрлерін ата?
  • Тақия – Шығыс халықтарына тән бас киімнің түрі. Жеңіл, дөңгелектеп тігілетін бас киім. Ұлттық өрнегіне, тігілуіне қарай әртүрлі болады. Тақияны тіккенде бір түсті матадан (сәтен, шұға, барқыт т.б.) таңдаса, төбесі төрт сай немесе дөңгелек, үшкіл төбелі етіп тігіледі. Ерлерге арналған тақиның кестелісі де, кесетесізі де кездеседі. Жиегі қолмен немесе машинамен сырылады. Қыздарға арналған тақиялар әртүрлі жіптермен кестеленіп, моншақ, асыл тастармен безендіріледі.
  • Сәукеле – қызды ұзатқанда киетін бас киім. Сәукелені қыз ұзатылғанда күйеу еліне киіп бару үшін тіктіреді.Сәукеле арнайы басылған ақ киізден немесе арасына қыл салынып сырған матадан жасалып, сырты қымбат матамен (барқыт, атлас, шұға) қапталып, шетін құндыз, кәмшәт терісімен айналдыра тігіледі.
  • Сәукеленің төбесіне, өн бойына алтын, күміс, маржаннан әшекей тағылып, алтын жібек жіппен кестеленеді. Сәукеленің төбесіне жібектен желек тағылып, оған үкі қадайды.
  • Тымақ – аңның немесе малдың терісінен тігілетін қыстық бас киім. Тымақты ішік сияқты тігілген терісіне байланысты: түлкі тымақ, елтірі тымақ деп аталады. Тымақ төрт сайлы, биік төбелі, суықтан қорғайтындай етіп тігіледі. Тымақтың екі құлағы және мойынды жауып тұратын артқы етегі болады.
  • Кимешек – әйелдердің бас киімі. Кимешек ақ матадан немесе ақ жібектен тігіледі. Ол басты, кеудені, иық пен арқаны жауып тұрады. Кимешектің кеуде жағын, бет жаулықтарын көмкеріп кестелейді.
  • Бөрік – қазақтың ертеден келе жатқан бас киімі. Бөрік қыстық бөрік (жүн немесе мақта салып тігіледі), жаздық бөрік болып екіге бөлінеді. Бөрікті қыздар да, ер адамдар да киеді. Аңның терісімен немесе қымбат матамен тысталады. Аңның терісіне қарап оларды құндыз бөрік, кәмшәт бөрік, түлкі бөрік деп атайды. Қыздар киетін бөріктің төбесі төрт сайлы болып келеді және үкі тағылады, асыл тастармен көмкеріліп, күміс теңгелерден салпыншақ тағылады. Қазақта әшекейлі, үкілі бөрікті сал-серілер де киген.
  • Етік – ертеде илеген теріден, бертінде былғарыдан киген. Былғарыдан тігілген етіктің қонышы ұзын болып келеді.
  • Былғары етік қара, сары, қызыл түсті бояулармен боялады. Қыз-келіншектер қызыл түсті былғарыдан ою-өрнектеп тіктірген етік киген. Оны «сапиян етік» деп атайды. Ал мырза сал-сері жігіттер қара түсті былғарыдан, оюлатып етік киюді әдет еткен, оны «саптама етік» деп атаған.
  • Мәсі – аяқ киімнің бір түрі. Оның етіктен айырмасы – өкшесі болмайды, сыртынан кебіс киеді. Мәсіні ерлер де, әйелдер де киеді. Мәсіні жұмсақ былғарыдан немесе құрымнан тігеді.
  • Кебіс – мәсінің сыртынан киюге арналып, былғарыдан тігілген аяқ киім. Оның басын жұмсақ былғарыдан, табанын қатты ұлтаннан биік етіп тігеді. Кебістіоюлапәшекейлептігеді.

Қортындылау: Сөзжұмбақ

2. Әйелдер де, ер кісілер де киетін бас киімі.

3. Қыста киетін ер адамның бас киімі.

4. Жеңсіз жеңіл киім.

5. Аяқ-киім түрі.

6. Қалыңдықтың бас киімі.

Үйге тапсырма:Қазақ халқының ұлттық киімдері туралы реферат жазу.

Бағалау:


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ұлттық киімдер. Тымақ тігу.
Бөрік.
Сәукеле тігу.
Салт құпиясы
Ұлттық киімдер. Тымақ тігу.
Ұлттық киім үлгілері
Қазақтың ұлттық киімдері
Сәукеле тігу
Ұлттық бас киімдер.
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРІ
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 11725 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык