Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 8018 |
|
|
|
Ұлттық киім үлгілері
Жаңа сабақ: Ұлттық киім үлгілері
Адамның сыртқы сұлулығын паш ететін киім және киіну.Киім әр халықтың өткендегі материалдық мұрасының ғажайып бір айғағы. Көшпелі қазақ халқының өмір салты мен құбылмалы табиғат талабы тамаша киім үлгілерінің дүниеге келуіне себепші болды. Себебі киім адам денесін әр түрлі ауа-райының факторларынан қорғайтын бұйым. Олардың бәрі де адамдардың ақыл-ойының, эстетикалық талғамының, еңбегінің жемісі.
Қазақтың ұлттық киімдері ғасырлар бойы қалыптасқан.Ол әрбір ұрпақтың талғамына сай өмір талқысынан өткен.Соңғы 15-20 жылда жүргізілген этнографиялық зерттеулерге қарағанда, қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің, жаңа моданың өрісімен, сол сияқты қазақша киім үлгісінің пішімінде немесе тігісінде әр қилы өзгерістер пайда бола бастағанын аңғаруға болады.Алайда ұлттық киім – көненің көзі, бізге жеткен материалдық мәдениеттің жетістігі.
Ұлттық киімдерге байланысты салт-дәстүрлер, ырым-тиымдар ежелден қалыптасқан.
Слайдтармен жұмыс:
Ұлттық киімдер мынадай түрлерге бөлінеді:
Іштік киімдер, сыртқы киімдер, сулық киімдер, ерлердің бас киімдері, әйелдердің бас киімдері, аяқкиімдер
Киімдердің әлеуметтік дәрежесі.
Ұлттық киімдерімізді пайдалану мен тұтыну ерекшеліктеріне қарай:
- күнделікті киімдер
- сәндік киімдер
- жыл мезгіліне байланысты киімдер
- маусым аралық киімдер
Жас және жыныс ерекшеліктеріне сәйкес киімдер:
- сәби киім
- Бала киімі
- бозбала киім
- бойжеткен киімі
- Қалыңдық киімі
-келіншек, бәйбіше киімі
- Күйеу, жас жігіт, ақсақалдар киімі
әлеуметтік дәрежесіне, қызметіне қарай:
- жоғары текті қазақтардың киімдері
- сал-серілер киімі
- сән-салтанат киімідері
Ұлттық ойын-сауық, жарыстарда киетін киімдер:
- ғұрыптық киімдер
- неке киімдері
- діндарлар киімдері
- кәсіптік киімдер
Әр түрлі зерттеулерге байланысты қазақтардың ұлттық киімдері:
- жүздерге
- ру-тайпаларға
- географиялық аймағына
Қазақ ұлттық киімдерінің атқаратын қызметі төрт топқа бөлінеді:
-практикалық – суықтан, ыстықтан, желден, шаңнан т.б.
- ақпараттық – адамның әлеуметтік тегі мен қоғамдағы қызметі, отбасылық жағдайы,
- ғұрыптық – дәстүрлік – сыйлық татулық, ырымдық, магиялық, салықтық
- эстетикалық – киімдердің ою-өрнекпен әшекейленуі, әрленуі, кестеленуі, безендірілуі
Кім білгір? (сұрақ жауап)
1. Қазақтың ұлттық киімдерінің қандай түрлерін білесіңдер?
2. Ұлттық киімдерді көбінесе қайда киеді?
3. Ұлттық киімдердің мерекелік киімдерден айырмашылығы қандай?
4. Ұлттық киімдер қалай безендіріледі?
5. Ұлттық киімдерді қандай маталардан тігеді?
6. еңбек сабағында жұмыс жасағанда ең бірінші нені еске түсіреміз?
Сарамандық жұмыс:
Әже бейнесінің жасалу реті: ( техникалық қауіпсіздік ережесі, құрал-жабдықтарды дайындау)
1. Дөңгелекті қиып алып, төртке бүктеп, бірдей төрт бөлікке бөл.
2. Екі бөлікті конус пішіміне келтіріп орап, желімдеп бекітіңдер.
3. денесін ақ түсті конустан құрастыр.
4. Оның үстінен қызыл түсті конустан камзол жасап кигіз. Камзолдың етегі мен өңіріне әр түрлі қағаздан ою қиып жабыстыр. Екі жеңін біріктір.
5. Төбесі қиылған ақ конустан кимешек жасап, кигізіңдер. Ақ кимешекке әженің бет пішінін салаыңдар.
6. Басына ақ қағазды цилиндр пішімді орама жасап кигізіңдер
7. Жеңі мен кимешектің айналасын, камзолын, көйлектің етегін желбіршек етіп бүрмелеп, әшекейлейміз.
8. Жұмыс орнын жинақтау
Сөзжұмбақ
Ұ – қызықшы жыл атауы (ұлу)
Л - әйел адамдардың ұлттық бас киімі (сәукеле)
Т- бас киім түрі (тақия)
Т – ұлттық бұйым түрі (текемет)
Ы – жұмыс құралы (қайшы)
Қ – камзолдар қандай мадан тігіледі (барқыт)
К – жануар етктес ою-өрнек түрі (ботакөз)
И – мата бөліктерін немен біріктіріп тігеміз (ине)
І – ұлттық киім түрі (іштік)
М - әжелердің бас киімі (кимешек)
Үйге тапсырма: ұлттық киім түрлерін үлгілеп үйрену
Бағалау
Наурыз сөзі парсыдан аударғанда қалай аталады?
Наурыз тойы қандай мереке
21 наурыз күні даланы кім аралайды?
Қыдыр ата үйге енгенде үйде төрімізде не тұруы қажет?
Наурыз мерекесінде қандай киімдер киеді?
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |