Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Диктант жұмыстарының түрлері


Диктант жұмыстарының түрлері

Диктант жұмыстарының түрлері

Кіріспе
 
        «Мұғалімнің айналысатыны  - үнемі қозғалып, өзгеріп, өсіп - өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі әдістен табан алмай шектеліп қалуға болмайды... Сабақ беру -  жәй үйреншікті шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер», - деп тәлімгер – ғалым Ж.Аймауытов атап көрсеткендей пәннің пәрменділігін арттыруда деңгейлік тапсырмалардың рөлі зор. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс істеу - әр оқушымен даралап, саралап жұмыс істеу деген сөз, яғни әр оқушының жеке басын құрметтей отырып  білім  беру  -   қазіргі оқытудың негізгі талабы. 
В.П.Беспалько бұл мүмкіндік деңгейлерді төртке бөледі. Бірінші деңгей – міндетті; Екінші деңгей – алгоритмдік; Үшінші    деңгей – эвристикалық; Төртінші деңгей – шығармашылық.
Бірінші деңгей тапсырмалары білімнің ең төменгі шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес диктант түрлері мен тест жұмыстары .
Екінші деңгейдегі тапсырмаларда сынып бағдарламасына сай лингвистикалық  тапсырманың, жаттығу жұмыстарының және сабаққа қосымша пайдалануға арналған  мәтін түрлері ұсынылады.
Үшінші деңгейде оқушыларға шығармашылық жұмыспен  айналысуға түрлі ребустар, сөзжұмбақтар, анаграммалар және грамматикалық ойындар беріледі.
Төртінші деңгей  дарынды, ізденімпаз, қабілеті жоғары талапты балаларға арнап құрастыруға үлгі ретінде мәтін, ертегі, өлең шумақтары беріледі. Шығармашылық деңгей үшін ой толғау, сырласу хат т.б жұмыс түрлерін жазу жиі тапсырылуы тиіс. 
Бұл дидактикалық  жұмыстың мақсаты – оқушының әр түрлі  тапсырмалар арқылы өз ойын еркін және сенімді жеткізуге үйрету, білім деңгейін тереңдету, шығармашылық жұмыс істеуге баулу және коммуникативтік тәсіл арқылы оқушының  алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру. Дидактикалық жинақта   берілген  тапсырмалар  жоғарыда айтылған төрт деңгейге сай жинақталған.
 Сонымен қатар ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандарты талаптарына сай оқу материалдары жергілікті тілдік ортаға сай өлкетану материалдарымен толықтырылатын болса, осыған негізделе отырып, Батыс Қазақстан өлкесінің танымал тұлғалары жөніндегі деректермен толықтырылған. 
Қазаіргі таңда оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеуге де аса мән беріп келеміз. Сол бағыттағы материалдар шоғыры да кірістірілді, атап айтсақ, оқушылардың спортқа қызығушылыған арттыратын Орал қаласындағы алғашқы спорт ойындарының шығу тарихы, алғашқы жүлдегерлер т.б.
Өзіндік «Мен-і» бар жеке тұлғаны қалыптастыруға бағыталған түрлі материалдар осы жинақта қамтылған.
 
 
1. Диктант жұмыстарының түрлері
 
Шығармашылық диктант
 
Б...рінш...ден, спорт-үлкен ...нер ғана ем..с, әрб...р адам үшін ...лкен емтих...н да.
Спортш...ның м...ндет...-хал...қарал...қ  ой...ндард... ж...ң...ске ж..ту. 
 
 
 1.Жоғалған әріптерді тап.
         2.Спортшы  сөзіне фонетикалық талдау жаса.
 
Шығармашылық диктант
 
Қалың бұтаның арасында бір қоян жатыр еді. Сабырдың иті бұтаға қарай жүгірді. Қоян қаша жөнелді.
 
 Жуан сөздердің астын сыз.
 
Терме диктант
 
    Балам,балам, жақсы бол,
    Міне,  сенің мектебің.
    Сабағыңа зейін сал,
    Ақылды бол,  тентегім.
                                         (Қ.Аманжолов)
 
Шығармашылық диктант
 
Жаңб...р түрл... ж...птерден,
Шәл... тоқи бастады.
Аулақ шығып  аулад..н,
Кепт..р..лг...н  ...л...пт...
          Жауабы: (Кемпірқосақ)
 
 Жоғалған әріптерді тап.
 
Шығармашылық диктант
Балғамен ... қақ.
Арамен ...  арала.
Балтамен... шап.
Қысқышпен ... суыр.
Сүргімен ... сүргіле.
Керекті сөздер: ағаш, тақтай, шеге.
 
Бақылау диктанты
 
Күш атасы – Қажымұқан
 
Қажымұқан Мұңайтпасов  -  әлемге танымал болған тұңғыш қазақ балуаны.Ол өзінің спорттық жолын Петербургте бастады. Қажымұқан Франция, Германия, Бельгия, Түркия, Америка сияқты ірі мемлекеттерде өткен белдесулерде жеңіске жетті. Ол барлығы 26 мемлекетте болды. Осы сындарда Қажымұқан 48 алтын, күміс және қола медальдарға ие болды.
1927 жылы оған «Қазақ даласының батыры» атағы берілді.
(53 сөз)
 
 1.Қажымұқан кім ?
         2. Мәтіннен сан есімдерді тап.
        3. Балуан сөзіне фонетикалық  талдау жаса.
 
Сөздік диктанты
(Тыйым сөздер)
 
1. Асты үрлеме, асты жамандама.
2. Тамағыңды сораптап ішпе.
3. Қолыңды төбеңе, желкеңе қойма.
4. Өтірік күлме, өтірік ауырма, өтірік сөйлеме.
5. Ішегіңді тартпа, табаныңды тартпа.
 
Бақылау диктанты
                                                 Алтын адам
 
Алтын адам жатқан Есік обасынан біздің заманымыздан бұрынғы V-VI ғасырларға тән 4 мыңнан артық бұйым табылыпты. Соның ішіндегі күміс зереннің сыртқы бетіне екі қатар етіп жазылған жазуларды ғалымдар осы уақытқа дейін ғылымға белгісіз таңбалар деп жориды. Қалай болғанда да, бұл- бұдан екі-екі жарым мың жыл бұрын осы өңірді мекендеген адамдардың жазу таңбаларын жасап, пайдалана білгенінің куәсі. Алтын киімді адам және оның қабірінен табылған заттар дүниежүзілік маңызы бар аса зор жаңалық болып табылады. (51 сөз)
 
 1.Көмекші есімдерді табыңдар.
2.Мәтіннен есімшелерді табыңдар.
 
Бақылау диктанты
                                                       Мектеп
 
     Қыркүйек айы жақындап қалды. Мектептегі жөндеу жұмыстары аяқталып, оқушыларды таза сыныптар, сырланған есіктер, терезе, парта, тақталар күтіп тұрғандай. Жаз бойы дем алып тыныққан оқушылар көтеріңкі көңілмен мектептеріне сағынышпен оралады. Мен өзімнің Абай даңғылы бойында тұрған төрт қабатты мектебімді өте жақсы көремін. Біздің мектеп өте әдемі, биік. Мектепте компьютер сыныптары бар. Мектепте өте білімді мұғалімдер сабақ береді. Мектептің үлкен спорт залы бар. Ол еш уақытта бос болмайды.                          (70 сөз)
 
 1 сөйлемге фонетикалық талдау жаса.
 
                                           Сөздік диктанты
 
1. Көру диктанты
    Жабырқаған. Қайғы. Құрбы. Ажар. Тәңірінің.
 
2. Есту диктанты. Фразеологизм.
 
«Сырдың суы сирағынан келмейді», «Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді», «Тайға таңба басқандай», «Айы оңынан туды», «Қолы ашық кісі», «Қолы тар кісі».
 
3. Жұмбақтар
 
Отынсыз, сусыз піскен ас,
Адамның бәрі ішкен ас.
                        (Ана сүті)
                    Таппайтын тағат,
Тығулы сағат
                        (Жүрек)
Есігін ашсаң,
Сайраған бұлбұл.
Есігін жапсаң,
Қамалған дүлдүл.
                           (Тіл)
Ғаламның шырағы не?
Адамның шырағы не?
                             (Күн мен білім)
 
4. Жаңылтпаштар
 
Іске іскер,
Істі іскер істер.
 
Көк тырна, көп тырна,
Тыраулап көп тұрма.
 
Әсел әсем бе, Әсем әсем бе,
Әсем әсем бе, Әсел әсем бе?
 
Бақылау диктанты
 
                                                Алтыбақан
 
Алтыбақан - қазақтың даңқты ұлттық ойыны. Той-томалақ, ойынның бәрінде болады. Алтыбақан ұзын алты сырықтан мосы сияқты жасалады. Арқан керіледі. Бір жағына қыз, екінші жағына жігіт отырады да, екі жақты екі кісі тербетеді. Қыз бен жігіт тербеліп, ән шырқайды. Бұл ойынға жастар жақсы киініп келеді. Қыздар желбірлі ақ көйлек, қынай бел қызыл камзол, үкілі тақия, жігіттер жағы құндыз бөрік, етек-жеңі, балағы оюланған бешпет-шалбар киеді.
Алтыбақан - әрі дене тәрбиесі, әрі көркемөнер мектебі. (72 сөз)
                 («Қазақтың салт-дәстүрлері» кітабынан) 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ағылшын тілі сабағында жүргізілетін жазба жұмыстарының түрлері
Әліппеге дейінгі кезең
Бақылау диктанты
Білім сапасын арттыруда жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерді пайдалану
Қазақ тілінен бақылау диктанты
Қазақ тілінен бақылау диктанты
Қазақ тілінен бақылау диктанты
Қазақ тілінен бақылау диктанты
Диктант түрлері
Деңгейлеп оқыту технологиясы
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 7737 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 9 октября 2014 16:27
Түсінбедім, қалай жүктеледі?
avatar
• 9 октября 2014 17:19
Жүктеу үшін астындағы жарнаманы басу керек немесе тіркелу керек.
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык