Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Достар



Тақырыбы: Достар

Мақсаты: Тақырып бойынша жұмыстарды жалғастыру. Аңдарға деген сүйіспеншілік пен қамқорлықты ояту. Сөздік қорды молайту арқылы байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
                                    а) кезекшінің есеп беруі; оқушылардың дәптерін жинауы;
                                    б) үй тапсырмасын тексеру.

                                    ІІ. Жаңа сабақ: тақырыппен таныстыру, мақсатын, барысын айту.
         1.Сөздікті қайталау мақсатында 1-тапсырмадағы сөзтізбекті шешу, тақта алдында жұмыс жасау:

           О б е з ь я н а             В о р о б е й                 В о л к

               Ж и р а ф             М е д в е д ь                З а я ц

        2. Айтылым. 2-тапсырмадағы суреттер бойынша сөйлем құрап айту. Мысалы:
         Аю қыста қатты ұйқыға кетеді. Қасқыр болса, орман ішінде жортып жүреді. Қоян қыста ақ түсті болады. Арыстан – аңдар патшасы. Тиін қысқа бүршік, саңырауқұлақ жинайды. Кірпінің тоны – тікен. Түлкі – аңдар ішіндегі ең айлакері. Жыланның тілінде у болады.

        3. Сурет бойынша жұмыс. 3-тапсырмадағы суреттер бойынша сөйлемдерді аяқтау. 
         Піл, аю, арыстан, жолбарыс,кірпі – аңдар.
         Торғай, қаз, қарлығаш, көгершін, тотықұс – құстар.
         Алабұға, шортан, сазан, жайын – балықтар.

         4. Сергіту сәті:
Қарлығашқа ұқсайық,
Кәне, қанат жазайық.
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып-ұшып алайық.

        5. Тыңдалым. «Достар» атты ертегіні оқушыларға мәнерлеп оқып беру, мазмұнын түсіндіру.
                                                          Достар
           Ертеде аю, қасқыр, түлкі, қоян және тышқан дос болыпты. Жазда аю бал жинайды. Қоян сәбіз жинайды. Ал түлкі мен қасқыр көп ойнайды екен. Тышқан аю мен қоянға тамақ дайындайды. Бір күні аю ашуланып, қасқыр мен түлкіні қуып жібереді. Содан бері аю, қоян және тышқан тату болып, бір үйде тұрады екен. 


Орыс тіліне аударыңдар:
          Давным-давно дружили медведь,волк, лиса, заяц и мышка. Летом медведь мед собирает. Заяц морковь собирает. А лиса и волк много играют. Мышка медведю и зайцу готовит еду. Однажды медведь рассердился и выгнал волка и лису. С тех пор медведь, заяц и мышка живут дружно в одном доме..  

       6. 5-тапсырмадағы сөзжұмбақты тақтада шешу:

1. заяц – 
2. медведь – 
3. лев –
4. змея – 
5. обезьяна – 
6. воробей – 
7. волк – 
8. щука –


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ертегі елінде
Хайуанаттар бағында
«Ормандағы саяхат»
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Жабайы аңдардың қысқа дайындығы
Жануарлар әлемінде, Нәтиже сабақ
Жануарлар әлемінде
Аңдар Етістіктер
Түлкі туралы ертегілер еліне саяхат
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2305 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык