Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ыбырай Алтынсарин-ағартушы, педагог


Ыбырай Алтынсарин-ағартушы, педагог

Сабақтың тақырыбы Ыбырай Алтынсарин-ағартушы, педагог

Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: оқушыларға қазақтың ірі ғалымы, ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин туралы, оның еңбегі, шығармашылық мұрасы, ағартушылық қызметі жайында мағлұмат беру.
• Дамытушылық: Ыбырай еңбектері туралы білімдерін одан әрі дамыту, танымдық көзқарастарын нығайту, шығармашылық ізденістерін жетілдіру.
• Тәрбиелік: қазақтың ұлы тұлғаларының бірі Ыбырай еңбектерін үлгі ете отырып оқушыларды еңбекқорлыққа, адамгершілікке, іскерлікке тәрбиелеу, достық, ынтымақтықка баулу.
 Сабақтың түрі: аралас
 Әдісі: интерактивті
 Пәнаралық байланыс: география
Сабақтың көрнекілігі: Ыбырай суреті, еңбектері.
Сабақтың барысы.  
 I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Тақтаға «Абай» сөзін жазып, бір парақ қағазға оқушыларға ассосация жасатамын (Абайға катысты сөздер жаздырамын). Оқушыларға осы жазғандарына түсінік беруге талап етемін.
Бұдан ары үй тапсырмасын тексеру мақсатында сұрақтар беріп, 3-4 оқушыдан жауап аламын. Кейбір оқушылардан «Абай жолы» романынан үйге берілген тапсырманы сұраймын.    
  Оқушылар жауабын толықтыра отырып үй тапсырмасын қорытындылаймын. Сонымен қатар өткен тақырыптың бүгінгі жаңа тақырыппен байланыстылығына қысқаша тоқталып өтемін.
III. Жаңасабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбы алдын ала тақтаға жазылып, Ыбырай Алтынсаринның суреті ілініп қойылады.  Оқушылардың назарын осы суретке аударып жаңа сабақты сұрак қоюдан бастаймын.
1.  Бұл сурет туралы не білесіңдер?
2.  Ыбырайдың өлеңдері мен әңгімелері көбінесе не туралы жазылған?
Оқушылардан жауап ала отырып, Ыбырай өлеңдерінен үзінді оқытамын.
Осыдан кейін  оқушыларға ойларына Ыбырай туралы не келеді соны жазып шығуды тапсырамын. Оқушылардың жазғандары ақын, мұғалім сияқты сөздер болады. Осыдан кейін оқушыларды жұпқа бөліп оларды тыңдаймын.
1.  Ыбырай кім?
2.  Оның қандай шығармасын білесің?
3.  Ол көбінесе не жайлы жазған?
4.  Ыбырай шығармасының кейіпкерлерінен кімді білесің?
Осындай сұрақтар төңірегінде оқушылар бір бірінің ойларын біледі. Осыдан кейін   балалардың Ыбырай жайында кезектесіп айтқанын тақтаға жазып шығамын.
Осы жазылғандарды қорыта отырып жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының жерінде дүниеге келген. ( Оқушылардың назарын Қазақстан картасындагы Қостанай облысы және Торғай өлкесіне аударамын). 1857 жылы ол шекаралық комиссиясы жанындағы арнайы мектепті алтын медальмен бітіреді. Мектепті бітіргеннен кейін тілмаштық, ұстаздық қызметтер атқарады. 1864 жылдан бастап Торғайда қазақ балаларына арналған мектепте дәріс береді. Ұстаздың қызметте жүріп Ыбырай халықты оқу-білімге тарту, ағартушылық қызметтермен айналысады. Балаларға білім беруде кітаптың орны бөлек екенін түсінгенін ол, қазақ тілінде оқулық жазуды қолға алады.
1879 жылы жарық көрген «Қазак хрестоматиясы» Ыбырайдың қазақ тілінде жазған алғашқы оқулығы болды. Бұдан басқа Ыбырай қазақтарға орыс тілін меңгертуді де қолға алып осы бағытта бірнеше еңбектер жазады. 1879 жылы Торғай облысындағы мектептердің инспекторы қызметіне тағайындалған ол, ағарту ісіне білек сыбана кіріседі. 1887 жылы Ыбырай қазақ даласында алғаш Ырғыз жерінде қыздарға арналған мектеп-интернат ашады.
Осы уакыттар арасында Ыбырай өлең жазумен де айналысады. Оның өлеңдерінің негізгі тақырыбы еңбек, адамгершілік, достық, білім және ғылым ғылым жайында болды.
(Осы жерде   шығармаларынан мысал келтіре кетемін). 
Бұдан кейін   оқушыларды үш топқа бөліп тапсырмалар беремін.
I топтың тапсырмасы. Ыбырайдың ағартушылық қызметпі жайлы өз ойларыңды айт.
II топтың тапсырмасы. Ыбырай өлеңдерінің негізгі мазмұны қандай мәселені қозғайды.
III топтың тапсырмасы. Ыбырайды қазақ әдебиетімен білім беру саласындағы алатын орны қандай?
Талқылауға 5 минуттай уақыт беремін. Сонымен қатар оқушыларға келесі топқа сұрақтар дайындау тапсырамын. Талқылап болғаннан кейін әр топтан бір оқушы жауап беріп екінші оқушы оны толықтырып отырады.
Әр топтың мүшелері дайындаған сұрақтарын келесі топ мүшелеріне қояды:
I топ? II топқа
II топ? III топқа
III топ? I топқа 
Қорытынды  кезең:
Алдымен  үш топқа сұрақ қоямын.
1.  Ыбырай туып-өскен жері, жастық шағы туралы не білесіңдер?
2.  Білім беру саласында Ыбырай қандай істер атқарды?
3.  Ыбырай шығармаларының мазмұны жайлы өз ойларыңды айт.
  Оқушылар жауабынан кейін   тақырыпты қысқаша қорытындылап, тақырыптың негізгі мәселелеріне тоқталып өтемін.
Бағалау:
Үй тапсырмасы:
1. 37-параграфты оқу.


Екінші бөлімді қайталау үшін сұрақтар мен тапсырмалар
1.Адамның пайда болуы туралы діни түсініктерді әңгімелеп беріңдер.
2.Алғашқы адамдар қашан және қай жерде пайда болған? Олар қалай тіршілік еткен?
3. Тас дәуірі қай уақытты қамтиды? Тас дәуірінің кезеңдерін сипаттап шығыңдар.
4.Қола дәуірінің басты ерекшеліктерін атап шығыңдар.
5.Сақтар тарихта қандай атаулармен белгілі болды, ол туралы деректер келтіріңдер? Сақтардың негізгі шаруашылығы туралы әңгімелеп айтып беріңдер.
6.Мөде шаньюйдік гщ мемлекетін құрудагы рөлі қандай? Құдіретті ғұн мемлекетінің ыдырауына қандай жағдайлар себеп болды?
7. «Түрік» атауы қандай мағынаны білдіреді? Көне түркі жазулары қалай зерттпеліп, ғылымға танылды?
8.   Ұлы Жібек жолы қалай қалыптпасты? Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Қазақстан қалалары туралы әңгімелеп айтып беріңдер.
9.  Неліктен әл-Фарабиді «екінші ұстаз» деп атайды? Сендер тагы басқа қандай ежелгі қазақ елінің ғалымдарын білесіңдер?
10.Ортатсырлық Қазақстан қалаларының сауда- экономикалық байланыстардағы рөлін сипаттап айтып беріңдер.
11.  Қазақ халқының қалыптасуында қандай тайпалар маңызды рөл атқарды?
12. Қазақ хандығы қалай құрылды? Оның негізін салған хандар кімдер?
13.  Қазақта ханды сайлауда қандай дәстур сақталды? Қазақтың қандай атақты хандарын білесіңдер?
14. Билер қандай әлеуметтік топқа жатады? Олар қандай қызмет атқарды?
15.Қазақтар мен жоңғарлар арасында болған қандай ірі шайқастарды білесіңдер? Қазақ батырларының қазақ-жоңғар соғыстары кезіндегі ерліктері туралы әңгімелеңдер.
16.  Еліміздің Ресей бодандығын қабылдауына қандай жағдайлар себеп болды?
17. Абылайдың қазақ шекарасы мен қазақ хандығын нығайтудағы атқарған қызметі қандай?
18. Кенесары Қасымұлы, Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы басқарған ұлт- азаттық көтерілістердің себебі, қозғаушы күштері кімдер болды?
19.  Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев қазақ даласында ғылым, білімнің дамуына қосқан үлесі қандай?
20. Абайдың қандай әндерін білесіңдер?


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог
Салақтық. Ы.Алтынсарин.
"Дала жұлдызы" С.Мәуленов.
Алтынсарин – ағартушы, педагог
Ы. Алтынсарин – ағартушы, педагог
Қазақтың көрнекті ғалымы-Шоқан Уәлиханов
Ыбырай Алтынсарин - ағартушы, ұстаз
Ыбырай Алтынсарин
Алтынсарин әңгімелері
Ыбырай-шағын әңгіме шебері
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 3231 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык