Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жұбан еліне саяхат


Жұбан еліне саяхат

Сабақтың тақырыбы: Жұбан еліне саяхат

Сабақтың мақсаты: Өзге тілді ұлт өкілдеріне  жаңа тақырыпты меңгерте отырып, сөйлеу дағдысын қалыптастыру

Сабақтың міндеті:
1. Білімділік: Оқушыларға қазақ әдебиетінің ірі өкілі – Ж.Молдағалиевтың шығармашылық жолы туралы оқушыларға жеткізу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың таным белсенділігін арттыра отырып, шығармашылыққа баулу, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Ж.Молдағалиевтың өлеңдері мен поэмаларын оқыта, жаттата  отырып ұлтжандылыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі:                      жаңа сабақ
Сабақтың типі: саяхат сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер:   деңгейлік тапсырмалар,  сұрақ-жауап, эвристикалық  
Сабақтың техникалық құрал-жабдығы: 
             ақын суреті, қанатты сөздер,  үнтаспа, кітап көрмесі
Пән аралық байланыс:                тарих, георафия, музыка, қазақ әдебиеті

Күтілетін нәтиже:
1. Жерлес ақын Ж.Молдағалиев шығармашылығымен танысу.
2. Өлеңдері мен поэмаларының өзіндік құндылығын түсіне  білу.
3. Жаңа тақырыпты меңгеру барысында грамматикалық тапсырмаларды сауатты орындай білу.
4. Тәрбиелік мәнін ұғыну.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі.            Оқушылармен амандасу, түгендеу
Мұғалімнің кіріспе сөзі: 

Сәт келді дүйім елді қуантатын,
Дәуірдің мінбесінде тұрар ақын.
Қазақтың өлеңінің ақ иығы,
Тоқсанға келер еді Жұбан ақын.

Тоқсан жыл – бақыт таңы атқаны шын,
Тоқсанда -    ақын аға мақтанышым.
Келесің туған елмен бірге жасап,
Қазақтың өлеңінің мақтанысың.

Сәт келді дүйім елді қуантатын,
Дәуірдің мінбесінде тұрар ақын.
Жырларыңды жаңғыртып жатар ұрпақ,
Тұғырдағы тұңғиық Жұбан ақын!

            Қазақ поэзиясының, бүкіл қазақ әдебиетінің ірі өкілі – Жұбан Молдағалиев атамыздың  бүгінде 90 жасқа толу мерекесі қарасаңында «Жұбан еліне саяхатқа» шыққалы отырмыз. 
          Жұбан – алғашқы өлеңдерінен бастап, соңғы күндеріне дейін, жарты ғасырға жуық уақыт бойы үзбей қалам тартқан, ұзақ өсу, жетілу, қалыптасу, кемелдену сапарын бастан кешірген ақын.
         Жайық өзенінің сол жақ бетіндегі Азынабай – Тайпақ деп аталатын алқап – Жұбан Молдағалиевтің кіндік қаны тамған жері, дәлірек айтсақ, осы өңірдегі далалық өзен - Өлеңті бойындағы Жыланды аумағының Шеген қыстағында 1920 жылы күзде Байбақты Руының Құл деп аталатын тармағына жататын Молдағалидың кенжесі Жұбан өмірге келді. 
           1920-1921 жылдары Жайық өңірін аштық жайлап, халықтың тең-жартысы тамақтың тапшылығынан опат болды. Тұрмыстық күйзеліс оба індетімен ұштасты. Азамат соғысы (1917-1919) кезінде ел тоналды, малынан, дүние-мүлкінен айрылды. Көптеген отбасылар асыраушыларынан айрылып, жетімшілік кең етек алды.
           Жұбаннан үлкен балалары аштан, аурудан қазаға ұшыраған, Зеріп ана, бауырындағы жалғыз қалған кенжесін қалайша өлімнен құтқарып  қаламын деп жанұшырды.Туған ауылдан безіп, тамақ іздеп басқа жерге жөргектегі баласымен қанша қоныс аударып, күнелтісі бар ауылдарға бас сауғалады, Жұбанын тікелей төнген ажалдан аман сақтап қалды. 
            1928 жылы Жұбан Қызылжар мектебінде (бұл мектеп Батыс Қазақстандағы көне оқу орындарының бірі, Земство заманында елден жиналған қаржыға салынған) оқып, орталау білім алады. Жұбанның алғашқы ұстазы Ғабдолла Мәмбетов (1909 ж. Орынбордағы мұғалімдер семинариясын бітірген) Жетінші класты бітіргенен кейін Оралдағы ауыл шаруашылық техникумында оқиды. Бірінші өлеңі 1939 жылы “Комсомол ұрпағы” газетінде жарық көреді. 

          Ақын еліне сапар шеге отырып, ақынның өмірімен,  шығармашылық өсу жолдарымен, шығармаларымен толық танысамыз. Ол үшін саяхатқа шығар алдында жол билетін алуымыз керек. әрбір жол билетінің артындағы тапсырманы дұрыс орындаған оқушы ғана саяхатқа шыға алады
2. Саяхатқа шығар алдында кассадан билет алу арқылы үй тапсырмасын тексеру:
1. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?
2. Құрмалас сөйлемдер жасалуына  қарай неше топқа бөлінеді?
3.Сан есім мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?
4.Шылау сөздердің ерекшеліктері қандай?
5.Жай сөйлемнің түрлерін ата.
Саяхатқа шығу
1- аялдаманың тапсырмасы:
Синтаксистік талдау
1. Жұбан мұрасы –  келешекте де жұртшылық кәдесіне аса беретін аса құнды мұра.
2. Мұра – сөзіне фонетикалық талдау

          Жұбан 1940 жылы әскер қатарына шақырылады. Сонан 1947 жылға дейін, бүкіл Ұлы Отан соғысының аласапыран күндерін түгелдей бастан кешіріп, Ұлы Жеңістің куәсі болып, аттай жеті жылды әскер қатарында өткізеді. Әуелі соғыста артиллерия батареясында, сонан соң, 1942 жылдан бастап, “Отан үшін”  деген майдан газетінде тілші болып қызмет істейді. 
          Соғыстан кейін бірнеше газет, журнал редакцияларында әр түрлі қызметтер атқарады.50-жылдардың басында “Лениншіл жас” газетінде бөлім меңгерушісі, онан соң редактордың орынбасары, “Қазақ әдебиеті” газеті бас редакторының орынбасары, “Жұлдыз” журналының бас редакторы, 60-70 жылдарда Қазақстан Жазушылар Одағының екінші хатшысы, 1979-1984 жылдары бірінші хатшы болып қызмет істейді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған, Одақтық жазушылар ұйымы тарапынан бірнеше шет елдерге сапар шеккен. Достық, туыстық сәлеммен барып, шет жұртты кеңес елінің өмір - тұрмысымен, әдебиетімен таныстырды.  
         2-дәрежелі “Отан соғыс”, “Еңбек Қызыл Ту”, “Еңбек Қызыл Ту”, “Құрмет белгісі”, “Ленин” -  мемлекеттік ордендерімен марапатталған. 
         1948 – 52 жылдары «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде жауапты қызметкер атқарған. 1958 – 63 ж «Жұлдыз» журналының бас редакторы болған. Бірнеше жыл Қазақстан Жазушылар Одағын басқарды.

2-аялдаманың тапсырмасы:
 Мәтінді орыс тілінен қазақ тіліне аудар
1. Текут воды Ак Жаика – родной реки поэта. Его волны ласкали его в детстве. На его берегах зародились его первые стихи. И память о Джубан –ага в сердцах его земляков сохранится вечно.

            КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, көркемөнер және арихитектура саласындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитетінің, «Новый мир» журналының редколлегиясының және библиотека «Библиотека почта» басылымы редколлегиясының мүшесі болды. 1949 жылы алғашқы жыр жинағы «Жеңіс жырлары» шықты. Содан бергі уақытта 60 – тан астам кітабы, әр кезеңде қазақ және орыс тілдерінде таңдамалы шығармаларының бірнеше томдары жарық көрді. 1970 Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының, содан кейін КСРО қорғаныс Министірлігі сыйлығының лауреаты атанды және А.Фадеев атындағы алтын медальді иеленді.
        Жұбан қазақтың ХХ ғасырдағы көренкті ақындарының бірі болып, тарих бетінен өзіне лайықты орын алды. Халқының қалаулысы болды. Ақындық таланты өз заманында, көзінің тірісінде бүкіл Одаққа танылып, өте жоғары бағаға ие болды. СССР мемлекеттік сыйлығының, Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты биігіне көтерілді. 
         Ақынның азаматтық ерлігі, әлеуметтік ұлағаттылығы өз алдына бір төбе. СССР Жоғарғы Советіне, Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутат болып сайланды. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі болды. Қазақстан Жазушылар Одағының басшылығына үш рет сайланды. СССР Жазушылар Одағы басқармасының секретары, СССР лениндік және мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі Комитеттің мүшесі болды. Осындай зор лауазымдар оның басын айналдырмады, кішіпейілдігі мен қарапайымдылығы жұртты тәнті етті. 

3-аялдаманың тапсырмасы:
Жұбан Молдағалиев өлеңдерін жатқа оқы.
Анкетаға қосымша

    
3. Оқулықпен жұмыс
      1- жаттығу Диалог құрастыру
  4-аялдаманың тапсырмасы:
Синтаксистік талдау
1. Жұбан Молдағалиевті бүкіл ауыл-аймақ өз перзенті ретінде мәңгі есте сақтайды, оның есімі алдында бас иіп тәжім етеді.
     2. Перзент сөзін септе.
5-аялдаманың тапсырмасы:
Жұбан лирикасы – мол дүние, әр алуан сипаттағы сырлы жырлар. 
Отан –сөзін тәуелде 

Сабақты бекіту
1. Тест жұмысы
1. Ж.Молдағалиевтың туған жері
а) Атырау қаласы
ә) Орал қаласы
б) Жыланды
2.Синонимдерді тап
     а)алдымен, соңында, кейін
     ә)жылы, салқын, суық
     б)бүгін, кеше, ертең
      в)жуырда, жақында, таяуда
      3.Шақыру одағайын белгілеңіз
      а)алақай
      ә)шөре-шөре
     б)бәрекелді
     в)жалт-жұлт
    4.Жақсыз сөйлемді тап:
     а)Ол артына бұрылып қарады.
     ә)Жылдам-жылдам жүрді.
    б)Саған үйге кіруге болмайды.
    в)Бала жылдам үйге кірді.
   5.Қазақстан Республикасы қай елмен шектеспейді?
    а)Иран
    ә)Ресей
    б)Қытай
     в)Өзбекстан
    5. «Үшінші» сан есімнің қай түріне жатады.
    а)реттік
    ә)жинақтық
    б)топтау
    в)болжалдық
   6.Тұрлаулы мүшені тап.
    а) бастауыш
    ә) анықтауыш
    б) толықтауыш
    в) пысықтауыш
   7.«Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» мақалының орысша аудармасын тап.
   а)Родная земля – золотая колыбель
   ә)Красноречие – начало искусства
   б)Здоровье – огромное богатство
   в)Человек без Родины, как соловей без леса
   8.Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар?
   а)25
   ә)20
   б)12
   в)37
  9.Фразеологизмді анықта.
   а)Төбе шашы тік тұрды.
   ә)Ермек шашын тарады.
  б)Кітапты көп оқы.
  в)Оның шашы қара.
 10. Ж.Молдағалиевтің туған жылы
А) 1920
ә) 1988
б) 1941

2. Ақынның өмір жолы мен шығармашылығына байланысты хронологиялық кесте құрастыру.
Жылдар Өмір жолы
1920 ж. Орал облысының Тайпақ ауданына қарасты Жыланды деген жерде дүниеге келген. Кедей шаруа отбасынан шыққан.
1939 ж. Тұңғыш өлеңі «Комсомол ұрпағы» газетінде басылып шықты.
1940 ж.
1942 ж.
1947 ж. Әскер қатарына алынды. 
«Отан үшін» майдандық газетте тілші болып қызмет істеді. 
Әскер қатарынан елге оралды.
1950 ж. «Лениншіл жас» газетінде бөлім меңгерушісі, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторының орынбасары, «Жұлдыз» журналының бас редакторы.
1960-1970 ж. Қазақстан Жазушылар Одағының екінші хатшысы.
1979-1984 ж. Қазақстан Жазушылар Одағының бірінші хатшысы.
1988 ж. Өмірден өтті.
                                                   Сабақты бағалау.
Өзін-өзі  бағалау кестесі

Р/с Не білемін? өте жақсы жақсы орташа нашар
  1. Мен Жұбан ақынның шығармашылық жолын білемін.
2. Фонетикалық, синтаксистік, морфологиялық  талдау түрлерін жақсы меңгердім
  3. Құрмалас сөйлемнің түрлерін ажырата білемін
  4. Ақынның жерлес ақын екендігін білемін.
5. «Ме қазақпын» поэмасын жазған ақын екендігін білемін.


Үй тапсырмасы
Үйден «Мен қазақпын» поэмасының тәрбиелік мәні атты ой-толғау жазу.
                                        «Жеңіс күні»

Сабақтың эпиграфы:            О, адамзат, дүниенің қожасы,
                                                Ақылыңнан қала көрме алжасып!
                                                Самолеттің бортындағы бомбалар – 
                                                 Кірпіктердің ұшындағы көз жасы!
                                                 Жолдың шаңын табаныңа күретіп,
                                                 Жер баспасын жауыз киген бір етік,
                                                 Соғыс емес,
                                                 Зеңбіректің аузынан
                                                 Ұшып жатсын Бейбітшілік пыр етіп!-


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қасым Аманжолов «Дауыл»
Қазақ өлеңінің Қадыры
Қазақстан-Егемен мемлекет
Қадыр Мырза Әли өмірі мен шығармашылығы
Тіл- тарихи құбылыс
Жұбан Молдағалиев бізде қонақта
Жанға жақын Фаризаның жырлары атты мәнерлеп оқу сайысы
Ауылым - әнім
С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы
Ж. Жабаев. «Менің өмірім», «Аттандыру».
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2362 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык